Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 150э қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 687-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi шаралар" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң арнайы мемлекеттiк мұрағатын құруға арналған жалпы алаңы 2000 шаршы метр үй-жайға металл есiк және құлпы бap металл тор орната отырып күрделi және ағымдағы жөндеу жүргiзу. Арнайы мұрағаттың үй-жайына күзет-өрт дабылын жүргiзу, электр сымын төсеу. Стеллаждар және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтар сатып алу.";
      көрсетiлген қаулыға 690-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi шаралар" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң Бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiнiң қолданыстағы "Жедел-қызмет әрекетi" және "Ақпараттық-талдау материалдары, шешiмдер қабылдауды қолдау" iшкi жүйелерiн жетiлдiру жөнiнде iс-шаралар өткiзу, "Кадрлар", "Құжат айналымы" және "Ақпаратты қорғау" ішкі жүйелерін әзірлеу.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінeн бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады