Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 720-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 6-бағанында:
033-кiшi бағдарламадағы "10 шiлде - 10 қазан" деген сөздер "10 шiлде - 30 қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 723-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны "1 дана ризограф" деген сөздерден кейiн ", саны 5 дана процессор, саны 4 дана монитор, саны 1 дана коммутатор, 1C бағдарламалық өнiм" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі