Қазақстан Республикасы Президентінің "Грузияда Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 305 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Грузияда Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Грузияда Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы

      Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, әр түрлі салалардағы қазақстан-грузин ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында Қаулы етемін:
      1. Тбилиси қаласында (Грузия) Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясы ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады