Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 1238 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы
2 желтоқсандағы N 1238 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты конвенцияға қол қою туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 1238 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 46, 500-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рахат Мұхтарұлы Әлиевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты конвенцияға қол қоюға өкілеттік берілсін.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті