"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қамау түрiндегi жазалау, сондай-ақ өмiр бойы бас бостандығынан айыруды қолданысқа енгiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 1094 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қамау түрiндегi жазалау, сондай-ақ өмiр бойы бас бостандығынан айыруды қолданысқа енгізу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қамау түрiндегi жазалау, сондай-ақ өмiр бойы бас бостандығынан айыруды қолданысқа енгiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының мынадай заң актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 212-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат, 2002 ж., N 18, 158-құжат):
      4-бапта:
      "жазалар" деген сөз "жаза" деген сөзбен ауыстырылсын;
      ", сондай-ақ өмiр бойы бас бостандығынан айыру" деген сөздер алынып тасталсын;
      "жазалаудың осы түрлерiн" деген сөздер "жазалаудың осы түрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бiрақ" деген сөзден кейiн "2003" деген сандар "2008" деген сандармен ауыстырылсын;
      "2003 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздерден кейiн ", өмiр бойы бас бостандығынан айыру туралы ережелерi 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексiн күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына : (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 338-құжат, 2000 ж., N 6, 141-құжат):

      4-бапта:
      "бостандығын шектеу және" деген сөздер алынып тасталсын;
      "жазалар" деген сөз "жаза" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "жазалаудың бұл түрлерiн" деген сөздер "жазалаудың бұл түрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "2003" деген сандар "2008" деген сандармен ауыстырылсын;
      ", бас бостандығын шектеу түрiндегi жаза туралы - 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап, өмiр бойы бас бостандығынан айыру туралы - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi" деген сөздермен толықтырылсын.

      Қазақстан Республикасының
           Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады