Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің арнайы мемлекеттік мұрағатын құру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің арнайы мемлекеттік мұрағатын құру туралы
"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің арнайы мемлекеттік мұрағаты құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті