Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 329 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.30. N 555 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 1, 9-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудің) лицензияланатын түрлерінің тізбесінде:
      "Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары (сейсмикалық төзімділігі 6 балға дейін және/немесе 6 балдан жоғары аудандарда)" деген 2-бөлімде:
      3-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын;
      7-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады