Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi мен Салық комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1142 қаулысы

      Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына жедел қызмет көрсету, сондай-ақ салықтық әкiмшiлiк жүргiзудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Қарағанды облыстық қазынашылық басқармасының Сәтпаев қалалық бөлiмi" (бұдан әрi - қалалық бөлiм), "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Сәтпаев қаласы бойынша Салық комитетi" (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.

      2. Қалалық бөлiмдi және Комитеттi қаржыландыру тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 сәуiрдегi N 314 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi мен Салық комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерiнiң штат саны лимиттерiнiң шегiнде қалалық бөлiм мен Комитеттiң штат санының лимиттерiн анықтау жөнiндегi;
      2) қалалық бөлiм және Комитет туралы ережелердi бекiту және олардың әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады