1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 9, 70-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықта:
2-тармақтың үшiншi абзацының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Комиссиялар құрамына енгізiлетiн мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының мәртебесi департамент директорынан төмен болмауға тиiс.";
7-тармақта "мүдделі мемлекеттiк органдардан" деген сөздерден кейiн ", ұйымдардан және өзге де тұлғалардан" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 4) тармақшасында "министрлiктер мен ведомстволардың" деген сөздер "мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және өзге де тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Жекелеген жағдайларда комиссиялардың/жұмыс топтарының құрамына ғылыми, үкiметтік емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар, мамандар және олардың келiсiмi бойынша өзге де адамдар енгiзiлуi мүмкiн.";
14-тармақтың 5) тармақшасында "органдар" деген сөзден кейiн "және ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 279 қаулысы
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз