"Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қаңтардағы N 93 қаулысы

       Ескерту. Заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнен қайтарып алынсын - ҚР Үкіметінің 2004.06.28. N 713   қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

жоба

"Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 2, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      18-бап мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) азық-түлiк және ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алу және сату жөнiндегi коммуналдық сауда рыноктарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қызметтi жүзеге асыру.".

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады