Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияның қолданылуын жаңарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 1116 қаулысы

      "Приозерный разрезi" қазақстан-ресей компаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң 1999 жылғы 10 қыркүйектегi сериясы АИ N 163Д Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды туындатқан себептердi жоюына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Приозерный разрезi" қазақстан-ресей компаниясы" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгiне Қостанай облысындағы Приозерный қоңыр көмiр кен орнын өндiруге Қазақстан Республикасының Үкiметi 1999 жылғы 10 қыркүйекте берген сериясы АИ N 163Д Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияның қолданылуы жаңартылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi белгiленген тәртiппен осы қаулыға сәйкес көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушыға лицензияның қолданылуын жаңарту туралы хабарлама дайындасын және жiберсiн.
      3. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 наурыздағы N 292 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады