Маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 ақпандағы N 196 қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Еуро-Азия Эйр" авиакомпаниясы" ашық акционерлiк қоғамы және "Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының "Бүркiт" мемлекеттiк авиакомпаниясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 2004 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынуының маңызды стратегиялық мәнi бар, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерi басқаратын Қазақстан Республикасының делегациялары шетелге жол жүрген кездегi арнайы рейстердi жүзеге асыру жөнiндегi қызметтердi жеткiзушiлер болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалармен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жасалуын;
      қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатының сақталуын қамтамасыз етсiн;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады