Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 575-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақта "уақыт есептеу" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының уақыт пен жиілік мемлекеттік алғашқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін" деген сөздермен толықтырылсын.