"Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3528 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 1221 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3528 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3528 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3528 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 23, 200-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын.
      2. Осы Жарлық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады