"Инжиниринг" және технологиялардың трансферті орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қазандағы N 1064 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) Директорлар кеңесiнiң мынадай құрамда:
      Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, төраға
      Анарқұлов Марат Әбдешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi
      Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
      Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары
      Сақыпова Нұрғайша - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқықтары жөнiндегi комитетiнiң төрайымы
      Кыпшақбаев Әбдел Исаұлы
      2) Әбдел Исаұлы Қыпшақбаевтың Қоғамның президентi болып сайлануын қамтамасыз етсiн.
      ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2004.07.26. N 791 қаулысымен , 2004.08.03. N 827 қаулысымен , 2005.03.19. N 250 қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады