Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 150аг қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулыға 418-қосымшада :
      "Бюджет бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      "597" деген сандар "598" деген сандармен ауыстырылсын;
      "1 реокартограф" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Алматы аймақтық көліктегі СЭС - " деген сөздерден кейін "2 әмбебап радиометр-дозиметр, 2 нейтрондар датчигі бар радиометр-дозиметр, 1 УАЗ базасындағы санитарлық көлік" деген сөздермен толықтырылсын;
      "1 Холтеров мониторлау жүйесі бар ЭКГ," деген сөздер алынып тасталсын;
      "1 энцефалограф," деген сөздер алынып тасталсын;
      "8 УАЗ базасындағы санитарлық көлік" деген сөздер "7 УАЗ базасындағы санитарлық көлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулыға 420-қосымшада;
      "Бюджет бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      "10 жастағы балалар - 302,0 мың" деген сөздерден кейін "11 жастағы балалар - 308,0 мың, 12 жастағы балалар - 43,0 мың" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) көрсетілген қаулыға 438-қосымшада:
      "Бюджет бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      032 кіші бағдарламадағы "оңалту және сауықтыру көмегін көрсету" деген сөздерден кейін "және 6 жасты қоса алғанда, 6 жасқа дейінгі балаларды күтуді тікелей жүзеге асыратын анасының (әкесінің) немесе өзге адамның болуы" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) көрсетілген қаулыға 444-қосымшада:
      "Бюджет бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      "7" деген сан "13" сандармен ауыстырылсын;
      "сатып алу" деген сөздердің алдынан "зертханалық жабдықтар жиынтығы - 1 бірлік, микроскоптар жиынтығы - 1 бірлік, эндоскопиялық базалық жинақ - 1 бірлік, спектаральдық доплері бар ультрадыбысты стационарлық сканер - 1 бірлік, электр жетекті операциялық стол - 1 бірлік, медициналық әмбебап камера - 1 бірлік" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) көрсетілген қаулыға 453-1-қосымшада:
      "Бюджет бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      "10" деген сандар "12" деген сандармен ауыстырылсын;
      "сатып алу" деген сөздердің алдынан "1 кардиохирургиялық операцияларды жасауға арналған жинақ, 1 тамырластыру жүйесінің жинағы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады