"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" ашық акционерлік қоғамы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ) және олармен аффилиирленген "Өзенмұнайгаз" және "Ембімұнайгаз" ашық акционерлік қоғамдарының заңды тұлғалары оларды сатып алуға 2004 жылы 3 250 000 000 (үш миллиард екі жүз елу миллион) теңге сомасында көздеген қаражат шегінде сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды - МБУ-125 ұтқыр бұрғылау қондырғысының бес бірлігін және оның түрлерін жеткізуші болып айқындалсын. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.25. N 367 қаулысымен .
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ"-тың осы қаулыдан туындайтын шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдауын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі