Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгерiс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 150щ қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 340-қосымшада "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары деген" 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қылмыстық-атқару жүйесiнiң 81 мекемесiн жабдықтармен, мүкаммалмен, арнайы мақсаттағы құралдармен және көлiк құралдарымен, оның iшiнде:
      арнайы құралдардың (оқ-дәрiсi бар қару) 200 бiрлiгiмен;
      медициналық жабдықтардың 66 бiрлiгiмен (автоклавтар - 4, құрғақтай қуыру шкафтары - 6, термостаттар - 12, дистилляторлар - 4, тоңазытқыштар - 14, центрифугалар - 2, бинокулярлық микроскоптар - 4, бактерицидтi лампалар - 12, аналитикалық таразылар - 2, 12Ф7 - флюорографы - 6);
      коммуналдық-тұрмыстық жабдықтардың 213 бiрлiгiмен (пiсiру қазандықтары - 55, электр плиталары - 22, тоңазытқыш шкафтары - 28, тоңазытқыш камералар - 26, қуыру шкафтары - 26, кiр жуатын машиналар - 32, центрифугалар - 22, дизельдiк электр станциялары - 2);
      бактериологиялық зертханалар үшiн мүкаммалдың 36503 бiрлiгiмен;
      29 автомобильмен (арнайы автокөлiк - 5 бiрлiк, су тасығыш - 2 бiрлiк, автобустар - 6 бiрлiк, санитарлық машиналар - 3 бiрлiк, азық-түлiк таситын машина - 1 бiрлiк, ВАЗ автомобилi - 10 бiрлiк, вакуумдық тазалауға арналған автомашина - 2 бiрлiк);
      жергiлiктi учаскенi қайта жабдықтауға арналған арнайы құралдар мен байланыс құралдарының 12 бiрлiгiмен ("Барьер-500" периметрiнiң күзетi - 10, радиоұзартқыш - 1, автомобильдiк радиостанция - 1);
      630 гВА 10/04 күшi бар трансформатордың 1 бiрлiгiмен жарақтандыру".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады