Таратылған Жол қорының негiзгi борышын өтеу ережесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 27 ақпан N 209

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысы  9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Таратылған Жол қорының негiзгі борышын өтеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
      2003 жылғы 27 ақпандағы 
N 209 қаулысымен     
бекiтiлген        

Таратылған Жол қорының негiзгі борышын өтеу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) жеткiзушiлердiң немесе олардың құқықтық муратерлерінің (бұдан әрі - Жеткiзушi) алдында, қуралған әрi 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген, сондай-ақ "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - "Қазақавтожол" РМК) және оның облыстық филиалдары сот актiлерi бойынша жеткiзушiлерге төлеген "Қазақавтожол" РМК-ның теңгерiмiнде есепке алынған, таратылған Жол қорының негiзгi борышын (бұдан әрі - борыш) өтеу тәртiбiн айқындайды. <*>
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.12.25.
N 1321 қаулысымен .
      2. Борышты өтеу "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңында  осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

2. Борышты өтеу үшін құжаттарды дайындау және ұсыну

      3. Жеткiзушi "Қазақавтожол" РМК облыстық филиалдарына (бұдан әрi - Филиалдар) 5 данада нотариалды куәландырылған:
      1) 1998-2002 жылдардағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң қосымшаларымен бiрге көшiрмесiн, Жеткiзушi қайта ұйымдастырылған жағдайда табыстау актiсiн немесе бөлу теңгерiмiн, сондай-ақ оның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiгiн. Бұл ретте бухгалтерлiк теңгерiм көшiрмелерiнде салық органдарының олардың бұрын ұсынылған теңгерiмдерге сәйкестiгiн растайтын белгiсi болуы тиiс;
      2) 1998-2002 жылдардағы N 6 журнал-ордердiң көшiрмесiн;
      3) 654 "Жол қорымен есеп айырысу" шоты бойынша дебиторлық берешегiнiң және кредиторлық берешегiнiң сомасын растайтын 1998-2002 жылдардағы бас кiтаптан үзіндіні ұсынады.
      "Қазақавтожол" PMК-нiң Алматы қаласы бойынша таратылған филиалына қойылатын талаптар бойынша Жеткiзушi көрсетiлген құжаттарды "Қазақавтожол" РМК-ге ұсынады.
      4. Филиалдар әрбiр Жеткiзушiмен 1-қосымшаға сәйкес салыстыру актiсiн жасайды. Тиiстi Филиалдың жеткiзушiлер алдындағы борышының жалпы сомасы тиiстi Филиалдың осы Филиал бойынша таратылған Жол қорының берешегiн 1999-2002 жылдарда өтегенiн шегере отырып, 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тиiстi Филиалдың жылдық бухгалтерлiк есептiлiгiнде көрсетiлген борыштың сомасынан аспауы тиiс.
      5. Филиалдар "Қазақавтожол" РМК-ге 5 данада, тиiстi Филиалдың басшысы, бас бухгалтерi қол қойған және оның мөрiмен куәландырылған:
      1) жеткiзушiлермен жасасқан шарттардың көшiрмелерiн;
      2) салыстыру актiлерiнiң түпнұсқаларын;
      3) 2-қосымшаға сәйкес борышты өтейтiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) жеткiзушiлердiң тiзiлiмiн (бұдан әрi - Жеткiзушiлердiң тiзiлiмiн);
      4) Жеткiзушiлер бөлiнiсiнде борышты ажырата отырып Филиалдың 1998-2002 жылдардағы бухгалтерлiк теңгерiмiнiң көшiрмесiн;
      5) Филиалдың және Жеткiзушiнiң 1998-2002 жылдардағы N 6 ордер - журналының көшiрмесiн;
      6) Жеткiзушiнiң 1998-2002 жылдардағы бухгалтерлік теңгерiмiнiң қосымшалармен бiрге көшiрмесiн, Жеткiзушi қайта ұйымдастырылған жағдайда табыстау актiсiн не бөлiсу теңгерiмiн, сондай-ақ оның мемлекеттiк тiркеуi туралы куәлiгiн. Бұл ретте бухгалтерлiк теңгерiм көшiрмелерiнде салық органдарының, олардың бұрын ұсынылған теңгерiмдерге сәйкестiгiн растайтын белгiсi болуы тиiс;
      7) Филиалдың 1998-2002 жылдардағы бас кiтабынан борыш сомасын растайтын нотариалды куәландырылған көшiрменi және 654 "Жол қорымен есеп айырысу" шоты бойынша дебиторлық берешегінiң және кредиторлық берешегiнiң сомасын растайтын Жеткiзушiнiң 1998-2002 жылдардағы бас кiтабынан көшiрменi.
      Бұл ретте басшы және бас бухгалтер ұсынылған құжаттардың растығы үшін дербес жауапты болады.
      8) 3-қосымшаға сәйкес 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн күшiне енген сот актiлерi бойынша борышы өтелген жеткiзушiлердiң тiзiлiмiн;
      9) "Қазақавтожол" РМК-ның және филиалдарын есеп айырысу шоттарынан таратылған Жол қорының мiндеттемелерi бойынша кредиторлық берешектi өндiрiп алу туралы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн күшiне енген сот актілерiнiң көшiрмелерiн;
      10) негiзгi борышты және ол бойынша шығындарды өндiрiп алуды растайтын мынадай құжаттарды:
      жеткiзушілермен жасалған шарттардың көшiрмелерiн;
      жеткiзушiлер бөлінісінде борышты ажырата отырып, борышты өндiрiп алуға дейiнгi және одан кейiнгi филиалдың бухгалтерлiк теңгерiмiнiң көшiрмесiн;
      негізгi борышты өндiрiп алуға дейінгі және одан кейінгі филиалдың N 6 ордер журналының көшiрмесiн;
      негізгі борышты өндiрiп алуға дейінгi және одан кейiнгі филиалдың бас кiтабынан нотариалды түрде куәландырылған үзіндіні;
      2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн орындалған төлем және инкассалық тапсырмаларды. <*>
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.25. N 1321 қаулысымен .
      6. "Қазақавтожол" РМК Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiне (бұдан әрi - Комитет) 4 данада "Қазақавтожол" РМК-нiң мөрiмен расталған, басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған мыналарды ұсынады:
      1) осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттарды; <*>
      2) көшiрмелер: Жеткiзушiнiң бухгалтерлiк қосымшаларымен бiрге, РМК "Қазақавтожол" жиынтық бухгалтерлiк теңгерiмнiң жеткiзушiлер бөлiнiсiнде борышты ажырата отырып Филиалдардың 1998-2002 жылдардағы бухгалтерлiк теңгерiмiнiң, сондай-ақ жеткiзушi қайта ұйымдастырылған жағдайда табыстау актiсiне бөлу теңгерiмiн, оның мемлекеттiк тiркеуi туралы куәлiгiн, құру және қайта ұйымдастыру кезiнде "Қазақавтожол" РМК және олардың Филиалдарының табыстау актiлерiн.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.25. N 1321 қаулысымен .
      7. Комитет "Қазақавтожол" PMK ұсынған құжаттарды тексергеннен кейiн осы Ереженiң 6-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң бекiтуiне 2-қосымшаға сәйкес Жеткiзушiлердiң тiзiлiмiн 4 данада жiбередi.

3. Борышты өтеу бойынша есеп айырысуды жүргiзу тәртiбi

      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне өзiне бөлiнген бюджет қаражатын Комитетке қайта бөлетiн "Өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау" республикалық бюджеттiк бағдарламасын iске асыруға қаражат бөледi.
      9. Комитет "Қазақавтожол" РМК-ның, оның Филиалдарының және Комитеттiң басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қойған, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бекiткен, ұсынылған инкассалық өкiмдер болмаған кезде өз бюджеттiк шотынан "Қазақавтожол" РМК-нiң есеп айырысу шотына ақша аударады.
      Бұл ретте Комитет төлем тапсырмаларына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында қалатын Жеткiзушiнiң бекiтiлген тiзiлiмiн ұсынады.
      10. "Қазақавтожол" РМК жеткiзушi алдындағы борышты өз есеп айырысу шотынан тиiстi Жеткiзушiнiң есеп айырысу шотына ақша аудару жолымен өтейдi.

4. Бақылау және жауапкершiлік

      11. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Қазақавтожол" РМК есеп айырысу шотына ақша есептеу бойынша да, жеткiзушiлердiң шоттарына бiр мезгiлде ақша аудару бойынша да аудару операцияларын өткiзуiне бақылауды қамтамасыз етедi.
      12. Комитет, "Қазақавтожол" РМК, Филиалдар, Жеткiзушi расталмаған және көрiнеу жалған мәлiметтер бергенi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауапты болады.

Ережеге 1-қосымша 

Салыстыру актiсi

2003 жылғы "___" _______________                  _________ қаласы

Бiз, төменде қол қоюшылар ________________________________________
    (РМК-ның обл.филиалы басшысының және бас бухгалтерiнiң Т.А.Ә.)

_________________________________________________ бiр жағынан және

___________________________________________________ екiншi жағынан
(жеткiзушiнiң басшысы мен бас бухгалтерiнiң Т.А.Ә.)

1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша орындалған жұмыстарға өзара есеп айырысуды және 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген борыштарды салыстырудың осы актiсiн жасадық.

Борыш мынаны құрайды:

                                                             теңгe
___________________________________________________________________
                   |   "Қазақавтожол"   |
Жазбаның мазмұны   |     PMК-ның        |         Жеткiзушi
                   |____________________|
                   | облыстық | филиалы |
                   |__________|____________________________________
                   |   Дебет  |  Кредит |      Дебет  |  Кредит
___________________________________________________________________
Негiзгi борыш

2003.01.01.-ға алғандағы барлық сальдо

Өзара есеп айырысуды салыстыру нәтижесiнде "Қазақавтожол" РМК-ның _______________________________________________ облыстық филиалының
борышы ____________________________________________________________
             (сомасы цифрмен және жазбаша теңгемен көрсетiледi)
соманы құрайтыны анықталды.

Тараптардың заңды мекен-жайы:

Атауы                                Атауы
СTH                                  СТН
Банк деректемелерi                   Банк деректемелерi
_____________________________        _____________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)              (басшының қолы, Т.А.Ә.)

_____________________________        _____________________________
(бac бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)      (бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)
        M.O.                                 M.O.

Ережеге  
2-қосымша 

____________________________ сомасындағы тiзiлiмi бекiтемiн
__________________________________________________________________
(қолы) (Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлігiнiң басшысы)
                          2003 жылғы "___" __________________

Борышты өтейтiн тауарлар
(жұмыстар, қызметтер көрсету) жеткiзушiлердiң
ТIЗIЛIМI

2003 жылғы "___" ____________
____________________________________________________________________
р/с |  Жеткiзушiнiң атауы |  Орналасқан жері  |  Негізгі борыш
 N  |                     |                   |   сомасы (теңге)
____________________________________________________________________
 1              2                   3                   4
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
        Барлығы
____________________________________________________________________
Осы тiзiлiмге қоса берiледi:
1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________

"Қазақавтожол" PMК-ның филиалы            Комитет
_______________________________     ___________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)                (басшының қолы, Т.А.Ә.)

_______________________________      _______________________________
(бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)      (бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)

      M.O.                                   М.О.

"Қазақавтожол" PMК
_______________________________
  (басшының қолы, Т.А.Ә.)

_______________________________
(бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)

      М.О.Ережеге        
3-қосымша       
______________________  
______________________  
сомадағы тізілімді   
бекітемін        
______________________  
(қолы) (Қазақстан    
Республикасы Көлік   
және коммуникациялар  
министрлігінің басшысы)

____жылғы "___"_______ 

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.25. N 1321 қаулысымен .

2003 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген сот актілері
бойынша борышы өтелген жеткізушілердің тізілімі

      2003 жылғы "___" __________
___________________________________________________________________
Р/с N | Жеткізушінің атауы | Орналасқан орны | Сот шешімі бойынша
      |                    |                 | өндіріліп алынатын
      |                    |                 |    сома (теңге)
___________________________________________________________________
   1            2                   3                    4
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
       Барлығы
___________________________________________________________________

      Мыналар осы тізілімге қоса беріледі:
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________

"Қазақавтожол" РМК-ның филиалы                  Комитет
_______________________________        ________________________
_______________________________        ________________________
  (басшының Т.А.Ә., қолы)               (басшының Т.А.Ә., қолы)

_______________________________        ________________________
_______________________________        ________________________
(бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)     (бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)
м.о.                                м.о.

"Қазақавтожол" РМК-ның филиалы
_______________________________
  (басшының Т.А.Ә., қолы)

_______________________________
_______________________________
(бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)
м.о.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады