Қазақстан Республиқасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1205 қаулысы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      IV "Шығындар" деген бөлiмiнде:
      2 "Қорғаныс" деген функционалдық тобында:
      208 "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi" деген әкiмшiсi бойынша:
      076 "Елдiң қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету" деген бағдарламасында:
      034 "Әскери бөлiмдердi дәрi-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы өнiмдермен қамтамасыз ету" деген кiшi бағдарламасындағы "500000" деген сандар "650000" деген сандармен ауыстырылсын;
      035 "Әскери бөлiмдердi жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету" деген кiшi бағдарламасындағы "2000000" деген сандар "1850000" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады