Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың топтары бойынша бiр қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығындардың нормативi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 6 қазандағы N 1026 қаулысы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңы 9-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған 2003 жылға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың топтары бойынша бiр қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығындардың нормативi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің     
2003 жылғы 6 қазандағы
N 1026 қаулысымен  
бекiтiлген    

2003 жылға арналған республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың топтары
бойынша бiр қызметкерге жұмсалатын ағымдағы
шығындардың нормативi*

___________________________________________________________________
                                    |   Жылына бiр қызметкерге
                                    |     жұмсалатын ағымдағы
                                    |    шығындардың нормативi
                                    |            теңге
___________________________________________________________________
                                    |Мемлекеттiк     |Мемлекеттiк
                                    |органның        |органдардың
                                    |(ведомстволарын |аумақтық
                                    |қоса алғанда)   |бөлiмшелерi
                                    |орталық         | үшiн
                                    |аппараты үшiн   |
___________________________________________________________________
               1-топ

Қазақстан Республикасы Президентiнің
Әкiмшiлiгi                           1 273 000
Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Соты                                 1 513 000        405 000
Қазақстан Республикасының Бас
прокуратурасы                        878 000          562 000
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнің Кеңсесi          1 050 000
Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесi                1 686 000
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөнiндегi
есеп комитетi                        1 719 000
Қазақстан Республикасы
Парламентiнің Шаруашылық басқармасы  2 668 327
Қазақстан Республикасының Орталық
сайлау комиссиясы                    1 094 348
Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық
орталық                              1 050 000
Қазақстан Республикасы
Президентiнің Іс басқармасы          756 000

               2-топ                 768 000          405 000
           мынадан басқа:
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк сатып алу жөніндегi
агенттiгi                            914 000

               3-топ                 609 000          405 000
          мыналардан басқа:

Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi                          547 000          441 000
Қазақстан Республикасының Экономика
және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi 547 000
Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлiгi              609 000          407 450
Қазақстан Республикасының Бiлiм
және ғылым министрлігі               686 000
Қазақстан Республикасының Статистика
жөніндегi агенттігі (ауылдық
округтердегi статистиктердi ұстауға)                  233 000
Қазақстан Республикасының Табиғи
монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөніндегi
агенттiгi                            741 000          405 000
Қазақстан Республикасының Қаржы
полициясы агенттiгi                  630 521          447 926

               4-топ

Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөніндегi агенттiгi        633 000          405 000
Қазақстан Республикасының Iшкi
iстер министрлiгi                    609 000          308 000
Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлiгi:
      орталық аппарат                632 000
      қорғаныс iстерi бойынша
      облыстардың департаменттерi
      (аудандар мен қалалардың
      басқармалары мен бөлiмдерi)                     270 000
___________________________________________________________________

      *2003 жылға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың топтары бойынша бiр қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығындардың нормативi мемлекеттiк органдар қайта ұйымдастырылған жағдайда берiлетiн қаржы қаражатының сомасын анықтау үшiн де қолданылады.

2003 жылға арналған  
Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын   
мемлекеттiк органдардың
топтары бойынша бiр  
қызметкерге жұмсалатын
ағымдағы шығындардың 
нормативiне     
1-қосымша       

2003 жылға бiр қызметкерге жұмсалатын ағымдағы
шығындардың нормативін айқындау үшін топтары бойынша
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк
органдардың тiзбесi

1-топ
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi
      Қазақстан Республикасы Парламентiнің Шаруашылық басқармасы
      Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
      Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы

2-топ
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi
      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігi
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгi
      Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі
      Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөнiндегi агенттiгi

3-топ
      Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi
      Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігi
      Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi
      Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
      Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi
      Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігі
      Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
      Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі
      Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi

4-топ
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi

2003 жылға арналған  
Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын   
мемлекеттiк органдардың
топтары бойынша бiр  
қызметкерге жұмсалатын
ағымдағы шығындардың 
нормативiне     
2-қосымша       

2003 жылға арналған республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың бiр
қызметкерiне жұмсалатын нормативке енетiн
ағымдағы шығындардың тiзбесi

      Жалақы
      Қосымша ақшалай төлемдер
      Өтемақы төлемдерi
      Жұмыс берушiлердің жарналары
      Азық-түлік өнімдерiн сатып алу
      Дәрi-дәрмектер мен өзге де медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алу
      Мүлiктік заттар мен басқа да нысанды және арнаулы киiм-кешектер сатып алу, тігу және жөндеу
      Ерекше жабдықтар мен материалдар сатып алу
      Іссапар шығыстары
      Yй-жайларды жалдау ақысы
      Өзге де тауарларды сатып алу
      Коммуналдық қызметтер көрсетуге ақы төлеу
      Байланыс қызметтерiн көрсетуге ақы төлеу
      Көлiктiк қызметтер көрсетуге ақы төлеу
      Электр энергиясына ақы төлеу
      Жылуға ақы төлеу
      Ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негiзгi құралдарды ұстау, оларға қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу
      Атқарушы құжаттарды орындау
      Ерекше шығыстар
      Мемлекеттiк тапсырыс шеңберінде көрсетiлетiн қызметтерден басқа, өзге де қызметтер көрсету
      Жеке тұлғаларға берілетiн трансферттер
      Өзге де ағымдағы шығыстар
___________________________________________________________________
      *Тiзбе бойынша ағымдағы шығындар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнің 2001 жылғы 17 қаңтардағы N 19 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының бюджетi шығыстарының экономикалық жiктемесi ерекшеліктерінің құрылымына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады