Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы N 180 қаулысы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңын iске асыру мақсатында және "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 46-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында 1-тармақтағы 100-кiшi бағдарламада "авиация техникасы-" деген сөздерден кейiнгi "4 дана" деген сөздер "5 дана" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады