"Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қаңтардағы N 9 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелерді мемлекеттiк тiркеу туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
 

"Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын
мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы"
заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы"

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 277-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; N 18, 157-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жүйелi тiркеу - жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтардың ауыртпалығын), оның iшiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер анықтаған аумақтар бойынша тiзбектелген тәртіппен жүзеге асырылатын тiркеу жүйесi енгiзiлгенге дейiн туындаған құқықтарды тiркеу.";
      2) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
      "3-1-бап. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жүйелi тіркеу
      1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі тiркеу белгілi бiр аумақта тұратын жылжымайтын мүлiкке белгiленген тәpтіппен тiркелмеген құқықтарды және құқықтардың ауыртпалығын белгiлi бiр мерзiмде мемлекеттiк тiркеуден тұрады.
      2. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жүйелi тiркеу кезiнде, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу жүйесi енгiзiлгенге дейiн туындаған құқықтар мен ауыртпалықтар да мемлекеттiк тiркелуi тиiс.
      3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жүйелi тiркеудiң негіздемесi, тәртiбi және жүргiзу мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен анықталады.".

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады