Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 22-бабының 2-тармағына және 23-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы функциялары мен өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне берiп;
2) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау мен тергеу жөнiндегi функциялары мен өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiне (қаржы полициясы);
қылмыстың жасалуына күдiктi әрi айыпталушы адамдарды ұстау және жазасын тергеу изоляторларында өтеп жатқан сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды орындау, сондай-ақ құжат iсiн жүргiзу және Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттарды беру жөнiндегi функциялары мен өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне берiп;
3) Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi оны Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi (қаржы полициясы) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегi комитетiн құруды қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитетiн таратсын;
3) Қазақстан Республикасының қайта ұйымдастырылатын және таратылатын мемлекеттiк органдарының штат санын қайта бөлудi қамтамасыз етсiн;
4) кеден органдарына жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру құқығын беру бөлiгiнде кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзсiн;
5) осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығының 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы)".
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi