Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.05 N 457 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi, " Экологиялық сараптама туралы " 1997 жылғы 18 наурыздағы және " Қоршаған ортаны қорғау туралы " 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 43-жолмен толықтырылсын:
"43. Қазақстан табиғат қорғауды жобалау,
Республикасының Қоршаған нормалау және экологиялық
ортаны қорғау министрлiгi сараптау саласындағы жұмыстар".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 8 қазандағы
N 1039 қаулысымен
бекiтiлген
Табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Бiлiктiлiк талаптары табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөнiндегi қызметке лицензия алуға үмiткер заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) қолданылады.
Мынадай қызмет лицензиялау объектiсi болып табылады:
табиғат қорғауды жобалау - "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптауға жататын қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануға қатысты жоспарлау, жоспарлау алдындағы және жобалау құжаттамасының, өзге де материалдар мен құжаттардың не олардың жекелеген бөлiмдерi мен бөлiктерiнiң барлық түрлерiн әзiрлеу;
табиғат қорғауды нормалау - "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптардың барлық түрлерiн әзiрлеу;
экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар - штаттан тыс сарапшылардың және заңды тұлғалардың (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң) экологиялық сараптау объектiсiнiң материалдары бойынша ескертулер мен ұсыныстарды дайындауға және мамандандырылған мәселелердi пысықтауға байланысты жұмыстарды орындауы;
Бiлiктiлiк талаптарының сақталуын бақылау лицензиаттың жыл сайын лицензияны алу күнiне оның бiлiктiлiк талаптарын растайтын құжаттар мен материалдарды тапсыруын қамтиды.
1. Табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға арналған қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Бiлiктiлiк талаптары мыналардың:
1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушiнiң басшысында (орынбасарында) жоғары кәсiптiк немесе орта кәсiптiк бiлiмiнiң немесе ғылыми дәрежесiнiң;
жеке тұлға үшiн - тиiстi жоғары кәсiптiк бiлiмiнiң немесе ғылыми дәрежесiнiң және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажының;
2) мынадай:
тиiстi жоғары кәсiптiк бiлiмi немесе ғылыми дәрежесi және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажы бар инженерлiк-техникалық және ғылыми қызметкердiң;
табиғат қорғауды жобалау және нормалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандардың;
3) тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның:
аспаптармен және жабдықпен жарақталған тiркелген мамандандырылған зертханалардың не көрсетiлген зертханалары бар ұйымдардың талдамалы жұмыстарды (қызметтер көрсетудi) орындауы туралы шарттардың;
есептiк материалдарды жасау мен ресiмдеуге қажеттi ұйымдастыру техникасының және электрондық техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң;
4) жұмыстың сұрау салатын түрлерi бойынша нормативтiк-құқықтық кесiмдердiң, техникалық және әдiснамалық құжаттаманың, ғылыми-анықтамалық әдебиеттiң болуын қамтиды.
2. Экологиялық сараптау саласындағы жұмыстарды
лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Бiлiктiлiк талаптары мыналардың:
1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушiнiң басшысында (орынбасарында) жоғары кәсiптiк бiлiмiнiң немесе ғылыми дәрежесiнiң және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үш жылдан кем емес практикалық тәжiрибесiнiң;
жеке тұлға үшiн - тиiстi жоғары кәсiптiк бiлiмiнiң немесе ғылыми дәрежесiнiң, мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажының және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үш жылдан кем емес практикалық тәжiрибесiнiң;
2) мынадай:
тиiстi жоғары кәсiптiк бiлiмi немесе ғылыми дәрежесi және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажы бар инженерлiк-техникалық және ғылыми қызметкердiң;
табиғат қорғауды жобалау және нормалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандардың;
3) тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның:
сараптамалық қорытындыларды жасау мен ресiмдеуге қажеттi ұйымдастыру техникасының және электрондық техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң;
4) жұмыстың сұрау салынатын түрлерi бойынша нормативтiк-құқықтық кесiмдердiң, техникалық және әдiснамалық құжаттаманың, ғылыми-анықтамалық әдебиеттiң болуын қамтиды.