Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы N 488 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1250 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2295 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы N 488 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 216-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Оларға қарсы алдын ала егулер жүргізілетін жұқпалы және паразиттік аурулардың тізбесінде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қызамық";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген жоспарлы алдын ала егілуге тиіс адамдардың топтарында:
      1) тармақшада "В" вирусты гепатиті" деген сөздерден кейін ", қызамық" деген сөзбен толықтырылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Алдын ала егулер жүргізу ережесіне қосымша:
      мынадай мазмұндағы 19-бағанмен толықтырылсын:
      "Қызамық";
      "12-15 ай" деген жолдағы 19-баған "+" деген белгімен толықтырылсын;
      "12 жас" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын;
"____________________________________________________________
       1       2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
_____________________________________________________________
15 жас (қыздар)                                            +
_____________________________________________________________".

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады