Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 1115 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Осы Ереже "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы
Заңына
сәйкес әзiрлендi және денсаулық сақтау саласындағы аттестаттауды өткiзудiң тәртібi мен шарттарын айқындайды.
1. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау - медицина және фармацевтика кадрларының кәсiби бiлiктiлiгiнiң деңгейiн айқындайтын мерзiмдi жүзеге асырылатын рәсiм.
2. Аттестаттау кезiнде бағалаудың негiзгi өлшемi аттестатталушы адамдардың оларға жүктелген мiндеттердi орындау қабілетi болып табылады.
3. Мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасы жергілiктi органдары мен мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, меншiк нысанына қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика кадрлары, медициналық және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар (бұдан әрi - аттестатталушы адамдар) аттестаттауға жатады.
4. Аттестатталушы адамдар әрбiр келесi үш жыл өткеннен кейiн, бiрақ осы лауазымға орналасқан күнiнен бастап 1 жылдан ерте емес, аттестаттаудан өтедi.
5. Аттестаттау рәсiмiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдары құрған аттестаттау комиссиялары жүзеге асырады.
Аттестаттау комиссиясы комиссия мүшелерiнен және хатшыдан тұрады. Аттестаттау комиссиясының мүшелерi ішінен төраға тағайындалады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерiнің саны бес адамнан кем болмауы тиiс.
6. Аттестаттау комиссиясының құрамына практикалық денсаулық сақтаудың, медицина және фармацевтика ғылымының, қоғамдық және кәсiподақ ұйымдарының өкiлдерi кiредi.
7. Егер оған оның құрамының кемiнде үштен eкici қатысса, аттестаттау комиссиясының отырысы заңды болып саналады.
8. Дауысқа салудың нәтижесi комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде, комиссия төрағасының даусы шешушi болып табылады.
9. Денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының басшыларын, мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика кадрларын аттестаттауды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi құратын аттестаттау комиссиялары жүргiзедi.
10. Меншiк нысанына қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика кадрларын, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды аттестаттауды денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары құратын аттестаттау комиссиялары жүргiзедi.
3. Мемлекеттiк денсаулық сақтау басқармасы жергіліктi органдары мен мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, меншiк нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық және фармацевтикалық кадрларын аттестаттауды өткiзудi ұйымдастыру
11. Денсаулық сақтау органдары немесе ұйымдарының кадр қызметi осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес аттестаттауға жататын аттестатталушы адамдарды айқындайды.
12. Денсаулық сақтау органы немесе ұйымының басшысы кадр қызметiнiң ұсынуы бойынша аттестаттауға жататын аттестатталушы адамдардың тiзiмiн бекiтедi және аттестаттау комиссиясына жiбередi.
13. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды өткiзудiң мерзiмдерi туралы аттестатталушы адамдарды оны өткiзгенге дейiнгi бiр айдан кешiктiрмей жазбаша хабардар етедi.
14. Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының кадр қызметi аттестаттау үшiн аттестаттау комиссиясына мынадай құжаттарды жiбередi:
1) денсаулық сақтау органының немесе ұйымының басшысы қол қойған, "таныстым" деген белгiсi бар, аттестатталушы адам қол қойған қызметтiк мiнездеме;
2) кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парақ;
3) өмiрбаян;
4) бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
5) білiктiліктi арттыру циклдарынан өткенi туралы куәлiктердiң көшiрмелерi;
6) ғылыми дәрежесi, атағы немесе бiлiктiлiк санаты туралы куәліктердiң көшiрмелерi.
15. Қызметтiк мiнездеменi аттестаттауға жататын аттестатталушы адамның тікелей басшысы ресімдейдi.
16. Қызметтiк мiнездемеде аттестатталушы адамның кәсiби, жеке басының қабілеттерi мен қызметiнің нәтижелерi негізделген бағасы қамтылуы тиiс.
17. Кадр қызметi аттестатталушы адамды оған берiлген қызметтiк мiнездемемен аттестаттау комиссиясының отырысына дейiнгi үш апта мерзiмнен кешiктiрмей таныстыруы тиiс.
18. Аттестатталушы адам берілген қызметтік мiнездемеге өзiнiң келіспейтінін білдiруге және оны сипаттайтын ақпаратты аттестаттау комиссиясына беруге құқығы бар.
4. Жеке медициналық және фармацевтикалық қызметпен жүзеге асыратын жеке құралдарды аттестаттауды өткiзудi ұйымдастыру
19. Денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқару жергiлiктi органдары осы Ереженің 4-тармағына сәйкес аттестаттауға жататын аттестатталушы адамдарды айқындайды.
20. Денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқару жергiлiктi органдарының басшылары аттестаттауға жататын аттестатталушы адамдардың тiзiмiн бекiтедi.
21. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды өткiзу мерзімдерi туралы аттестатталушы адамдарды оны өткiзгенге дейiнгi бiр айдан кешіктiрмей жазбаша хабардар етедi.
22. Аттестатталушы адам аттестаттау комиссиясына мынадай құжаттарды жібередi:
1) медициналық және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыруға лицензияның көшiрмесi;
2) өмiрбаян;
3) бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
4) бiлiктiлiктi арттыру циклдарынан өткенi туралы куәлiктердiң көшiрмелерi;
5) ғылыми дәрежесi, атағы немесе білiктілiк санаты туралы куәлiктердiң көшiрмелерi.
23. Аттестаттауды өткiзуге дайындықты аттестаттау комиссиясы ұйымдастырады. Ол мынадай iс-шараларды қамтиды:
1) аттестатталушы адамға қажеттi құжаттарды дайындау;
2) аттестаттауды өткiзу кестесiн әзiрлеу;
3) аттестаттауды өткiзудiң мақсаты мен тәртiбi туралы түсiндiру жұмысын ұйымдастыру.
24. Аттестатталушы адамға аттестаттау комиссиясы осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресiмдейдi.
25. Аттестаттау комиссиясы аттестатталушы адамның қатысуымен аттестаттауды өткiзедi.
Аттестаттау комиссиясының отырысында дәлелдi себептермен болмаған аттестатталушы адам жұмысқа шыққаннан кейiн, аттестаттау комиссиясы белгiлеген мерзiмдерде аттестаттаудан өтедi.
26. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделеп және денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган бекiтілген тәртiппен аттестатталушы адамды тестілеуден өткiзiп және әңгiмелесудi жүргiзе отырып, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) аттестатталды;
2) аттестатталмады.
27. Аттестатталмағаны туралы қорытынды аттестатталушы адаммен еңбек қатынастарын бұзу үшiн, ал медициналық және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiздеме болып табылады.
Аттестатталмаған адамдар білiктілiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өтуi шартымен қайта аттестаттаудан өте алады.
Қайта аттестаттау аттестаттау комиссиясы белгiлейтiн мерзiмдерде, бiрақ бiрiншiсiнен кейiн 6 айдан кейiн бiр мәрте өткiзіледi.
28. Аттестаттау комиссиясының шешiмi отырыстың хаттамасымен ресiмделедi, оған отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясының төрағасы, мүшелерi және хатшысы қол қояды.
29. Аттестатталушы адам аттестаттау комиссиясының шешiмiмен таныстырылуы тиiс.
30. Аттестаттау комиссиясының шешiмi аттестация өткен күннен бастап 1 ай мерзiмде аттестаттау комиссиясын құрған органның бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
31. Аттестаттау комиссиясының бекiтiлгенше шешiмдерi аттестатталушы адамның аттестаттау парағына енгiзіледi.
32. Аттестаттаудан өткен аттестатталушы адамның аттестаттау парағы оның жеке iсінде сақталады.
33. Аттестаттаудан өткiзу кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қаралады.
Денсаулық сақтау
саласында аттестаттауды
өткiзу ережесiне
қосымша
АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ
Тегi, аты, әкесiнiң аты __________________________________
Туған күнi _______________________________________________
Бiлiмi туралы, бiлiктiлiгiн арттырғаны, қайта даярланғаны
туралы мәлiметтер ________________________________________
__________________________________________________________
Лауазымы және тағайындалған (осы лауазымға бекiтiлген) күнi
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Жалпы еңбек стажы ________________________________________
Осы лауазымдағы еңбек стажы ______________________________
Бiлiктiлiк санаты мен атақтары болуы _____________________
__________________________________________________________
Дауысқа салу нәтижелерi бойынша қызметкер жұмысының бағасы
__________________________________________________________
Отырысқа Аттестаттау комиссиясының ______ мүшесi қатысты.
Дауыстардың саны:
"дауысқа салудың нәтижесiн жақтаған" _______
"дауысқа салудың нәтижесiне қарсы" ______
"дауысқа салудың нәтижесi бойынша қалыс қалған" ______
Аттестаттау комиссиясының төрағасы ______________
Аттестаттау комиссиясының хатшысы _______________
Аттестаттау комиссиясының мүшелерi ______________
Аттестаттау өткiзiлген күнi _______________
Аттестаттау парағымен таныстым ___________________________
(аттестатталушы адамның қолы және күнi)
Мемлекеттiк органның
мөрiне арналған орын
________________________________________________________