Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 612 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 24 қазандағы
№ 612 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер, тұлғалар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 2021 қаулысы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 576-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 2021 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1665 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 435-құжат).
      3. «Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер, тұлғалар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 2021 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1665 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 5, 100-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады