2003 жылға арналған республикалық бюджетте 802 "Ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындар үшiн жабдықтар лизингi" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген кредит алуға қарыз алушы банктi анықтау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 1164 қаулысы

      "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Агроөнеркәсiп кешенiне кредит берудiң және оны субсидиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 наурыздағы N 259 қаулысына сәйкес 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 802 "Ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындар үшiн жабдықтар лизингi" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен кредит алуға қарыз алушы банк болып "Сүт өңдеу" iшкi саласы бойынша - "Банк Каспийский" ашық акционерлiк қоғамы белгiленсiн:
      кредит сомасы - 167 000 000 (бiр жүз алпыс жетi миллион) теңге;
      кредит мерзiмi - 7 жыл.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, "Банк Каспийский" ашық акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) осы қаулыны iске асыру үшiн тиiстi шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады