Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге қол қоюы туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 1096 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiге және Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактiге қол қоюы туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiге және Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактiге қол қоюы туралы" Жарлығының жобасы туралы" 2003 жылғы 11 сәуiрдегi N 349 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы Қазақстан Республикасының Азаматтық және
саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге
және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени
құқықтар туралы халықаралық пактіге қол қоюы туралы

      Қазақстан Республикасында адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарын нығайту және оның демократиялық қағидаттарға адалдығын растау мақсатында қаулы етемін:

      1. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1966 жылғы 16 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында қабылдаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiге және Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактiге (бұдан әрi -
Пактiлер) қол қойылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкiлi Ержан Қозыұлы Қазыхановқа Пактiлерге қол қоюға және оларды бекiту кезiнде қосымша түсiнiктер тұжырымдау мүмкiндiгi туралы мәлiмдеуге өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Ержан Қозыұлы Қазыхановқа Пактiлерге қол қоюға өкiлеттiктер сертификатын берсiн.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады