"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қарашадағы N 1154 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлеріне байланыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, бап. 37; N 12, бап. 88; N 14, бап. 93;  N 15-16, бап. 109; N 24, бап. 162; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 ж., N 8-9, бап. 236; 1997 ж., N 1-2, бап. 8; N 7, бап. 80; N 11, бап. 144, 149; N 12, бап. 184; N 13-14, бап. 195, 205; N 22, бап. 333; 1998 ж., N 14, бап. 201; N 16, бап. 219; N 17-18, бап. 222, 224, 225; N 23, бап. 416; N 24, бап. 452; 1999 ж., N 20, бап. 721, 727; N 21, бап. 787; N 22, бап. 791; N 23, бап. 931; N 24, бап. 1066; 2000 ж., N 10, бап. 248; N 22, бап. 408; 2001 ж., N 1, бап. 7; N 8, бап. 52, 54; N 13-14, бап. 173, 176; N 23, бап. 321; N 24, бап. 338; 2002 ж., N 2, бап. 17; N 15, бап. 151; N 19-20, бап. 165; 2003 ж., N 1-2, бап. 2; N 4, бап. 25; N 6, бап. 34, N 10, бап. 50, 51; N 11, бап. 69):
      9-баптың 5 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) теледидар және (немесе) жалпы республикалық магистральдық, халықаралық байланыс желiлерiнiң құрылысын жобалау, байланыс жолдары мен желiлерiн техникалық пайдалану жөнiндегi, байланыс саласындағы өндiрiс және қызмет көрсетулерiнiң берiлуi;";
      15-бап. Келесi мазмұндағы төртiншi бөлiммен толықтырылсын:
      "Байланыс саласындағы ұлттық ресурстардың пайдаланылуымен қызмет көрсетулерi жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметке қатысты лицензия конкурстық негiзде берiледi.".
      2. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат):
      12 тарауда:
      тақырыбындағы "және коммуналдық қызметтерге" деген сөздер ", коммуналдық қызметтерге және жергiлiктi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемдi ұлғайту бөлiгiнде байланыс қызметтерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      97-бапта:
      тақырыбындағы "және коммуналдық қызметтерге" деген сөздер ", коммуналдық қызметтерге және жергiлiктi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемдi ұлғайту бөлiгiнде байланыс қызметтерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "және коммуналдық қызметтердi тұтынуға" деген сөздер ", коммуналдық қызметтердi және жергiлiктi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемдi ұлғайту бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, бап. 173, 2000 ж., N 5, бап. 115):
      22-1-баппен келесi мазмұндағы толықтырулар енгiзiлсiн:
      "22-1-бап. Байланыс саласындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
      1. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн қорғау және ақпараттық оқшаулауды болдырмау мақсатында уәкiлеттi мемлекеттiк органдар шетелдiк инвесторларға берiлетiн кепiлдiктердi сақтай отырып, магистральдық байланыс желiлерiне, сондай-ақ шетелдiктердiң қатысуымен басқарылатын немесе ұйым меншiгiндегi телекоммуникация жүйелерiне басқару мен пайдалануды жүзеге асыратын ұйымның қызметiне бақылау жасауды осы Заңда айқындалған тәртiпте жүзеге асырады.
      2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың, карантиндердiң, өзге де төтенше жағдайлардың орын алғандағы ерекше кезеңдерiнде, Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн сақтау мақсатында байланыс желiлерiнiң үздiксiз және тұрақты пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қолға алу.
      3. Қазақстан Республикасының органдары мен лауазымды тұлғалары байланыс желiлерiнiң құрылысы, оларды пайдалану және дамыту мәселелерi бойынша шешiм қабылдау кезiнде Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн сақтау талаптарын басшылыққа алуға тиiс.
      4. Мыналарға тыйым салынады:
      1) шетелдiк жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға магистральдық байланыс желiлерiн басқаруға және пайдалануға;
      2) басқару орталығы Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан байланыс желiлерiн құруға;
      3) жеке және заңды тұлғалардың дауыс берушi акциялардың 10 %-нен асатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз магистральдық жүйелердi басқару және (немесе) пайдалану бойынша қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың үлестерiн, пайларын дербес немесе топ адамдардың құрамында жеке меншiкке сатып алу немесе басқа жолмен алуына;
      4) шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың жиынтығы 49%-дан асатын дауыс берушi акцияларын сондай-ақ байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестерiн, пайларын тiкелей және (немесе) жанама жолмен иемденуге, пайдалануға, билiк етуге және (немесе) басқаруға;
      5) Жедел-iздестiру шараларын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына жауап бермейтiн телекоммуникация желiлерiн пайдалануға беру.
      5. Байланыс саласында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi ұйымдардың қызметiне қатысу немесе акцияларын (үлесiн, пайын) иемдену бөлiгiндегi басқа шектеулер тек Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiледi.".
      4. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, бап. 214; 1999 ж., N 19, бап. 646; 2000 ж., N 3-4, бап. 66; 2001 ж., N 23, бап. 309; 2002 ж., N 23-24, бап. 193):
      4-баптағы 1 тармақтың 6) және 6)-1 тармақшалары келесi редакцияда жазылсын:
      "6) техникалық мүмкiндiктiң болмауы себебiнен немесе экономикалық қолайсыздықтан осы қызмет көрсетулердi беретiн бәсекелестiк байланыс операторының болмаған жағдайындағы телекоммуникациялық қызмет көрсетулерi;
      6-1) телекоммуникация желiлерiн жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желiлерiне қосу мақсатында кабель арналары мен технологиялық мүлiктердi жалға немесе пайдалануға беру қызмет көрсетулерi.".
      5. "Бюджеттiк жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 ақпандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 7, бап. 225; N 20, бап. 731; 21, бап. 738; N 23, бап. 916, 928, 930; 2000 ж., N 21, бап. 395; 2001 ж., N 1, бап. 6; N 10, бап. 123; N 23, бап. 310; 2002 ж., бап. 351, N 18, бап. 160):
      7-баптың а) тармақшасы келесi абзацпен толықтырылсын:
      "қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының берiлуi үшiн төлем".
      6. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, бап. 168; 2002 ж., N 6, бап. 73, 75; N 19-20, бап. 171; 2003 ж., N 1-2, бап. 6; N 4, бап. 25; N 11, бап. 56; N 15, бап. 133):
      62-бап. Келесi мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы үшiн төлем";
      Келесi мазмұндағы 87-1-тараумен, 484-1, 484-2, 484-3, 484-4, 484-5 және 484-6 баптарымен толықтырылсын:
      87-1-тарау. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы үшiн төлем.
      484-1-бап. Жалпы ережелер
      1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы үшiн төлем (бұдан әрi - төлем) жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желiлерiнде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсыну құқығы үшiн алынады.
      2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын пайдалану құқығы (бұдан әрi - құқық) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген тәртiпте байланыс саласының уәкiлеттi органы берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
      484-2-бап. Төлеушiлер
      Төлем төлеушiлер заңнама актiсiмен белгiленген тәртiпте құқық алған жеке және заңды тұлғалар - байланыстың магистральдық операторлары болып табылады.
      484-3-бап. Төлем ставкалары
      Жылдық төлем ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      484-4-бап. Есептеу және төлем тәртiбi
      1. Төлемдi есептеудi жылдық ставкалар негiзiнде рұқсат құжаттарында көрсетiлген абоненттердiң санына сәйкес байланыс саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      2. Егер қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын беру кезеңi есептi салық кезеңiнде бiр жылдан кем болған жағдайда, төлем сомасы жыл бойынша есептелген төлем сомасын он екiге бөлу және жылдағы қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын берудiң тиiсiнше ай санына көбейту арқылы анықталады.
      3. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган жылдық төлем сомасы көрсетiлген хабарлама дайындайды және ағымдағы есептi кезеңде төлеушiге 20 ақпаннан кешiктiрмей жiбередi.
      4. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган құқықты куәландыратын рұқсат құжатын алған жағдайда, осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн салық төлеушi қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысына рұқсат берiлген айдан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктірмей төлем сомасы көрсетiлген хабарламаны салық төлеушiге жiбередi.
      5. Жылдық төлем сомасы бюджетке салық төлеушiнiң тiркеу есебi орыны бойынша тең үлестерде ағымдағы жылдың 20 наурызынан 20 маусымынан, 20 қыркүйегінен және 20 желтоқсанынан кешiктiрмей төленедi.
      6. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын алу кезiнде осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн рұқсат құжатын алған күннен кейiнгi кезектi мерзiм алғашқы төлем мерзiмi болып табылады.
      7. Осы төлем бойынша пеня мен айыппұлдарды өтеу есебiн жүргiзгеннен кейiн артық төленген төлем сомасы осы төлем бойынша алдағы төлемдер есебiне жатқызылады немесе салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның банктегi шотына аударылады.
      484-5-бап. Салық кезеңi
      Төлем бойынша салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.
      484-6-бап. Салық есептiлiгi
      1. Салық төлеушiлер жыл сайын салық органдарына салық төлеушiнiң жергiлiктi тiркелу есебi бойынша қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы үшiн төлем бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебi мен декларацияны табыс етедi.
      2. Ағымдағы төлемдер сомасының есебi есептi салық кезеңiнiң 15 наурызынан кешiктiрмей табыс етiледi.
      Құқықты осы Кодекстiң 484-4-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда салық төлеушi байланыс саласындағы уәкiлеттi орган жiберген хабарламаны алған айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей ағымдағы төлем сомасының есебiн табыс етедi.
      3. Декларация есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етіледі.
      2-бап. Осы Заң ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады