Мемлекеттiк субсидиялау мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1000 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N 307 қаулысымен.

      Субсидиялар беру туралы мәселеге кешендi көзқарасты әзiрлеу, шаруашылық қызметтiң қандай да бiр саласында субсидиялау арқылы мемлекет қатысуының қажеттiлiгi өлшемдерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мемлекеттiк субсидиялау мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құрылсын:

Келiмбетов             - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы          және бюджеттiк жоспарлау министрi, төраға

Әйтекенов              - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Медiбайұлы        және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi,
                         төрағаның орынбасары

Ермекова               - Қазақстан Республикасының Экономика
Несiпбала Әбсағитқызы    және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
                         Салалық органдар шығыстарын жоспарлау
                         департаментi директорының орынбасары,
                         хатшы

Нығматулин             - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Нұрлан Зайроллаұлы       коммуникациялар вице-министрi

Мамин                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Ұзақбайұлы         және сауда бiрiншi вице-министрi

Ойнаров                - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Азамат Рысқұлұлы         министрi

Айманбетова            - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Гүлбану Зарлыққызы       Төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)

Мусина                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Лилия Сәкенқызы          шаруашылығы вице-министрi

Оразбаев               - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бiрлiк Есiркепұлы        және минералдық ресурстар вице-министрi

Әбдiқалықова           - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы        халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi

      2. Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен субсидиялар беру туралы мәселеге кешендi көзқарас жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлесiн және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiн iстелген жұмыс туралы хабардар етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi комиссияның жұмыс органы болып белгiленсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады