Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 2021 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қазандағы N 1046 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 612 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.10.2016 № 612 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 2021 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 576-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) тақырыбындағы және 1-тармақтағы "қызметкерлер" деген сөзден кейін ", тұлғалар" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Ұлттық Банктiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдарға Техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер, тұлғалар лауазымдарының тiзбесiнде көрсетiлген лауазымдардың атауларына олардың қызметiнiң ерекшелiгiн сипаттайтын арнайы қосымша атауларды, сондай-ақ бас, жетекшi, аға деген атауларды қолдануға құқық берiлсiн.";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер лауазымдарының тiзбесiнде:
      тақырыбындағы "қызметкерлер" деген сөзден кейiн ", тұлғалар" деген сөзбен толықтырылсын;
      "Ауысымдардың, станциялардың, тораптардың, учаскелердiң, бөлiмшелердiң, экспедициялардың бастығы" деген жол "экспедициялардың" деген сөзден кейiн ", құндылықтар сақтау қоймасының" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Мұрағаттардың, кiтапханалардың, бюро (анықтама, көшiру-көбейту машинкамен басу, ақпараттық), топ, кабинет, лаборатория, шеберхана, қабылдау, пункт, қойма, шаруашылық меңгерушiсi" деген жол "шаруашылық" деген сөзден кейiн "мұражай, касса, сақтау қоймасы (құндылықтарды), өндiрiс" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Инспектор" деген жол "(ic қағаздарын жүргiзу жөнiндегi, рұқсаттама бюросы, өткiзу режимi, касса жұмысы жөнiндегi, инкассация бөлiмi)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Механик (дыбыстық жабдықтарға, тарату техникаларына, теледидар жабдықтарына қызмет көрсету жөнiндегi)" деген жолдағы "қызмет көрсету" деген сөздерден кейiн "дизельдiк, касса жабдықтарына қызмет көрсету" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Оператор (бейне жазудың, дыбыс жазудың, көшiру-көбейту машиналарының, телетайптың, телефакстың, телекстiң, радионың. Электрондық-есептегiш машиналарының, компьютерлiк техникалардың (бағдарламалардың), компьютерлiк қондырғыларға қызмет көрсету жөнiндегi)" деген жолдағы "қондырғыларға" деген сөзден кейiн ", байланыс, қауiпсiздiк қызметi жүйелерiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Хатшы (-машинистка, -стенографистка, соттың)" деген жолдағы "соттың" деген сөзден кейiн ", басшының" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Нормативтiк құқықтық кесiмдердi жүйелеуді жүзеге асыратын бөлiмшенiң басшысы мен қызметшiлері*
      Дилинг операцияларын, монетарлық қызметтi жүзеге асыратын, монетарлық операциялар бөлiмшесiне техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн басшылар мен қызметшiлер*
      Көмекшi бухгалтерлiк есептi жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
      Ұлттық Банк органдарының қызметi мен басшылығын ақпараттық-ұйымдық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын қызметшiлер*
      Тұтастай алғанда ақпараттық жүйелердi, телекоммуникация мен байланыс жүйелерiн жобалауды, стандарттауды, сүйемелдеудi, әкiмшiлендiрудi, енгiзудi және олардың жұмыс iстеуiн жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
      Қаржылық есеп айырысуларды жүзеге асыратын және қызметкерлердi уәждеудi қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
      Шаруашылық бөлiмшесiнiң басшылары мен қызметшiлері*
      Құжат айналымын, құжаттарды мемлекеттiк немесе басқа тiлдерге аударуды қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
      Эмиссиялық-кассалық операцияларды, қолма-қол ақшаны сараптауды жүзеге асыратын және банкноттар мен монеталардың дизайны бойынша маркетингтi және шешiмдердi iске асыруды қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң (қызметтердiң) басшылары мен қызметшiлерi*
      Халықаралық және шетелдiк ұйымдармен өзара iс-қимылдар үшiн сапарлар, хаттамалық iс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн бөлiмшенiң қызметшiлерi*
      Корреспонденттiк қатынастар мен төлемдердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
      Бюджеттi жоспарлауды қамтамасыз ететiн бөлiмшенiң қызметшiлерi*
      Жұмылдыру жұмысын, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын, сондай-ақ режимдiк объектiлерде iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң (қызметтердiң) басшылары мен қызметшiлерi*
      Ақпараттық, өрт қауiпсiздiгiн және техникалық қорғауды қамтамасыз ететiн қызметшiлер*
      Қымбат металдарға қызмет көрсетудi және оларды сақтауды, химиялық талдаулар мен сараптау жүргiзудi қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
      Банктiк құндылықтар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын және сақтауды қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
      Техникалық, әкiмшiлiк-шаруашылық, медициналық қызмет көрсетудi, материалдық-техникалық қамтамасыз етудi, жылумен жабдықтауды және энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
      Мұражай жұмысын қамтамасыз ететiн қызметшiлерi*
      Қоғамдық тамақтану бөлiмшелерiнiң басшылары мен қызметшiлерi*
      Өндiрiстiк қызметтi экономикалық жоспарлауды жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
      Өндiрiстiк бөлiмшенiң басшылары мен қызметшiлерi*
      Өндiрiстiң техникалық дайындығын жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
      Өндiрiстiк, энергетикалық, желдеткiш, жылу-техникалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсетудi және пайдалануды жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
      Цехтардың басшылары мен қызметшiлерi*
      Шикiзат, материалдар, жартылай фабрикаттар, дайын өнiм сапасын лабораториялық бақылауды қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*";
      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "Ескерту: *осы техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын тұлғалардың атауы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдар үшiн көзделген".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады