Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 27 ақпандағы N 209 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1321 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Таратылған Жол қорының негiзгі борышын өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 ақпандағы N 209 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 9, 105-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Таратылған Жол қорының негiзгi борышын өтеу ережесiнде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Ереже 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) жеткiзушiлердiң немесе олардың құқықтық муратерлерінің (бұдан әрі - Жеткiзушi) алдында, қуралған әрi 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген, сондай-ақ "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - "Қазақавтожол" РМК) және оның облыстық филиалдары сот актiлерi бойынша жеткiзушiлерге төлеген "Қазақавтожол" РМК-ның теңгерiмiнде есепке алынған, таратылған Жол қорының негiзгi борышын (бұдан әрі - борыш) өтеу тәртiбiн айқындайды";
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 8), 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) 3-қосымшаға сәйкес 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн күшiне енген сот актiлерi бойынша борышы өтелген жеткiзушiлердiң тiзiлiмiн;
      9) "Қазақавтожол" РМК-ның және филиалдарын есеп айырысу шоттарынан таратылған Жол қорының мiндеттемелерi бойынша кредиторлық берешектi өндiрiп алу туралы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн күшiне енген сот актілерiнiң көшiрмелерiн;
      10) негiзгi борышты және ол бойынша шығындарды өндiрiп алуды растайтын мынадай құжаттарды:
      жеткiзушілермен жасалған шарттардың көшiрмелерiн;
      жеткiзушiлер бөлінісінде борышты ажырата отырып, борышты өндiрiп алуға дейiнгi және одан кейiнгi филиалдың бухгалтерлiк теңгерiмiнiң көшiрмесiн;
      негізгi борышты өндiрiп алуға дейінгі және одан кейінгі филиалдың N 6 ордер журналының көшiрмесiн;
      негізгі борышты өндiрiп алуға дейінгi және одан кейiнгі филиалдың бас кiтабынан нотариалды түрде куәландырылған үзіндіні;
      2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн орындалған төлем және инкассалық тапсырмаларды";
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттарды";
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетiлген Ережеге 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметінің         
2003 жылғы 25 желтоқсандағы
N 1321 қаулысына     
қосымша          

Ережеге        
3-қосымша       
______________________  
______________________  
сомадағы тізілімді   
бекітемін        
______________________  
(қолы) (Қазақстан    
Республикасы Көлік   
және коммуникациялар  
министрлігінің басшысы)

____жылғы "___"_______ 

2003 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген сот актілері
бойынша борышы өтелген жеткізушілердің тізілімі

      2003 жылғы "___" __________
___________________________________________________________________
Р/с N | Жеткізушінің атауы | Орналасқан орны | Сот шешімі бойынша
      |                    |                 | өндіріліп алынатын
      |                    |                 |    сома (теңге)
___________________________________________________________________
   1            2                   3                    4
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
       Барлығы
___________________________________________________________________

      Мыналар осы тізілімге қоса беріледі:
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________

"Қазақавтожол" РМК-ның филиалы                  Комитет
_______________________________        ________________________
_______________________________        ________________________
  (басшының Т.А.Ә., қолы)               (басшының Т.А.Ә., қолы)

_______________________________        ________________________
_______________________________        ________________________
(бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)     (бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)
м.о.                                м.о.

"Қазақавтожол" РМК-ның филиалы
_______________________________
  (басшының Т.А.Ә., қолы)

_______________________________
_______________________________
(бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)
м.о.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады