Қазақстан Республикасының білім беру және мәдениет ұйымдарын атау мен қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қазандағы N 1021 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртібiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес және Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 1-қосымшаға сәйкес бiлiм беру және мәдениет ұйымдарына есiмдер берiлсiн.

      2. 2-қосымшаға сәйкес бiлiм беру және мәдениет ұйымдары қайта аталсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 

            Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 3 қазандағы 
N 1921 қаулысына   
1-қосымша       

Көрнектi тарихи тұлғалардың, белгiлi мемлекет және қоғам қайраткерлерiнiң, Кеңес Одағы Батырларының, Социалистiк Еңбек Ерлерiнiң, жазушылардың, өнер қайраткерлерiнiң, жаттықтырушылардың, ұстаздардың, ғалымдардың есiмдерi берiлген бiлiм беру және мәдениет ұйымдарының тiзбесi

Жамбыл облысы бойынша

      Тұрар Рысқұлов ауданының Тереңөзек ауылдық округiндегi Қайыңды орта мектебiне - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Райымбек Смайловтың есiмi;

Қостанай облысы бойынша

      Меңдiқара ауданындағы N 1 Боровской орта мектебiне - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Ахметқазы Шотаевтың есiмi;
      Сарыкөл ауданындағы Қараоба орта мектебiне - жазушы, педагог Бекет Өтетiлеуовтiң есiмi;

Қызылорда облысы бойынша

      Жалағаш ауданының Аққұм ауылындағы N 38 орта мектепке - Социалистiк Еңбек Ерi Алдаберген Бисеновтiң есiмi;
      Жаңақорған ауданының Аққорған ауылдық округiндегi N 209 орта мектепке - Кеңес Одағының Батыры Әнуар Әбутәлiповтiң есiмi;
      Қызылорда қаласындағы N 233 орта мектепке - Кеңес Одағының Батыры Жаппасбай Нұрсейiтовтің есiмi;
      Сырдария ауданының Н.Iлиясов ауылындағы N 132 орта мектепке - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Түймебай Айтбаевтiң есiмi;

Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша

      Шымкент қаласындағы N 12 мектеп-интернатқа - белгiлi педагог, Социалистiк Еңбек Ерi Маржан Тасованың есiмi;
      Арыс қаласының Монтайтас ауылдық округiндегi Шағыр орта мектебiне - қоғам қайраткерi Абылай Тiлеубердиннiң есiмi;
      Арыс қаласының Задария ауылдық округiндегі Арыс орта мектебiне - жазушы Садықбек Адамбековтiң есiмi;
      Созақ ауданының Қыземшек кентiндегi СУ-17 орта мектебiне - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Ләнде Бөкеновтiң есiмi;
      Түркiстан қаласындағы олимпиада резервiн дайындау жөнiндегi балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектебiне - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы, профессор Әбдiсалан Нұрмахановтың есiмi;

Павлодар облысы бойынша

      Качиры ауданындағы N 3 Қашыр орта мектебiне - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Қатша Оспанованың есiмi;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

      Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетiне - белгiлi ғалым лингвист, профессор Сәрсен Аманжоловтың есiмi;
      Семей қаласындағы N 33 орта мектепке - Қазақстан Республикасының Халық қаhарманы Қайрат Рысқұлбековтың есiмi;

Астана қаласы бойынша

      Оқушылар сарайына - ақын Махамбет Өтемiсұлының есiмi;

Алматы қаласы бойынша

      Алмалы ауданындағы N 39 орта мектепке - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген өнер қайраткерi, кинорежиссер Сұлтан-Ахмет Қожықовтың есiмi;
      Алмалы ауданындағы N 120 орта мектепке - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген өнер қайраткерi, кинорежиссер Мәжит Бегалиннiң есiмi;
      Медеу ауданындағы N 30 мектеп-гимназиясына - жазушы Дмитрий Снегиннiң есiмi;
      Медеу ауданындағы N 64 орта мектепке - 73-гвардиялық Қызыл Тулы Сталинград-Дунай атқыштар дивизиясы атауы;
      Әуезов ауданындағы N 41 орта мектепке - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген өнер қайраткерi, кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың есiмi;
      Бостандық ауданындағы N 92 орта мектепке - Махатма Гандидiң есiмi.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 3 қазандағы 
N 1021 қаулысына   
2-қосымша       

Қайта аталатын бiлiм беру және мәдениет ұйымдарының
тiзбесi

Ақмола облысы бойынша

      Көкшетау қаласындағы N 3 "Зайчик" мектеп-балабақшасы - "Ер Төстiк" мектеп-балабақшасы;

Қызылорда облысы бойынша

      Қызылорда қаласындағы "Бумажник" мәдениет үйi - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген әртiсi Мәдина Ералиева атындағы мәдениет үйі;
      Шиелi ауданының Сұлутөбе ауылындағы N 41 M. Ломоносов атындағы орта мектебi (ауданда M. Ломоносов атында екi мектептiң болуына байланысты) - қоғам қайраткерi Мұстафа Шоқай атындағы орта мектеп;
      Сырдария ауданының Тереңөзек кентiндегі "Арман" кинотеатры - белгiлi кинорежиссер Сұлтан-Ахмет Қожықов атындағы кинотеатр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады