"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 28 қыркүйектегi N 691 Жарлығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қарашадағы N 1134 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 28 қыркүйектегi N 691 Жарлығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба        

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылғы 28 қыркүйектегi N 691 Жарлығына
өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

      Қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 28 қыркүйектегi N 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 32, 421-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы ережеде:
      20-тармақтағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгi" деген сөздер "Ақпарат министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның дербес құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Тасмағамбетов             - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
Иманғали Нұрғалиұлы         хатшысы, төраға,

Павлов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Александр Сергеевич         Министрiнiң бiрiншi орынбасары,
                            төрағаның орынбасары,

Абдрахманов Сауытбек      - Қазақстан Республикасының Ақпарат
                            министрi,

Қалетаев                  - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Дархан Аманұлы              Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң
                            меңгерушiсi,

Қасейiнов                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дүйсен Қорабайұлы           министрi,

Құлекеев                  - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Жақсыбек Әбдiрахметұлы      Ғылым министрі;

      мына:

"Тоқаев                   - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
Қасымжомарт Кемелұлы        хатшысы - Қазақстан Республикасының
                            Сыртқы iстер министрi, төраға,

Асқаров                   - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
Әлiбек Асылбайұлы           және қоғамдық келiсiм министрлiгi
                            департаментiнiң директоры, хатшы"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Тоқаев                   - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Қасымжомарт Кемелұлы        министрi,

Асқаров                   - Қазақстан Республикасы Ақпарат
Әлiбек Асылбайұлы           министрлiгі департаментiнiң директоры,
                            хатшы";

      көрсетiлген құрамнан: Мұхаметжанов Бауыржан Әлiмұлы, Беркiмбаева Шәмша Көпбайқызы, Қанешев Бiржан Бисекенұлы, Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы, Смайылов Камал Сейiтжанұлы шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады