Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 150ю қаулысы

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулыға 749-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінің 5-бағанында:
      "сандық карта - 1 дана" сөздерден кейін "спектр анализаторлары - 3 дана; шуылы аз күшейткіштер - 2 дана; антенналар жиынтығы - 3 дана; тармақтағыштар жиынтығы - 3 дана." деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақта:
      "1 дана сандық карта" деген сөздерден кейін мынандай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "спектр анализаторлары - дана;
      шуылы аз күшейткіштер - 2 дана;
      антенналар жиынтығы - 3 дана;
      тармақтағыштар жиынтығы 3 дана.";
      2) көрсетілген қаулыға 757-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінің 5-бағанында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мыналарды сатып алу: техникалық құралдар - 3 жиынтық; базалық бағдармалық қамтамасыз ету - 2 жиынтық";
      мынандай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Ведомстволық ақпараттық жүйені жетілдіру";
      7-тармақта:
      " - 1 жиынтық" деген сөздер "сатып алу: техникалық құралдар - 3 жиынтық; базалық бағдарламалық қамтамасыз ету - 2 жиынтық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) көрсетiлген қаулыға 760-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3.4-тармақшамен толықтырылсын:
      "3.4. Электрондық мұрағатты ұйымдастыру үшiн техникалық құралдар сатып алу - 1 жиынтық";
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Ұлттық рынокта тауарлар мен қызметтер көрсетудi жылжыту үшiн ақпараттық-маркетингтiк орталықтарды құруға арналған техникалық тапсырманы әзiрлеу.";
      7-тармақта:
      "Пайдаланушыларды оқыту - 200 адам" деген сөздерден кейiн "Электрондық мұрағатты ұйымдастыру үшiн техникалық құралдар сатып алу - 1 жиынтық" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Ұлттық рынокта тауарлар мен қызметтер көрсетудi жылжыту үшiн ақпараттық-маркетингтiк орталықтарды құруға арналған техникалық тапсырманы әзiрлеу".
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады