GZ-75 тапаншаларының импортына рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қарашадағы N 1133 қаулысы

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының
1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Victory LTD" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне (бұдан әрi - "Viсtоry LTD" ЖШС) "Victory LTD" ЖШС мен "Banzai ltd" фирмасы (Чехия Республикасы) арасында жасалған 2003 жылғы
20 наурыздағы N V02/2003 келiсiм-шартқа сәйкес 100 дана мөлшерде GZ-75 (СЭҚ ТН коды 930100000) тапаншаларының импортына рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен "Viсtоrу LTD" ЖШС-ға осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген GZ-75 тапаншаларының импортына лицензия берсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғарыда көрсетiлген өнiмдi бақылау мен кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады