Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 150ащ қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулыға 478-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "кеңсе құралдарын" деген сөздерден кейiн "конкурстар үшiн ұйымдастыру техникаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "фестивальдар" деген сөзден кейiн "конференциялар" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) көрсетiлген қаулыға 481-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      030-кiшi бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "Фильмдердi шығару:
      көркем фильмдер:
      1) "Махамбет" - 161000 мың теңге, "Охотник" - 30000 мың теңге, "Дом у соленого озера" - 13900 мың теңге, "Час волка" - 2000 мың теңге, "Путевой обходчик" - 11764 мың теңге, "Мұстафа Шоқай" - 7000 мың теңге, дебют - "Братья Жумановы" - 7000 мың теңге, дебют тақырыбы, оның iшiнде: "300 километр" - 1500 мың теңге, "Дружба" - 1500 мың теңге, "Тебе нужен щенок?" - 3000 мың теңге;
      деректi фильмдер:
      "Кенесары" - 2600 мың теңге, "Ана тiлi" - 2900 мың теңге, "Целина" - 4000 мың теңге;
      анимациялық фильм "Құйыршық" - (2-сериясы) - 2900 мың теңге;
      2) фильмдер бойынша 2001-2002 жылдары басталған жұмыстарды
жалғастыру: "Кочевник" - 1101643 мың теңге, "Сардар" - 87084 мың теңге, "Маленькие люди" - 10000 мың теңге, "Остров возрождения" - 2000 мың теңге;
      анимациялық фильмдер:
      "Ақсақ құлан" - 610 мың теңге;
      деректi фильмдер:
      "Звезды Казахстанского бокса" - 4558 мың теңге.";
      031-кіші бағдарлама "Ұлттық фильмдер дубляжi" деген сөздерден кейiн " - 1900 мың теңге;" деген сөздермен толықтырылсын;
      "фильм көшiрмелерiн сақтау және тарату" деген сөздерден кейiн "- 58804 мың теңге." деген сөздермен толықтырылсын;
      3) көрсетiлген қаулыға 489-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны:
      030-кіші бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мыналарды сатып алу: мұражай экспонаттарын - 150 бiрлiк, компьютерлер - 3 жиынтық, жиhаз - 1 жиынтық, экспозициялық витриналар - 10 дана, ксерокс - 1 дана, бейнекамера - 1 дана, экспозициялар үшiн аудиовизионды техника - 2 дана, жаңғырту шеберханасы үшiн арнайы жабдық - 1 жиынтық";
      031-кіші бағдарлама "музыкалық аспаптар - 15 дана, компьютерлер - 10 дана, кеңсе жиhазы - 1 дана" деген сөздермен толықтырылсын;
      032-кіші бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мыналарды сатып алу: бейнетехника - 2 дана, мұражай экспонаттары - 3500 дана, кiтапханалар мен сақтау үшiн арнайы жабдықтар - 16 дана, күзет дабылы - 1 дана, кабинеттерге арналған кеңсе жиhазы - 5 жиынтық, арнайы витриналар - 10 дана, фотоаппарат - 1 дана, ксерокс - 1 дана";
      033-кіші бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мұражайлар үшiн негізгі активтер сатып алу:
      экспонаттар - 230 дана, кеңсе жиhазы - 23 жиынтық, экспозициялық залдар үшiн жиhаз - 25 жиынтық, лекция залы үшiн креслолар - 80 дана, кондиционерлер - 21 дана, CD электронды тасығыштарда энциклопедиялар құру - 11000 дана";
      4) көрсетілген қаулыға 490-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      030-кіші бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мыналарды сатып алу: компьютер - 1 жиынтық, ксерокс - 1 дана.";
      032-кiші бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мыналарды сатып алу: кондиционерлер - 2 дана, тоңазытқыш - 2 дана, генератор - 1 дана, кiшiстанция - 1 дана, сейф - 2 дана, ат - 5 дана, жиhаз - 14 жиынтық, бинокль (күндiзгi, түнгi) - 6 дана, спутниктік байланыс жүйесi - 1 жиынтық, электр желiсiнiң жабдығы - 1 жиынтық, ұңғымаларды сүзу және зарарсыздандыруға арналған жабдық - 1 жиынтық, киiз үй - 5 дана, сұйық отынды пеш - 1 жиынтық, компьютер - 6 жиынтық.";
      5) көрсетiлген қаулыға 492-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 5-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      030-кiші бағдарлама мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      "аудиовизуалды аппаратура - 2 жиынтық, оқырмандарға арналған микрофильмдер мен микрофиштердi оқитын аппараттар - 10 дана, оқырмандық электронды каталог - 1 жиынтық, библиобус - 1 дана";
      031-кiші бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мыналарды сатып алу: әдебиеттер - 1480 дана, компьютерлер - 4 жиынтық.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады