Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 193-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесіндегі "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда:
"басқа) Шығыс Қазақстан облысының" деген сөздерден кейін "Өскемен қаласы, Курчатов қаласы, Риддер қаласы, Глубоков, Ұлан," деген сөздермен толықтырылсын;
"Тарбағатай" деген сөзден кейінгі "ауданы" деген сөз ", Көкпекті, Үржар аудандары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"37640" деген сандар "40835" деген сандармен ауыстырылсын;
"24493" деген сандар "38114" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі