Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 655 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 697 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Жеке тұлғалардың, тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуін мемлекеттік бақылауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 10, 128-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбында және 1-тармақта:
      «автокөлік құралдарын» деген сөздер «автомобиль» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «аумағындағы» деген сөзден кейін «стационарлық» деген сөзбен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тізбесінде:
      тақырыбында:
      «автокөлік құралдарын» деген сөздер «автомобиль» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «аумағындағы» деген сөзден кейін «стационарлық» деген сөзбен толықтырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері
      Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
      көп жақты қатынас үшін ашық:
      Қорғас               Алматы облысы
      Достық               Алматы облысы
      Қалжат               Алматы облысы
      Бақты                Шығыс Қазақстан облысы
      Майқапшағай          Шығыс Қазақстан облысы
      Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
      көп жақты қатынас үшін ашық:
      Құрманғазы           Атырау облысы
      Тасқала              Батыс Қазақстан облысы
      Сырым                Батыс Қазақстан облысы
      Ақсай                Батыс Қазақстан облысы
      Әлімбет              Ақтөбе облысы
      Жайсан               Ақтөбе облысы
      Қайрақ               Қостанай облысы
      Ақбалшық             Қостанай облысы
      Жаңа Жол             Солтүстік Қазақстан облысы
      Қарақоға             Солтүстік Қазақстан облысы
      Қызыл Жар            Солтүстік Қазақстан облысы
      Үрлітөбе             Павлодар облысы
      Қосақ                Павлодар облысы
      Шарбақты             Павлодар облысы
      Ауыл                 Шығыс Қазақстан облысы
      Үбе                  Шығыс Қазақстан облысы
      Жезкент              Шығыс Қазақстан облысы
      екі жақты қатынас үшін ашық:
      Жәнібек              Батыс Қазақстан облысы
      Орда                 Батыс Қазақстан облысы
      Шаған                Батыс Қазақстан облысы
      Қарашатау            Ақтөбе облысы
      Қондыбай             Қостанай облысы
      Желқуар              Қостанай облысы
      Аят                  Қостанай облысы
      Обаған               Қостанай облысы
      Бидайық              Солтүстік Қазақстан облысы
      Амангелді            Павлодар облысы
      Найза                Павлодар облысы
      Байтанат             Шығыс Қазақстан облысы
      Қоянбай              Шығыс Қазақстан облысы
      Құпия.
      Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік халықаралық өткізу пункттері:
      көп жақты қатынас үшін ашық:
      Тәжен               Маңғыстау облысы
      Жібек Жолы          Оңтүстік Қазақстан облысы
      Б. Қонысбаев        Оңтүстік Қазақстан облысы
      Қапланбек           Оңтүстік Қазақстан облысы
      Қазығұрт            Оңтүстік Қазақстан облысы
      екі жақты қатынас үшін ашық:
      Атамекен            Оңтүстік Қазақстан облысы
      Қазақстан Республикасының Түрікменстанмен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
      көп жақты қатынас үшін ашық:
      Темірбаба           Маңғыстау облысы                        »;
      2-тармақта: «аумағындағы» деген сөзден кейін «стационарлық» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі көрсетілген өткізу пункттеріне қатысты өзгерістер туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен мүдделі шет мемлекеттер өкілдіктерінің назарына жеткізсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады