Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 шілдедегі N 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1081 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1132 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi N 983  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 340-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ережеде:
      10-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру.";
      11-тармақта:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) Министрлiктiң аумақтық органдарының қызметiн үйлестiру, медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге және мүгедектердi оңалтуға ұйымдық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау, республикадағы мүгедектiктi ақпараттық-статистикалық талдау;";
      мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 10-3), 10-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10-1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында, оның iшiнде медициналық-әлеуметтiк сараптама саласында нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу;
      10-2) мүгедектердi әлеуметтік қорғау саласында кешендi бағдарламалар әзiрлеу;
      10-3) барлық санаттағы мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсету протездiк-ортопедиялық көмек көрсету, есту протездерiмен және тифлотехникамен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер, әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу;
      10-4) облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының (департаменттерінің) және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау;".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады