Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 ақпандағы N 216 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қызылорда облысының әкiмiне Сырдария өзенiнде 2004 жылғы қысқы кезеңде су тасқынынан қираған Сырдария өзенiнiң қорғау бөгеттерiн, магистральды және шаруашылықаралық арналарды, гидротехникалық құрылыстарды салу, қалпына келтiру және нығайту үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң резервiнен 102 200 000 (бiр жүз екi миллион екi жүз мың) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Қызылорда облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне 2004 жылы орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп берсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады