"Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1299 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

"Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы "Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы" Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ведомостары, 2000 ж., N 7, 165-құжат) келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) мәтiндегi "уәкiлетті мемлекеттiк органмен", "уәкiлетті мемлекеттiк орган", "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер "уәкiлеттi органмен", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-бапта:
      1) тармақшада: "өкiлеттiктерiн" деген сөзден кейiн "стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын, "құзыреттiлiгі мен өкiлеттiктерiн" деген сөздер "заңдылығын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-1) тармақшасымен келесi мазмұнда толықтырылсын:
      "1-1) Қазақстан Республикасы өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесi - Қазақстан Республикасында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету бойынша субъектiлердiң, объектiлердiң және нормалардың жиынтығы;";
      2) тармақшада "уәкiлеттi" деген сөздiң алдында "стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада "стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер "стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын, "жүзеге асыратын" деген сөздер алып тасталсын;
      9) тармақшада "бақылау мен" деген сөздер алып тасталсын;
      10-1) тармақшасымен келесi мазмұнда толықтырылсын:
      "10-1) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесi - орындалуы өлшем құралдарының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтауға және растауға мүмкiндiк беретiн операциялар мен ережелердiң жиынтығы;";
      11-1) тармақшасымен келесi мазмұнда толықтырылсын:
      "11-1) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау - жеке дара данада шығарылған немесе әкелiнген өлшем құралдарының оларға өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету бойынша нормативтiк құжаттармен қойылатын талаптарға сәйкестiгiн белгілеу (растау);";
      14-1) тармақшасымен келесi мазмұнда толықтырылсын:
      "14-1) өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органмен белгiленген тәртiпте аттестатталған, аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң немесе мемлекеттік метрологиялық қызметтiң маманы;";
      15) тармақшада "оған уәкілетті органдар" деген сөздер "аккредиттелген заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын, "техникалық" деген сөзден кейiн "және метрологиялық" деген сөздермен толықтырылсын;
      16-1), 17-1) және 17-2) тармақшаларымен келесi мазмұнда толықтырылсын:
      "16-1) салыстыру - өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын зерттеудiң нәтижелерiн салыстыру;
      17-1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган - стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу бойынша жұмыстарды басқаруды iске асыратын мемлекеттiк орган;
      17-2) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор - өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүргiзу құқығына стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпте аттестатталған жеке тұлға;";
      3) 5-бапта:
      1 тармақта "Қазақстан Республикасында" деген сөздер алып тасталсын;
      2 тармақта:
      4) тармақшада "iргелi" деген сөз "ғылыми" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "сақтау және қолдану" деген сөздер "сақтау, қолдану және салыстыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшада "өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстерiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшада "белгiлейдi" деген сөзден кейiн ", өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн салыстыруды ұйымдастырады" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) тармақшада "кәсiби даярлауды" деген сөздер "бiлiктiлiгiн жоғарылату" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "13), 14) және 15) тармақшаларымен келесi мазмұнда толықтырылсын:
      "13) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында аккредиттеудi және лицензиялауды iске асырады, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында аккредиттеуге жататын жұмыстардың тiзiмiн анықтайды;
      14) өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификаттардың (өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификаттардың көшiрмелерi) нысандарын белгiлейдi;
      15) салыстырып тексеру таңбаларын дайындаудың, сақтаудың және қолданудың тәртiбiн белгiлейдi;
      16) ведомстволық сыйлықтар ұйымдастырады.";
      4) 6-бапта 2) тармақшада "эталондары" деген сөзден кейiн ", шама бiрлiктерiнiң эталондары" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 7-бапта: "өлшем құралдары" деген сөздер "шама бiрлiктерiнiң эталондары, өлшем құралдары, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi" деген сөздермен ауыстырылсын, "нормативтi құжаттары" деген сөздер алып тасталсын, "өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету бойынша жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк басқарма органдарының метрологиялық қызметтерiнiң қызметi" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 7-1 және 11-1 баптарымен толықтырылсын:
      "7-1 бабы. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесінің субъекттерi
      Өлшем бiрлiгін қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң субъекттерi өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында қызметтi iске асыратын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
      11-1-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi
      1. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi өлшем құралдарының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгін анықтау және растау үшiн пайдаланылады және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде мiндетті тiркеуге жатады.
      2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерiн дайындау, бекiту және қолдану тәртiбiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган анықтайды.";
      7) 12-бапта:
      1 тармақта "бақылау мен" деген сөздер шығарылсын;
      2 тармақта "әзiрлеу және" деген сөздерден кейiн "метрологиялық" деген сөзбен толықтырылсын, "метрологиялық қызметтi" деген сөздер "заңды тұлғаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 13-бабы 4) және 5) тармақшалармен келесi мазмұнда толықтырылсын:
      "4) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардан;
      5) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтi қызметтер көрсететiн заңды тұлғалардан.";
      9) 14-бапта:
      1) тармақша келесi редакцияда баяндалсын:
      "1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органнан және оның аумақтық бөлiмшелерiнен;";
      2) тармақшада "сондай-ақ" және "(орталықтардан)" деген сөздер алып тасталсын, әзiрлейтiн" деген сөзден кейiн ", шама бiрлiктерiнiң эталондарын, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн салыстыруды, өлшем құралдарын өндiрудi, шама бiрлiктерiнiң эталондарын және жоғары дәлдiктi өлшем құралдарын салыстырып тексерудi, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың бiлiктiлiгiн жоғарылатуды және қайта дайындауды жүргізетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша алып тасталсын;
      10) 15-бапта 1 тармақ келесi редакцияда баяндалсын:
      "1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органды және оның аумақтық бөлiмшелерiн, мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталықты, мемлекеттiк басқару органдарының метрологиялық қызметтерiн қамтиды.
      Өлшем бiрлігін қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлетті орган бекiтетiн ережелер негізiнде өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету бойынша қызметтi iске асырады.";
      11) 16-1 және 16-2 баптармен келесi мазмұнда толықтырылсын:
      "16-1-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы- aудиторлар
      1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүргiзу құқығына жеке және заңды тұлғаларды лицензиялау және аккредиттеу кезiнде жұмыстарды iске асырады.
      2. Өлшем бiрлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардың қызметi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету бойынша нормативтi құжаттарға сәйкес iске асырылады.
      16-2-бап. Өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету саласында консалтингтi қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар
      1. Консалтингтi қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкілеттi органмен белгiленген тәртiпте жұмыстарды iске асырады.
      2. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтi қызметтер көрсететiн заңды тұлғалардың қызметi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органмен бекiтiлетiн өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету бойынша нормативтi құжаттарға сәйкес iске асырылады.
      3. Өлшем бiрлігін қамтамасыз ету саласында консалтингтi қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар консалтингтi қызмет көрсетулер олармен iске асырылатын қызметтi iске асыруға құқылы емес.";
      12) 17, 18, 19 баптар келесi редакцияда баяндалсын:
      "17-бап. Өлшем құралдарының түрiн бекiту
      1. Көптеп өндiруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына партиялармен әкелуге арналған және мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды iске асыру аясында қолданылатын өлшем құралдары сынақтан өткiзiлiп, осы өлшем құралдарының түрi кейiннен бекiтiлуге тиiс.
      Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы шешiмдi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган қабылдайды және ол белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi.
      Өлшем құралдарының бекiтiлген түрiн стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi тiзiлiмiне енгiзедi.
      2. Бiрен-саран данада жасалынған немесе әкелiнген және мемлекеттiк метрологиялық қадағалауға жататын өлшем құралдарын стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкілеттi органмен белгiленген тәртiпте метрологиялық аттестаттаудан өткiзедi.
      3. Түрiн бекiту мақсатында және бекiтiлген түрге сәйкестiгiн анықтау үшiн өлшем құралдарын сынау мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталықпен жүргізіледі.
      4. Бекiтiлген түрдегi өлшем құралына және (немесе) әр дананың қосымша пайдалану құжаттарына өлшем құралдарының белгiленген түрiнiң стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлетті орган белгiлеген нысандағы белгiсi қойылады.
      5. Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы ақпарат және бекiтiлген түрдiң күшiн жою туралы шешiм стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.
      6. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiлмеген және түрiн бекiту туралы немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттары (түрiн бекiту туралы сертификаттардың көшiрмесi) жоқ өлшем құралдарын айналымға шығаруға және жарнамалауға тыйым салынады.
      Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды iске асыру аясында қолданылатын және пайдаланылымдағы өлшем құралдары түрiн бекiту туралы сертификаттың қолдану мерзiмi аяқталғаннан кейiн толық физикалық тозғанға дейiн қолданылады.
      18-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында лицензиялау және аккредиттеу
      1. Өлшем құралдарын өндiрудi және жөндеудi, оның iшiнде заттардың аттестатталған қоспаларын және заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiн өндiрудi жеке және заңды тұлғалар лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес, стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн тиiстi лицензияны алғаннан кейiн жүзеге асыра алады.
      2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу, өлшем орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттау, стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органмен белгiленген тәртiпте аккредиттелген заңды тұлғалармен iске асырылады.
      19-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру
      1. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды iске асыру аясында қолданылатын өлшем құралдары өндiрiстен немесе жөндеуден шығару, пайдаланылу және импорт бойынша әкелiну кезiнде түрi бекiтiлгеннен немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бiрлiгін қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелгеннен кейiн салыстырылып тексерiледi.
      Салыстырып тексерудi мемлекеттiк метрологиялық қызмет, сондай-ақ аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүзеге асырады.
      Өлшем құралдарын салыстырып тексерудi iске асыратын заңды тұлғалар осы Заңның 23-бабы 5-тармақшасымен анықталған мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды iске асыру аясында өлшемдердi орындайтын өнiмдi, жұмысты және қызмет көрсетудi өндiрушiден, әкелушiден және тұтынушыдан тәуелсiз болуы қажет.
      2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру тiзбесi мен мерзiмiн, сондай-ақ оны жүргiзу тәртiбiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Заңды тұлғалардың тiркелген жұмысы заңдар мен стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      3-1. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердiң электрондық есебiн және оларды мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталыққа стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органмен белгiленген тәртiпте берудi iске асыруы қажет.
      4. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесiне сәйкес аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң немесе мемлекеттiк метрологиялық қызметтiң салыстырып тексерушiлердi жүргiзедi. Мұндай тексерушiлердi аттестаттaу тәртiбiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      5. Салыстырып тексерудiң оң нәтижелерi өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасымен және (немесе) салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.
      Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану тәртiбi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органмен белгiленедi.
      6. Физикалық шамалардың өзгерiсiн олардың мәндерiн нормаланған дәлдiкпен шамалар бiрлiктерiнде бағалаусыз бақылау үшiн қолданылатын техникалық құралдар салыстырып тексеруге жатпайды.
      Мұндай техникалық құралдардың түзетiлуiн бақылауды оларды пайдаланушылар iске асырады.";
      13) 20-бапта:
      1 тармақтың екiншi бөлiмiнде "пайдалана отырып" деген сөздерден кейiн "аккредиттелген" деген сөзбен толықтырылсын;
      2 және 3 тармақтар алып тасталсын;
      14) 21-бапта "уәкiлеттi орган" деген сөздерден кейiн "және оның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      15) 22-бап келесi мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) "тауарларды ашу сату және импорттан алу кезiндегi саны.";
      16) 23-бапта:
      9) тармақшада "геодезиялық" деген сөзден кейiн ", геологиялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      15) тармақша келесi редакцияда баяндалсын:
      "15) өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу;";
      16), 17), 18) тармақшалармен келесi мазмұнда толықтырылсын:
      "16) ғылыми зерттеулер жүргiзу;
      17) қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      18) ойын автоматтарын шығару және қолдану.";
      17) 28-баптың 3-тармағында:
      4) тармақшада "мемлекеттiк" деген сөз алып тасталсын;
      5) тармақшада "тексеру таңбаларын" деген сөздер "салыстырып тексеру таңбаларының басылуларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-1) тармақшасымен келесi мазмұнда толықтырылсын:
      "5-1) өлшем құралдарының өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтi құжаттар талаптарына сәйкестiгiн анықтау үшiн инспекциялық салыстырып тексеру жүргiзуге";
      18) 29-бап келесi редакцияда баяндалсын:
      "Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңнамалығын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.";
      19) 31-бап 1-тармақ 3) және 4) тармақшаларымен келесi мазмұнда толықтырылсын:
      "3) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында өз қызметiн iске асыратын халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы және мүшелiк жарналар төлеуi;
      4) Қазақстан Республикасы шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын құруға және ұстауға кететiн шығындар.".
      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады