Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 1224 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қарашадағы N 1135 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Көкшетау қаласы әкімінің Көкшетау қалалық су құбыры және кәріз басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 1224 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) конкурстық массаны сатудан түскен қаражат жеткіліксіз болған жағдайда сатып алушының екінші кезектегі кредиторлардың талаптарын өтеу жөніндегі міндеттемелерді қабылдауы;".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады