Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердің 2004 жылға арналған номенклатурасы мен олардың көлемi (пайызбен көрсеткенде) туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 1114 қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасы бекiтiлсiн.

      2. Конкурстарды ұйымдастырушылар осы қаулыға қосымшада санамаланған тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi өндiретiн ұйымдардан мемлекеттiк сатып алуды осы тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың жалпы көлемiнiң 30 пайызынан кем емес көлемде заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2003 жылғы 7 қарашадағы
N 1114 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық
бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен көрсетiлетiн
қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты
ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен көрсетiлетiн
қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасы

      1. Азық-түлiк тауарлары:
      1) нан, нан-тоқаш өнiмдерi;
      2) макарон өнiмдерi;
      3) консервiленген ет;
      4) шұжық өнімдері.
      2. Азық-түлiкке жатпайтын тауарлар:
      1) тiгiн өнiмдерi;
      2) тоқыма өнеркәсiбiнiң өнiмдерi;
      3) арнайы киім;
      4) терiден тiгiлген киiмдер және оның керек-жарақтары, терi бас киiмдер;
      5) төсек-орын керек-жарақтары;
      6) электр-техникалық бұйымдар;
      7) көлік құралдары, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлар үшін қосалқы бөлшектер (сүзгiштер, электр сымдары, щөткелер);
      8) пластмасса, металл, былғары бұйымдары;
      9) мал байлайтын шынжыр;
      10) рабица торкөзi;
      11) тұрмыс, мектеп және кеңсе жиhазы;
      12) кеңсе тауарлары;
      13) құрылыс материалдары:
      тротуар тақталары;
      ағаш бұйымдары;
      шегелер;
      терезе және есiк жақтаулары;
      14) қылқалам-щөтке бұйымдары;
      15) тығындау бұйымдары;
      16) қатырма қағаз бұйымдары.
      3. Қызмет көрсетулер:
      1) аяқ киiм тiгу және жөндеу;
      2) полиграфиялық;
      3) салт-ғұрыптық;
      4) жарнама-ақпарат, баспа қызметтерiн көрсету;
      5) күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады