"Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамының 2004-2006 жылдарға арналған даму жоспары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры"
жабық акционерлік қоғамының
2004-2006 жылдарға арналған
даму жоспары
1-Бөлім. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры"
ЖАҚ-тың жай-күйі және оны дамытудың перспективалары
туралы баяндама
1. Кiріспе
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры жабық акционерлік қоғамының миссиясы - Қазақстан Республикасы халқының барлық жiктерiне және өңiрлерiне зейнетақы қызметтерiн ұсыну қол жетiмдiлiгiн және сапасын қамтамасыз ету, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарын сақтау және олардың өсiмi мүддесiнде активтердi тиiмдi түрде инвестициялық басқаруды жүзеге асыру. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" салымшылар үшiн зейнетақы жинақтарының өсімі, құрылтайшы үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi дивидендтер төлеу арқылы кiрiстер алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің және республиканың өзге де қаржы рыногы секторларының одан әрі дамуына ықпал етуге ұмтылады.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 қыркүйектегi N 1372 қаулысына сәйкес құрылды. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн төлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына мемлекеттiк бас лицензиясы (1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 6 лицензия) және бағалы қағаздар рыногында клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз брокерлік және дилерлiк қызметпен айналысуға (1999 жылғы 11 тамыздағы N 0402200075 лицензия) және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметпен айналысу (1999 жылғы 11 тамыздағы N 0412200040 лицензия) құқығына мемлекеттiк лицензиялары бар. Қазақстан Республикасының Үкiметi "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" акционерi болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 шiлдедегi N 837 қаулысына сәйкес "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" мемлекеттiк акциялар пакетiн иемдену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне берiлдi. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" еншiлес және тәуелдi ұйымдары жоқ, басқа заңды тұлғалардың капиталына қатыспайды. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметтерiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру шаралары туралы" 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына сәйкес "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" ұлттық компания мәртебесi бар. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының Биржа кеңесiнiң 1999 жылғы 13 тамыздағы шешiмi бойынша мемлекеттiк бағалы қағаздармен (К санаты) сауда-саттыққа қатысу құқығымен, куәлiк N МО61, сондай-ақ қор биржасының ("Р" санаты) ресми тiзiмiне енгiзiлген мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар саудасына қатысу құқығымен, 2003 жылғы 10 қазандағы N 24 хаттама, Қазақстандық Қор биржасының мүшелiгiне қабылданды. Қазақстан Республикасының Үкiметi тұлғасында Акционерлердiң жалпы жиналысы "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" жоғарғы органы болып табылады. Басқару органы - Директорлар кеңесi. Атқарушы (жекедара) орган - Бас директор. Бақылаушы органның функциясын Тексеру комиссиясы жүзеге асырады.
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" құрылымы орталық аппарат - 14 дербес құрылымдық бөлiмшелерден, Астана қаласындағы филиалдан және әрбiр облыс орталықтары мен Семей, Жезқазған қалаларындағы 16 өңiрлiк өкiлдiктерден тұрады.
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" ұстанған үлгiсiн - желiлiк-функционалдық ұйымдық құрылымын таңдау - "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" алдарында тұрған зейнетақы жарналарын жинау, зейнетақы активтерiн инвестициялау және зейнетақы жинақтарын төлеу (алу) жөнiндегi мақсаттар мен мiндеттердi біртұтас қаржы орталығынан жүзеге асыратын миссиясымен, сондай-ақ өкiлдiгi мен филиалының дамыған өңiрлiк желiсi бар екендiгiмен танымал болған, салымшылар мен алушыларға операциялық қызмет көрсету жөнiндегi операциялық қызметiмен ерекшеленедi.
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" бөлiмшелерiн саралау олардың функционалдық белгiлерi:
1. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" басшылығы;
2. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" активтерiн басқарушы бөлiмшелер - инвестициялық басқарма, сауда операциялары бөлiмi, зейнетақы активтерiн есепке алу және операциялар жөнiндегi басқармасы, қаржы рыноктарын зерттеу және тәуекелдiлiктi басқару бөлiмi;
3. Салымшыларды тартушы бөлiмшелер - салымшылармен жұмыс жөнiндегi басқарма, филиал, өңiрлiк өкiлдiктер;
4. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" қызметiне қолдау көрсететiн бөлiмшелер - бухгалтерлiк есеп және есептiлiк бөлiмi, бюджеттi жоспарлау және бақылау бөлiмi, заң бөлiмi, ақпараттық технологиялар бөлiмi, iшкi аудит бөлiмi, қызметкерлер құрамын басқару секторы, ақпараттық қауiпсiздiк секторы;
5. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорын" әкiмшiлiк-шаруашылық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын бөлiмшелер - әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi, кеңсе арқылы жүзеге асырылды.
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" 2003 жылғы жалпы штаттық саны 194 бiрлiктi құрайды, олардың iшiнде орталық аппаратта - 134 бiрлiк, филиал мен өңiрлiк өкiлдiктерде - 60 бiрлiк бар. Бұл peттe бiрiншi басшы, оның орынбасарлары, бас бухгалтер мен дербес бөлiмшелер басшыларынан тұратын орталық аппарат басқарушы құрамының пайыздық ара салмағы "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жалпы санының 9,8%-iн құрайды. Өкiлдiк қызметкерлерiнiң саны өкiлдiк қызмет көрсететiн облыста тұратын халық санына және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" салымшылар санына қарай 2 адамнан 5 адамға дейiн өзгерiп отырады. Жоспарланған мерзiмге арналған "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ын басқарудың аталған үлгiсiнiң одан әрi дамуы "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" құрылу құрылымының желiлiк-функционалдық принциптерiн сақтай отырып, жаңа функциялар енгiзу және (немесе) бар функцияларды өзгерту шараларынан туындаған оның құрамды бөлiктерiн одан әрi жетiлдiруге бағытталатын болады. Айталық, Қордың алдына селолар мен кiшкентай қалалар тұрғындарын жинақтаушы зейнетақы жүйесiне тарту, әрбiр тұтынушыға қаржы қызметiн көрсету үшiн құрылған өңiрлiк өкiлдiктердi дамыту бойынша қойылған мiндеттерге сәйкес, сипатталып отырған мерзiм iшiнде "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" жеке тұлғалардан тұратын, Қормен жеке еңбек келiсiм-шартына отырған, алайда "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" штаттағы қызметкерлер құрамына енбейтiн агенттiк желiнi кеңейту жоспарлануда. Сонымен қатар, маркетингтiк стратегияны дайындап, iске асыруды қамтамасыз ететiн орталық аппарат бөлiмшелерi де дамитын болады.
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның ұйымдық құрылымы
________________________
|Бас директор - 1 бірлік |
| |
| |
Бас директордың Бас директордың орынбасары - 1
орынбасары - бірлік
1 бірлік ________________________________________________
____________ | | |
| | | |
Салымшылармен Инвестициялық Қаржы рыноктарын Сауда
жұмыс басқарма - 13 зерттеу және операция.
басқармасы - 31 бірлік тәуекелділікті лары
| | басқару бөлімі- бөлімі -
Операциялық Инвестициялар 11 бірлік 4 бірлік
бөлім - 12 қоржынын басқару |
бірлік бөлімі - 4 бірлік Инвестициялар
| | рыногын талдау
Үйлестіру Қоржындық есеп секторы - 3 бірлік
бөлімі - бөлімі - 4 бөлімі |
18 бірлік | Зейнетақы рыногын
Нормативті есеп талдау және статис.
айырысу және тика секторы - 4
есептеме бөлімі бірлік
- 4 бірлік |
Стратегиялық
жоспарлау және
тәуекелділікті
басқару секторы
- 3 бірлік
схеманың жалғасы
__________________________
|Бас директор - 1 бірлік |
| |
|§ | |
Атқарушы директор Бас бухгалтер Техникалық директор
- 1 бірлік - 1 бірлік - 1 бірлік
| | | | | |
|- Заң бөлімі - Зейнетақы Бухгалтерлік | Ақпараттық | |
| 6 бірлік активтерін есеп және | технологиялар -| |
| есепке алу есептеме -| бөлімі - 10 | |
|- Кеңсе - және бөлімі - 6 | бірлік | |
| 5 бірлік операц-р бірлік | | |
| басқармасы | Бағдарламалық | |
|- Қызметкерлер - 16 бірлік | қамсыздандыруды | |
| құрамын | қолдау және -| |
| басқару Зейнетақы Бюджетті | дамыту секторы | |
| секторы - 3 активтерін жоспарлау -| - 4 бірлік | |
| бірлік есепке алу және | | |
| бөлімі - 5 бақылау | Жүйелік және | |
|- Әкімшілік- бірлік бөлімі - | техникалық -| |
| шаруашылық 4 бірлік | қамсыздандыру | |
| бөлімі - 10 Есеп секторы - 5 | |
| бірлік айырысу бірлік | |
операциялары | |
бөлімі - 10 Ақпараттық | |
бірлік қауіпсіздік -| |
секторы - 3 | |
бірлік | |
|
Ішкі аудит |
бөлімі - 5 --|
бірлік |
схеманың төменгі жалғасы
___________________________________________________________________
| | | | | |
___________________________________________________________________
Филиал Ақмола Ақтөбе Талдықорған Атырау Шығыс Семей
Астана облысын. облысын. қаласындағы облысын. Қазақстан қала.
қаласы дағы дағы өкілдік - 2 дағы облысын. сындағы
- 7 өкілдік өкілдік бірлік өкілдік дағы өкілдік
бірлік - 4 - 4 - 3 өкілдік - 2
бірлік бірлік бірлік - 4 бірлік
бірлік
схеманың жалғасы
___________________________________________________________________
| | | | |
___________________________________________________________________
Жамбыл Батыс Қарағанды Жезқазған Қызылорда Қостанай
облысын. Қазақстан облысын. қаласын. облысын. облысын.
дағы облысын. дағы дағы дағы дағы
өкілдік дағы өкілдік өкілдік өкілдік өкілдік
- 4 өкілдік - 5 - 2 - 3 - 4
бірлік - 3 бірлік бірлік бірлік бірлік
бірлік
схеманың соңы
___________________________________________
| | |
___________________________________________
Маңғыстау Павлодар Солтүстік Оңтүстік
облысын. облысын. Қазақстан Қазақстан
дағы дағы облысын. облысын.
өкілдік өкілдік дағы дағы
- 3 - 4 өкілдік - өкілдік -
бірлік бірлік 4 бірлік 5 бірлік
2. Қаржы, зейнетақы рыноктарын талдау Бәсекелестер және Қордың жалпы рыноктағы үлесі Қазақстан Республикасының iшкі қаржы рыногы
Қазақстан Республикасы iшкi жалпы өнімiнiң салыстырмалы түрде көбеюi 2001 жыл iшiнде 13,5%, 2002 жыл iшiнде 9,5% құрады. Қазақстан экспорттайтын көмір сутегі мен басқа да шикiзат бағаларының өсуiне әкеп соқтырған соңғы әлемдiк оқиғалар 2002 жылдың аяғы мен 2003 жылдың басында елiмiздiң сауда балансының оң сальдосына және мемлекеттiк бюджет тапшылығының төмендеуiне әсер етті. Валюта рыногында 2001 және 2002 жылдары теңгенiң АҚШ долларына шаққандағы құнсыздануы тиiсiнше жылдық 3,86% және 3,32% құрады. 2003 жылдың басында теңгенің аталған валютаға қатысының бекігендігі, яғни ағымдағы жылдың бiріншi жартысында жылдық 3,57% құраған теңгенің бағамының көтерілгендігі байқалды.
Мемлекеттік бағалы қағаздар секторында, атап айтқанда 2001 жылғы аукциондар бойынша мемлекет тарапынан қарызға алу көлемі ішкі рынокта 142 401 млн. теңгені, олардың iшінде Ұлттық Банкiнің қысқа мерзiмді ноталары - 116 433 млн. теңгенi, Қаржы министрлiгiнiң бағалы қағаздары - 25 930 млн. теңгенi, жергiлiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздары - 38 млн. теңгенi құрады. 2002 жылы эмиссиялар көлемi бастапқы рынокта 2001 жылмен салыстырғанда 84,41% артып, 262 688 млн. теңгенi құрады. Бұл ретте Ұлттық Банкiнiң ноталары - 208 347 млн. теңгенi (+78,87%), Қаржы министрлiгiнiң бағалы қағаздары - 51 736 млн. теңгені (+99,52%), жергіліктi атқарушы органдардың бағалы қағаздары - 2 605 млн. теңгенi (+6706,33%) құрады. 2003 жылдың бiрiншi жарты жылдығында бастапқы рыноктағы эмиссиялар көлемi 347 950 млн. теңгенi құрады, ол тұтас алғанда 2002 жылғы мөлшерден 24,50% жоғары. Бұл ретте, Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталары - 336 313 млн. теңгенi (+38,05%), Қаржы министрлiгiнiң бағалы қағаздары - 6 945 млн. теңгенi (-644,92%), жергiлiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздары - 4 692 млн. теңгенi (+44,49%) құрады.
2002 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi тарапынан қарызға алу көлемi iшкi және сыртқы қаржы рыноктарында негiзiнен бюджетке салық және мiндеттi төлемдердiң келiп түсуiнен, "Қазақмыс" корпорациясы акцияларының мемлекеттік пакетiн сатудан және экспорттық операциялар кiрiсiнен болған өтiмдiлiк түсiмi әсерiнен төмендегенiн атап өту керек. Нәтижесiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қазiргi уақытта мемлекет тарапынан мемлекеттiк бағалы қағаздардың негiзгi эмитентi болып табылады. Алыпсатарлық құрамдас бөлiк көзқарасынан алғанда қысқа мерзiмдi ноталар және РЕПО секторлары қалыптасқан теңге ревальвациясы жағдайында барынша актуальды болады. Бiрақ ол екiншi жағынан алғанда қарқынды дамып келе жатқан зейнетақы активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарында жинақтаушы зейнетақы қорларының тұтыну проблемаларын шешпейдi. Ол өз кезегiнде корпоративтiк борышты бастапқы орналастыру көлемiн арттыру бөлiгiнде мемлекеттiк емес бағалы қағаздар секторының дамуын жеделдетуi тиiс.
Мемлекеттiк бағалы қағаздар секторының қайталама рыногында жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялар қоржынын құрайтын негiзгi базалық қаржы құралдары пайыздық ставкасы деңгейiнiң бiртiндеп төмендеуi байқалуда (1-кесте).
1-кесте
Қазақстан Республикасының тәуелсiз еурооблигациялар
кiрiстiлiгiнiң серпiнi
(пайыз)
___________________________________________________________________
Еурооблигациялар атауы | 2001 жыл | 2002 жыл | 2003 жылдың 1
| | | жарты жылдығы
___________________________________________________________________
Еуронота - 4 6,11 2,83 2,66
Еуронота - 7 6,59 4,29 3,35
___________________________________________________________________
2001 жылдың қорытындылары бойынша Eуpo-4 ставкасының 6,11%-тен 2002 жылдың аяғына 2,83%-ке және Eуpo-7 ставкасы бойынша 2002 жылдың басындағы 6,59%-тен 2003 жылдың басына 4,29%-ке төмендеуi өсiп келе жатқан зейнетақы активтерiнiң айтарлықтай өтiмділiгiмен және бұл құралдарға сұраныстың болуымен ерекшеленедi.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар секторындағы бастапқы рынокта бағалы қағаздар шығарудың едәуiр өскенi байқалды. Айталық, 2002 жылы "Альфа-Банк" ЕБ ААҚ, "Арна" ААҚ, "Альянс Банк" ААҚ, "Қазақстан Даму Банкi" ЖАҚ, "Жәйрем КБК" ААҚ, "Қазатомпром" ҰАҚ, "Қазақстандық ипотекалық компания" ЖАҚ, "Нұрбанк" ААҚ, "Ордабасы" корпорациясы алғаш рет өз облигацияларын шығарды, "Астана-финанс" ААҚ, "АСҚ Банкі" ААҚ, "ТұранӘлемБанк" ААҚ, "ЦентрКредитБанк" ААҚ, "Қазақстан Халық Банкi" ААҚ, "Казкоммерцбанк" екінші облигацияларын шығарса, "Казкоммерцбанк" ААҚ және "Темiрбанк" ААҚ үшiнші эмиссияны жүзеге асырды. 2002 жылғы 1 қаңтарға жинақтаушы зейнетақы қорлары "А" дәрежесiне енгiзiлген Қазақстан Республикасының негiзгi iрi кәсіпорындардың акцияларына 6 642 млн. теңге (немесе инвестицияланған активтердiң 3,9%-ын), "А" дәрежелi облигацияларға - 33 874 млн. теңге (немесе инвестицияланған активтердiң жалпы сомасының 19,7%) инвестициялады. 2001 жылмен салыстырғанда 2002 жылы мемлекеттік емес бағалы қағаздар салудың үлесті салмағы артты. Зейнетақы рынок операторлары негiзiнен ірі кәсiпорындардың облигациялары мен еурооблигацияларына инвестициялауды жүзеге асырды. Айталық, 2003 жылғы 1 қаңтарға зейнетақы активтерiн "А" дәрежесiндегi акцияларға салу 10 334 млн. теңгеге (немесе инвестицияланған активтер көлемiнiң 4,0%), "А" дәрежесiндегi облигацияларда - 60 771 млн. теңгеге (немесе инвестицияланған активтер көлемiнiң 23,5%) артты. 2003 жылғы 1 шiлдеге зейнетақы активтерiн "А" дәрежелi акцияларға салу көлемi 13 329 млн. теңгеге (немесе инвестицияланған активтер көлемiнiң 4,35%), "А" дәрежелi облигациялар - 68 261 млн. теңгеге (немесе инвестицияланған активтер көлемiнiң 22,30%) дейiн өстi.
2002 жылы және 2003 жылдың басында жүзеге асырылған корпоративтiк облигациялар эмиссияларының ұлғаюы бiрiншi кезекте, қазiргi уақытта қаржы құралдарына тапшылығы байқалатын жинақтаушы зейнетақы қорларына бағытталған деп болжауға болады. Эмитенттер тарапынан жасалған мұндай тәсiлдеме мемлекеттiк емес бағалы қағаздар секторының дамуына айтарлықтай түрткi болды.
Банк қызметтерi секторында екiншi деңгейдегi iрi банктердiң депозиттi сыйақы ставкасының сәл төмендегенiн атап өтуге болады (2-кесте).
2-кесте
Екiншi деңгейдегi банк депозиттерi бойынша сыйақы
ставкасының серпiнi
(пайыз)
____________________________________________________________________
Жыл | Валюта | 1 ай | 3 ай | 6 ай | 9 ай | 12 ай
____________________________________________________________________
2001 USD 4,47 5,91 7,00 7,48 8,78
KZT 6,46 8,14 9,70 11,23 12,63
2002 USD 4,30 5,80 6,00 7,30 8,50
KZT 6,29 7,60 9,60 11,00 12,30
2003 USD 2,60 3,34 4,66 6,80 7,90
жылдың KZT 3,80 4,90 6,46 8,30 9,40
1 жарты
жылдығы EUR 2,14 2,84 3,94 5,76 6,76
____________________________________________________________________
Жыл iшiнде ставканың төмендеуi орташа алғанда 10-15 тармақты құрады. Ставканы төмендететiн елеусiз түзетулер енгiзе отырып сақталған тұрақтандыру тенденциялары екiншi деңгейдегi банктердiң заңды тұлғалардан арзан ақшаларды тарту позицияларының өзгермегендiгiн куәландырады. 2003 жыл iшiнде құрылымдағы теңгелiк депозиттердiң артуына байланысты АҚШ долларында аталған депозиттердiң төмендегені байқалады. Жалпы алғанда, қайта қаржыландыру ставкаларын одан әрi төмендету бойынша болжалды деректерді есепке ала отырып, депозиттер бойынша да ставкасының сәл төмендеуiн күтуге болады.
Қазақстанның зейнетақы рыногы
Өткен 2001-2002 жылдары Қазақстан жинақтаушы зейнетақы жүйесі елеулi құрылымдық өзгерiстердi бастан кешiрдi. Зейнетақы және қаржы рыноктарын интеграциялау есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларының серпiндi дамуы қаржы рыногында инвестициялық климаттың және институционалдық инвесторлар қызметi шарттарының өзгеруiне әсер еттi. Сонымен бiр мезгiлде 2001-2002 жылдарда қаржы рыноктарының серпiндiлiк сипаттамаларының өзгеруі жинақтау жүйесiнiң өз iшiнде құрылымдық өзгерiстерге әкеп соқты. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бiрiктiрме деректерiне сәйкес 2003 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы жинақтары бар қатысушылар/салымшылар саны 5 399 320 адамды құрады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларын жылдық серпiн жиынтығымен сыбағалы қайта бөлу аталған статистикалық көрсеткiш бойынша 2001 және 2002 жылдар iшiнде жүйенiң тұрақтанғандығын және қазiргi уақытта салыстырмалы түрде орныққандығын көрсетедi (3-кесте).
3-кесте
Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қатысушылар/салымшылар
санының серпiнi (үлес салмағы, өсiм)
____________________________________________________________________
Қорлардың атауы | 2001 жыл, | Үлес |2002 жыл, | Үлес | Үлес
|адам саны |салмағы,|адам саны |салмағы,|салмағы
| | % | | % | %
____________________________________________________________________
"Мемлекеттiк
жинақтаушы 2 143 104 46,3 2 299 416 42,6 7,3
зейнетақы қоры"
"Валют-транзит 178 597 3,9 292 548 5,4 63,8
қоры"
"Қорғау" 45 461 1,0 64 939 1,2 42,8
"Қазақстан" 64 083 1,4 90 199 1,7 40,8
"НефтеГазДем" 90 106 1,9 123 424 2,3 37,0
"Абн-Амро
КаспийМұнайГаз" 93 984 2,0 123 503 2,3 31,4
"Халықтық зейнетақы 107 244 2,3 137 991 2,6 28,7
қоры"
"Сенiм" 107 350 2,3 129 450 2,4 20,6
"Құрмет" 194 854 4,2 244 672 4,5 25,6
"Қазақстан Халық 776 093 16,8 914 326 16,9 17,8
Банкi қоры"
"Д.А. Қонаев
атындағы қор" 26 151 0,6 30 358 0,6 16,1
"Филип Моррис 1 043 0,0 1 180 0,0 13,1
Қазақстан"
"ҰларҮмiт" 715 177 15,4 808 095 15,0 13,0
"Қазақмыс" 83 625 1,8 92 081 1,7 10,1
"Отан" 3 333 0,1 28 505 0,5 755,2
"Капитал" - - 18 633 0,3 -
____________________________________________________________________
Барлығы 4 630 205 100,0 5 399 320 100,0 16,6
____________________________________________________________________
2002 жыл iшiнде салымшылар саны 769 115 адамға (+16,6%) артты, ол талданып отырған мерзiм iшiнде еңбекке жарамды халықтың қамтылу аумағының кеңейгенiн көрсетедi. Жинақтаушы зейнетақы жүйесi жетекшiлерiнiң позицияларын қарастыру кезiнде, 2001 жылмен салыстырғанда 2002 жылы "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" салымшыларының үлес салмағы 3,7 пайыздық тармаққа 42,6% деңгейiне төмендегенi байқалады. Аталған мерзiм iшiнде салымшылар санының ең жоғары салыстырмалы өсуi мына зейнетақы қорларында байқалады: "Отан" - 755,2%, "Валют-транзит қоры" - 63,8%, "Қорғау" - 42,8%, "Қазақстан" - 40,8%.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары қимасындағы салымшылардың базалық санының серпiнi қатысушыларды жинақтаушы зейнетақы жүйесiне жаппай тарту сатысының аяқталғандығын, бiрақ олардың жинақтаушы зейнетақы қорлары тарапынан қарқынды жүргiзілген маркетингiлiк қызмет әсерiнен жүйе ішiнде қайта бөлінуi жалғасуда екенін байқатады (4-кесте). Салымшыларды тарту мақсатында бәсекелестiктi күшейту барысында қалыптасқан тенденцияның сақталуы болжануда.
4-кесте
2002 жылға жинақтаушы зейнетақы қорларына қаражаттардың
зейнетақы жинақтарын аудару түрiнде келiп түсу
____________________________________________________________________
| | | Оның iшiнде, |
| | | "Мемлекеттiк |
| | |жинақтаушы зейнет.|
Қорлардың атауы | 2002 | Үлес | ақы қорынан" | Үлес
| жыл, |салмағы, | басқа қорларға | салмағы,
| млн. | % | аударылғаны, | %
|теңге | | млн. теңге |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
____________________________________________________________________
"Мемлекеттiк жинақ.
таушы зейнетақы қоры" 445 2,9 - -
"Валют-транзит қоры" 1 520 9,9 1 068 70,3
"Д.А. Қонаев атындағы 134 4,9 80 59,7
қор"
"Халықтық зейнетақы 749 4,9 353 47,1
қоры"
"Қазақстан" 595 3,9 215 36,1
"Қазақстан Халық Банкi 3 669 23,9 1 579 43,0
қоры"
"Қазақмыс" 48 0,3 13 27,1
"Ұлар Үмiт" 2 380 15,5 1 563 65,7
"НефтеГазДем" 403 2,6 205 50,9
"Құрмет" 1 080 7,0 626 58,0
"Абн-Амро
КаспийМұнай Газ" 1 177 7,7 648 55,1
"Сенiм" 297 1,9 156 52,5
"Қорғау" 337 2,2 239 70,9
"Филип Моррис Қазақстан" 104 0,7 46 44,2
"Отан" 1 992 13,0 190 9,5
"Капитал" 429 2,8 138 32,2
____________________________________________________________________
Барлығы 15 359 100,0 7 119 46,4
____________________________________________________________________
2001 жылы "ҰларҮмiт", "Абн-Амро КаспийМұнайГаз" және "Қазақстан Халық Банкi қоры" жиынтығында салымшылар аударған зейнетақы жинақтары жалпы көлемiнiң 81%-iн тарта бiлдi. Кестеден көрінгендей, 2002 жылы "Қазақстан Халық Банкi қоры" мен "Ұлар Үмiт" қорлары аударылған зейнетақы жинақтарын тартуда жетекшi орындарда болды (39,4%), ал "Қазақстан Халық Банкi қоры" бұрынғы мерзiммен салыстырғанда 2002 жылы зейнетақы жинақтарын тарту көлемiн екi есеге арттырды. Басқа қорлардан салымшыларды тартуда "Қазақстан Халық Банкi қоры" мен "ҰларҮмiт" қорларының көш бастауы ауқымды жарнамалы компаниямен қатар сараланған агенттiк желi жұмысына бағытталған жұмылдырылған қатаң маркетингтiк стратегияның жемiсi болып табылады. Басқа жинақтаушы зейнетақы қорларының деректерiмен қатар 2001 жылы "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына" салымшылар аударған жинақтардың жиынтық көлемiнiң 1%, 2002 жылы 2,9% келіп түстi. Жоғарыда атап өтiлген қорлармен салыстырғанда "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына" аударымдардың мұндай елеусiз деңгейi "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" заңға енгiзiлген өзгерiстердi айқындайтын ақпараттық-түсiндiрме жұмыстарымен ғана шектелiп, салымшыларды тарту стратегиясын жүргiзбейтіндiгiмен, ал агенттiк желiнiң жұмысы Қордың салымшысы болып табылатын тұлғалармен зейнетақы келiсiм-шарттарын жасасу, қате шоттарды бiрiктiру қызметiмен және құлақтандыру науқанына қатысумен ғана шектелетiндiгiмен түсiндiрiледi. Осының негiзiнде "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына" ауысқан салымшылар өз таңдауларын маркетингтiк тәсiлдiң әсерiнен емес, саналы түрде жасаған деген тұжырымға келуге болады.
Жинақтарды аударудың жалпы тенденциясы бұрынғы мерзiммен салыстырғанда 2002 жылы 29,5% төмендедi, бұл салымшылардың зейнетақы жинақтарын аудару туралы шешiм қабылдауды олардың аударымдардың артықшылықтарын ашып көрсететiн, толық көлемдегi ақпаратты және шешiм қабылдау үшiн ұзақ мерзiм талап етiлетiн жауапты қаржы мәселесi санатына жатқызатындығын көрсетедi. Сондай-ақ 4-кестеден көрiнгендей, жекелеген зейнетақы қорлары "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына" салымшылар тартуға мақсатты түрде бағдар ұстанған, мысалы: "Қорғау" (70,9%), "Валют-транзит қоры" (70,3%), "ҰларҮмiт" (65,7%) және "Д.А.Қонаев атындағы қор" (59,7%).
5-кесте
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан 2002 жылға
зейнетақы жинақтарын аудару
____________________________________________________________________
| | | Оның iшiнде, |
| | | "Мемлекеттiк |
| | |жинақтаушы зейнет.|
Қорлардың атауы | 2002 | Үлес | ақы қорынан" | Үлес
| жыл, |салмағы, | басқа қорлардан | салмағы,
| млн. | % | келіп түскені, | %
| теңге| | млн. теңге |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
____________________________________________________________________
"Мемлекеттiк жинақ.
таушы зейнетақы қоры" 7 119 46,4 - -
"Валют-транзит қоры" 273 1,8 23 8,4
"Д.А. Қонаев атындағы 55 0,4 7 12,7
қор"
"Халықтық зейнетақы 429 2,8 19 4,4
қоры"
"Қазақстан" 132 0,9 3 2,3
"Қазақстан Халық Банкi 1 666 10,9 180 10,8
қоры"
"Қазақмыс" 93 0,6 4 4,3
"Ұлар Үмiт" 3 298 21,5 108 3,3
"НефтеГазДем" 156 1,0 9 5,8
"Құрмет" 576 3,8 24 4,2
"Абн-Амро
КаспийМұнай Газ" 988 6,4 27 2,7
"Сенiм" 204 1,3 10 4,9
"Қорғау" 235 1,5 10 4,3
"Филип Моррис Қазақстан" 83 0,5 19 22,9
"Отан" 38 0,2 1 2,6
"Капитал" 5 0,0 0,06 1,2
____________________________________________________________________
Барлығы 15 350 100,0 444 2,9
____________________________________________________________________
Жинақтарды басқа қорларға аудару нәтижесiнде "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорында" қаражаттардың жылыстауының үлес салмағы 2001 жылғы 86,5%-тен 2002 жылы 46,4%-ке дейiн төмендегенiне қарамастан, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" бұл көрсеткiш бойынша бiрiншi орында қалуда. "ҰларҮмiт" қорынан ауысу көлемi 2001 жылғы 2,1%-тен 2002 жылы 21,5%-ке дейiн едәуiр өстi. Аударым нәтижесiнде қаражаттардың жалпы жылыстауы "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры", "Қазақстан Халық Банкi қоры" және "ҰларҮмiт" қорының 2002 жылғы үлес салмағы 78,8% құрады, ол аталған қорларда жинақтаушы зейнетақы жүйесi активтерiнiң 67,8%-нiң әкiмшiлдендiрiлуiмен түсiндiрiледi. Аударым нәтижесiнде "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына" басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан келiп түскен сомалардың үлес салмағын қарастырсақ, алдыңғы позицияны "Филип Моррис Қазақстан" (жалпы аударым сомасының 22,9%) иеленедi, бұл осы корпорациядағы кадрлардың тұрақтамауынан болуы мүмкiн. "Қазақстан Халық Банкi қоры" мен "ҰларҮмiт" қорынан аударымдардың айтарлықтай көлеміне қарамастан, осы қорлардың шығыны қорларға аударылған жинақтар есебiнен өтелiп отырды, зейнетақы жарналары түрiнде келiп түскен жинақтарын басқа қорларға аудару арқылы өз активтерiнен айрылуға мәжбүр болған "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" позициясы осылай сипатталады.
6-кесте
Жинақтаушы зейнетақы қорлары қимасында
зейнетақы жарналарының келiп түсу серпiнi
____________________________________________________________________
Қорлардың атаулары | 2001 жыл, | Үлес |2002 жыл, | Үлес
| млн. теңге |салмағы, %|млн. теңге |салмағы, %
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
____________________________________________________________________
"Мемлекеттiк жинақ.
таушы зейнетақы қоры" 15 449 35,0 15 887 24,1
"Валют-транзит қоры" 1 361 3,1 2 225 3,4
"Д.А.Қонаев атындағы қор" 119 0,3 172 0,3
"Халықтық зейнетақы қоры" 838 1,9 1 443 2,2
"Қазақстан" 1 276 2,9 1 676 2,5
"Қазақстан Халық Банкi 12 577 28,5 15 621 23,7
қоры"
"Қазақмыс" 1 531 3,5 1 791 2,7
"Ұлар Үмiт" 1 308 3,0 11 831 18,0
"НефтеГазДем" 1 191 2,7 1 731 2,6
"Құрмет" 2 311 5,2 3 400 5,2
"Абн-Амро
КаспийМұнай Газ" 2 410 5,5 5 239 7,9
"Сенiм" 2 650 6,0 2 835 4,3
"Қорғау" 1 017 2,3 1 265 1,9
"Филип Моррис Қазақстан" 66 0,1 160 0,2
"Отан" 19 0,0 447 0,7
"Капитал" - - 187 0,3
____________________________________________________________________
Барлығы 44 123 100,0 65 910 100,0
____________________________________________________________________
Зейнетақы жарналарының келiп түскен сомаларының позициясы бойынша алғашқы орынға "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ие - 24,1%, "Қазақстан Халық Банкi қоры" - 23,7%, "ҰларҮмiт" - 18,0%, ол осы қорларда әкiмшiлiк жолмен басқарылатын жеке зейнетақы шоттарының санына пара-пар деген сөз. "Абн-Амро КаспийМұнайГаз" қорына едәуiр көлемде түскен түсiмдер (7,9%) бұл қордың салымшылар кiрiсiнiң жоғары деңгейлiлігімен түсiндiрiледi.
7-кесте
2002 жылға жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы
жинақтарын төлеу серпiнi
____________________________________________________________________
Қорлардың атаулары | 2002 жыл, млн. | Үлес салмағы, %
| теңге |
____________________________________________________________________
"Мемлекеттiк жинақ.
таушы зейнетақы қоры" 1498 22,9
"Валют-транзит қоры" 218 3,3
"Д.А.Қонаев атындағы қор" 14 0,2
"Халықтық зейнетақы қоры" 109 1,7
"Қазақстан" 201 3,1
"Қазақстан Халық Банкi қоры" 1 548 23,7
"Қазақмыс" 312 4,8
"Ұлар Үмiт" 1 095 16,7
"НефтеГазДем" 124 1,9
"Құрмет" 290 4,4
"Абн-Амро 509 7,8
КаспийМұнай Газ"
"Сенiм" 554 8,5
"Қорғау" 33 0,5
"Филип Моррис Қазақстан" 6 0,1
"Отан" 26 0,4
"Капитал" 1 0,0
____________________________________________________________________
Барлығы 6 538 100,0
____________________________________________________________________
2003 жылғы 1 қаңтарға зейнетақы жинақтарын төлеу (ақша қаражаттарының жүйеден зейнетақымен қамсыздандыруға шығуы) сомасы жинақтаушы зейнетақы жүйесi қызмет ете бастаған уақыттан бергі үдемелi қорытындымен 14 611 млн. теңгені құрады, оның iшiнде 2002 жылы алушылардың зейнетақы төлемдерiне 6 538 млн. теңге жiберiлдi (7-кесте). Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы төлемдерiн төлеу көрсеткiшiнiң ауытқуы ең алдымен демографиялық жағдайларға және есеп беретiн мерзiм iшiнде зейнетақы төлемдерiнiң жалпы көлемiн құрайтын дербестендiрiлген жинақ сомасына байланысты. Тұтас алғанда жылдық серпiн бойынша зейнетақы төлемдерi көлемінiң сатылы өсуi байқалады, соның нәтижесінде 2002 жылдың желтоқсанында барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары мiндеттi зейнетақы төлемдерiнiң көлемi 2002 жылғы қаңтарда жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерiнiң көлемiнен 45% артты. Зейнетақы қорларының барлығы зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырады және зейнетақы төлемдерiнiң ең көп көлемi iрi зейнетақы қорларында байқалады. 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап 2002 жылғы 1 қаңтар аралығында жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң зейнетақы активтерінің жиынтық құны 112 869 млн. теңгеден 182 652 млн. теңгеге дейін көтерілдi, оның iшiнде 32,30% немесе 58 999 млн. теңгенi "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" активi құрайды. 2002 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі зейнетақы активтерінің құны 87 507 млн. теңгеге артып, 270 159 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" активтерi 75 774 млн. теңге (жинақтаушы зейнетақы жүйесi бойынша активтер құнының 28,05%) (8-кесте).
8-кесте
Зейнетақы активтерi бойынша рыноктық үлес серпiнi
____________________________________________________________________
| 2001 жыл | 2002 жыл
|______________________________________
Қорлардың атауы | млн. | Үлес | млн. | Үлес
| теңге |салмағы, %| теңге |салмағы, %
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
____________________________________________________________________
"Мемлекеттiк жинақ. 58999 32,30 75 774 28,05
таушы зейнетақы қоры"
"Валют-транзит қоры" 4017 2,20 7889 2,92
"Д.А.Қонаев атындағы қор" 515 0,28 821 0,30
"Халықтық зейнетақы қоры" 2974 1,63 5072 1,88
"Қазақстан" 4681 2,56 7342 2,72
"Қазақстан Халық Банкi қоры" 39058 21,38 60832 22,52
"Қазақмыс" 6483 3,55 8858 3,28
"Ұлар Үмiт" 31452 17,22 46504 17,21
"НефтеГазДем" 3983 2,18 6433 2,38
"Құрмет" 6508 3,57 11169 4,14
"Абн-Амро КаспийМұнай Газ" 12127 6,64 18923 7,00
"Сенiм" 9035 4,95 12757 4,72
"Қорғау" 2285 1,25 3916 1,45
"Филип Моррис Қазақстан" 421 0,23 649 0,24
"Отан" 114 0,06 2596 0,96
"Капитал" - - 624 0,23
____________________________________________________________________
Барлығы 182652 100,00 270159 100,00
____________________________________________________________________
2001-2002 жылдардағы жинақтаушы зейнетақы қорларының рыноктық үлестер серпiнiн және қаржылық құралдар себетi құрылымының өзгерiстерiн талдау - зейнетақы активтерi себетi үлгiлерiнiң әртараптандырылғанына қарамастан, көптеген қорларда атаулы табыс коэффициентi мәнiнiң тұрақты төмендеу тенденциясы байқалатындығын көрсеттi. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" елеусiз төмендегеніне қарамастан, 2002 жыл бойына өзiнiң нақты табыстылығын өзiне сенiп тапсырылған зейнетақы активтерiн басқарудың өлшеулi және тиiмдi стратегиясы арқылы жүргiзiп, барынша тұрақтандырды.
Ұсынылған нақты кiрiс коэффициентiнiң ай сайынғы серпiнi жинақтаушы зейнетақы қорының шартты зейнетақы бiрлiгiнiң құны сияқты қаржы көрсеткiшiмен өзара сабақтас екендiгiн атап өткен жөн (9-кесте).
9-кесте
Нақты кiрiстiк коэффициентi (К2) мен шартты зейнетақы
бiрлiгi (ШЗБ) құнының серпiнi
____________________________________________________________________
| 2001 жыл | 2002 жыл
|_______________________________________
Қорлардың атауы | К2, % | ШЗБ құны, | К2,% | ШЗБ құны,
| | теңге | | теңге
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
____________________________________________________________________
"Мемлекеттiк жинақ. 15,84 232,4482 14,80 266,6102
таушы зейнетақы қоры"
"Валют-транзит қоры" 14,42 250,8393 12,38 281,0647
"Д.А.Қонаев атындағы қор" 14,44 233,7715 11,87 260,9985
"Халықтық зейнетақы қоры" 15,42 267,3640 12,46 299,8405
"Қазақстан" 16,54 251,0615 13,27 283,3791
"Қазақстан Халық Банкi қоры" 15,02 261,7668 12,71 294,3595
"Қазақмыс" 14,87 268,4221 13,01 304,0027
"Ұлар Үмiт" 14,25 262,2282 12,97 299,7234
"НефтеГазДем" 15,78 258,8800 13,12 288,3535
"Құрмет" 16,54 211,8701 13,27 239,3788
"Абн-Амро КаспийМұнай Газ" 14,51 181,8676 12,64 204,5951
"Сенiм" 15,52 141,5332 12,91 160,3808
"Қорғау" 15,52 131,5510 11,36 146,1375
"Филип Моррис Қазақстан" - 106,5426 11,42 118,4678
"Отан" - 100,5905 9,87 110,6464
"Капитал" - - - 105,2561
____________________________________________________________________
Шартты зейнетақы бiрлiгi құнының өсу қарқыны жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметi мен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару органдарының зейнетақы активтерiн тиімдi пайдалану нәтижелерiне сай өзгерiп отырады.
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметi iшкi және сыртқы рыноктарда қалыптасқан жағдайларда Қордың зейнетақы бiрлiгi құны өсу қарқынының тұрақты деңгейiн қамтамасыз етуге бағытталған.
Негiзгi клиенттер (тұтынушылар, тапсырыс берушiлер)
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу тенденциясы өсiп отырған жұмысқа жарамды халқы жинақтаушы зейнетақы қорларының негiзгi әлеуетті клиенттері (салымшылары) болып табылады. Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң деректерiне сүйенсек, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне экономикалық белсенді халықтың 73,0% қатысады. 2002 жылы жылдың басымен салыстырғанда жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысушылар саны 16,6%-ға өсіп, республика азаматтарының 5 399 320 құрады, олардың iшiнде барлық салымшылардың/қатысушылардың жалпы санының 42,6% халықтың зейнетақы жинақтарын құрайтын және салымшылар үшiн инвестициялық кiрiс алу мақсатында оларды өзi дербес басқаратын "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының" (бұдан былай - Қор) салымшылары болып табылады. Қордың клиенттерi - салымшылары, олардың жеке кiрiс деңгейiне қарамастан, Қазақстанның барлық өңiрiн және барлық әлеуметтiк жiктердi қамтитын азаматтары болып табылады, яғни еңбек рыногының барлық сараланымын қамтиды. 2002 жылдың қорытындылары бойынша Қорда 2 299 416 жеке зейнетақы шоттары (2001 жылмен салыстырғанда 7,3%-ға артық) ашылып, оларға қызмет көрсетiлдi. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсте салымшылардың ең көп үлес салмағы Алматы облысына (Алматы қаласын қоса алғанда) - 24,8%, Ақмола облысына (Астана қаласын қоса алғанда) - 14,4%, Шығыс Қазақстан облысына - 9,8% тиесiлi (10-кесте).
10-кесте
Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегі салымшылар саны үлес
салмағының cepпіні
____________________________________________________________________
Облыс |2001 жыл, % |2002 жыл, % |Пайыздық тармақтардың
| | |өсуi/төмендеуi (+/-)
____________________________________________________________________
Ақмола 10,6 14,4 +3,8
Ақтөбе 4,1 4,3 +0,2
Алматы 25,7 24,8 -0,9
Атырау 3,4 3,3 -0,1
Шығыс Қазақстан 10,2 9,8 -0,4
Жамбыл 4,4 4,0 -0,4
Батыс Қазақстан 3,5 3,6 +0,1
Қарағанды 10,2 8,5 -1,7
Қызылорда 2,3 2,3 0,0
Қостанай 5,9 5,5 -0,4
Маңғыстау 1,9 1,7 -0,2
Павлодар 5,6 5,3 -0,3
Coлтүстік Қазақстан 4,5 4,4 -0,1
Оңтүстік Қазақстан 7,7 8,1 +0,4
____________________________________________________________________
Гендерлi талдау жасау 2002 жылы 2001 жылдағыдай Қорда салымшы-еркектер салымшы-әйелдерден басымырақ болғанын көрсетедi. 2003 жылдың 1 қаңтарында еркектер саны 1 182 032 (салымшылардың жалпы санының 51,4%) және әйелдер саны 1 117 384 (48,6%) болды. Қордың 2001-2002 жылдардағы ақпараттық деректер базасының құрылымын талдау қалалық салымшылар деңгейiнiң селолық салымшылар деңгейiнен артық екендігін көрсеттi. 2003 жылғы 1 қаңтарда қалалық салымшылар саны 1 348 014 (салымшылардың жалпы санының 58,6%) құраса, селолық салымшылар саны 951 402 (41,4%) құрады (11-кесте).
11-кесте
Әкiмшілік-аумақтық бөлiнiстегi салымшылар, құрылымы
(адам)
____________________________________________________________________
| 2001 жыл | 2002 жыл
Облыс |____________________|_____________________
| қалалық | селолық | қалалық | селолық
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
____________________________________________________________________
Ақмола 124 045 102 521 242 668 89 385
Ақтөбе 50 498 38 905 55 669 42 226
Алматы 425 735 124 431 436 492 134 205
Атырау 39 573 33 380 41 811 33 215
Шығыс Қазақстан 141 237 76 522 143 426 81 309
Жамбыл 44 082 47 781 42 737 49 401
Батыс Қазақстан 35 032 42 211 35 262 48 607
Қарағанды 89 211 128 670 75 076 119 795
Қызылорда 23 277 26 213 23 145 28 655
Қостанай 64 195 61 207 61 749 64 890
Маңғыстау 32 869 8 726 30 986 8 848
Павлодар 36 764 83 399 36 769 85 724
Солтүстiк Қазақстан 34 685 64 060 33 748 68 340
Оңтүстiк Қазақстан 77 170 86 705 88 480 96 806
____________________________________________________________________
Барлығы 1 218 373 924 731 1 348 014 951 402
____________________________________________________________________
Салымшыларды 2003 жылғы 1 қаңтарға экономика саласы қимасында сыныптау бойынша салымшылардың негiзгi үлесі депозитарийлiк емес қаржылық корпорацияларда (сақтандыру, делдалдық, сенiмгерлiк мекемелер, банк операцияларының кейбiр түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда және т.б.) - 41,9%, Қазақстан Республикасы Yкiметiнде - 25,9% жұмыс істейдi (12-кесте).
12-кесте
Салымшылар санының экономика саласы қимасындағы үлес
салмағының серпiнi
(пайыз)
____________________________________________________________________
Атауы | 2001 жыл | 2002 жыл
____________________________________________________________________
Халықаралық ұйымдар 0,0 0,0
Үкiмет 45,7 25,9
Өңiрлiк және жергiлiктi 0,0 9,6
басқару органдары
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі және басқа 0,1 0,1
елдердiң орталық банктерi
Ақша - депозитарийлiк 0,1 1,6
корпорациялар
Депозитарийлiк емес қаржы 31,1 41,9
корпорациялары
Мемлекеттiк қаржылық емес 0,0 3,9
корпорациялар
Мемлекеттік емес қаржылық 0,0 9,8
емес корпорациялар
Коммерциялық емес мекемелер 0,0 0,4
Үй шаруашылығы 0,0 2,9
Басқалары 23,0 3,9
____________________________________________________________________
Қор салымшыларының басым көпшілігін 2001-2002 жылдарда тұрақты түрде 40,49, 30-39 жастағы азаматтар/салымшылар құрады (13-кесте).
13-кесте
Жас шамасы қимасындағы салымшылар үлес салмағының серпiнi
(пайыз)
____________________________________________________________________
| 2001 жыл | 2002 жыл
Жас |_______________________|___________________________
| еркектер | әйелдер | еркектер | әйелдер
____________________________________________________________________
<16-19 1,0 0,8 1,2 1,0
20-29 22,9 24,2 23,0 24,3
30-39 28,5 29,9 28,2 29,5
40-49 27,6 30,4 27,8 30,2
50-59 15,3 13,5 15,4 14,0
60->63 4,7 1,2 4,4 1,0
Барлығы 100,0 100,0 100,0 100,0
____________________________________________________________________
Талдаудан көрiнiп тұрғанындай Қордың салымшылары (клиенттерi) Қазақстанның барлық облыстарының қалалары мен селоларында тұратын, экономиканың түрлi секторларында жұмыс жасайтын жынысы және жас шамасы әр түрлi топтағы азаматтардың спектрiн құрайды.
Қор сан салалы жүйенi пайдалана отырып, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатыспаған әлуеттi салымшыларды тарту мiндетiн жүзеге асыру мақсатында барлық салымшыларды, сондай-ақ Қазақстан жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысушы тұрғындардың барлық әлеуметтiк жiктерiн зейнетақы қызметтерiмен бiрдей қамтамасыз етуге мақсатты бағытталған жұмыстар жүргiзiп жатыр.
3. 2001-2003 жылдардағы өндiрiстiк-қаржы қызметiне талдау
Қордың меншiктi активтерiнiң жалпы көлемi 2002 жылда 31,5% көбейдi және 2003 жылғы 1 қаңтарға 1 361 млн. теңгенi құрады. Бұл орайда активтердiң жалпы көлемiндегi өтiмдiлiгi жоғары активтердiң үлес салмағы мерзiм iшiнде 80,9%-ға дейiн немесе 5,0% өстi, ал кiрiс әкелетiн активтерi (қаржылық инвестициялар) Қордың еркiн меншiктi қаражатын инвестициялау есебiнен 78,5%-ғa дейiн немесе 37,3% өстi. Қордың мiндеттерiнiң жалпы көлемi 2002 жылда 28,9% өсiп, 2003 жылғы 1 қаңтарға 339 млн. теңгенi құрады. Мiндеттемелердiң негiзгi көлемiн 2002 жылы есептелген 253 млн. теңге мөлшерiндегi немесе мiндеттемелердiң жалпы сомасының 74,6% көлемiндегi дивидендтер құрайды. 2002 жыл бойына Қор орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiн, Қордың филиалы мен өкiлдiктерiн оңтайландыруға, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтердiң өзiндiк құнын төмендетуге және шығынды барынша азайтуға баса назар аударды. Соның нәтижесiнде қаржылық тұрақтылық нығайып, 2002 жылды оң қаржы көрсеткiшiмен аяқтауға мүмкiндiк бердi.
Қордың меншiктi капиталының көлемi 2002 жылғы бөлiнбеген кiрiс есебiнен 32,9% көбейдi және 2003 жылғы 1 қаңтарға сақтық капиталының 48,5% немесе 101 млн. теңгеге көбеюiмен 1 021 млн. теңгенi құрады.
Қордың кiрiсiнiң жалпы көлемi 2000 жылы 21,5% көбейiп, 1 230 млн. теңгенi құрады: оның iшiнде зейнетақы жарналарынан комиссиялық сыйақы түрiнде алынған кiрiс - 12,9%, зейнетақы жинақтары есебінен инвестициялау түрiнде алынған кiрiс - 82,8%, меншiктi қаражаттар есебiнен инвестициялық қызметтен кiрiс - 3,8%, басқа да кiрiс - 0,5% құрады. 2002 жылы зейнетақы жарналары есебiнен инвестициялық қызметтен комиссиялық сыйақы түрiнде түскен кiрiс көлемi 3,2%-ке, зейнетақы жинақтары есебiнен инвестициялық қызметтен комиссиялық сыйақы түрiнде түскен кiрiс 26,3%-кe өстi. Салымшылардың зейнетақы жинақтары жалпы көлемiнiң өсуiнен және тиiсiнше инвестициялау көлемiнiң көбеюiмен бiрге айтарлықтай өсiм қаржы рыноктарында осы мерзiм iшiнде қолайлы жағдаятты бағаның қалыптасуына орай 2002 жылдың бiрiншi жартысында Қордың инвестициялар қоржынындағы базалық активтер пакетiнiң сатылуымен қатар, сыртқы рыноктағы сауда операцияларының тиiмдiлiгiне де қатысты болды. Қордың меншiктi қаражаттары есебiнен инвестициялау қызметiнiң комиссиялық сыйақысы түріндегi кiрiс көлемi 6,8% өстi. Аталған өсiм ағымдағы шығындарды шегергенде комиссиялық сыйақы сомаларының келiп түсу есебiнен Қордың меншiктi активтерi өсiмiнiң ай сайынғы серпiнiнiң сақталуымен, сондай-ақ еркiн ақшаларды өтiмдiлiгi жоғары қаржы құралдарына одан әрi инвестициялаумен сипатталады.
Қор шығынының жалпы көлемi 17,2% өсіп, 2002 жылы 497 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде қызметкерлерге еңбек ақы төлеу шығыны 29,6%, еңбек ақыдан аудару - 5,4%, негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердiң өтелiмi - 7,6%, негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердi жөндеу және оларға қызмет көрсету - 1,2%, байланыс қызметтерi - 10,3%, консультациялық (аудиторлық) және ақпараттық қызметтер - 7,6%, банк қызметтерi - 12,9%, жалдау шығыны - 1,6%, басқаша шығындар - 18,5% құрады. 2002 жылы қызметкерлерге ақы төлеу шығынының көбеюi (38,7%) штат санының және қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларының өсуiмен де байланысты. Шығынның көрсетiлген бабы еңбек ақыдан ұсталатын аударым жарнасы бойынша шығынның өсуiне әсер еттi. Осы мерзiм iшiнде негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердiң өтелiмiне кеткен шығын көлемiнiң өсуi (15,2%) Қордың негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерге салған салымының көбеюiне, байланыс қызметтерiндегi шығынның ұлғаюы (21,4%) хабарламаларды жеткiзу қызметi мен коммуникация қызметi көлемiнiң артуына байланысты. Консультациялық (аудиторлық) және ақпараттық қызметтер шығыны көлемiнiң артуы (58,3%), халық арасында зейнетақы реформасы туралы түсiндiрме науқанын жүргiзу аясында ақпараттар беру шығыны, сондай-ақ "REUTERS" ақпараттық жүйесi бойынша шығынның өсуiмен байланысты. 2002 жылы банк қызметтеріне жiберілген шығынның азайғандығына (2001 жылмен салыстырғанда - 7,2%) қарамастан, бұл бап шығындардың жалпы сомасында айтарлықтай үлесiн сақтап отыр. Басқа шығындар 24,3%-ке артты.
Қордың таза кiрiсi 2001 жылғы деректермен салыстырғанда 22,2% өсті және 506 млн. теңге құрады, тиiсiнше корпоративтiк табыс салығы 30,5%-кe өсiп, 227 млн. теңгенi, ал есептелген дивидендтер 22,2%-ке өсiп, 253 млн. теңгені құрады.
2003 жыл iшiндегі болжалды нәтижелер.
2003 жылы Қордың кiрiсi 1 341 млн. теңге деңгейiнде (2002 жылғы нәтижелермен салыстырғанда 9,0% артық) болжанып отыр. Бұдан басқа, 2003 жылғы алдын-ала нәтижелер бойынша 2003 жылға бекiтiлген сметада қарастырылған кiрiстердiң артуы, шығыстардың кемуі және 2002 жылмен салыстырғанда таза табыстың артуы болжанып отыр.
Кiрiстердi болжауда төмендегі топшыламалар есепке алынды:
1) Республика экономикасының өсуi және 2001 - 2002 жылдар iшiнде мемлекеттiк бюджет тапшылығының төмендеуi мемлекет тарапынан іштей қарызға алу көлемiнiң азаюына және қысқа мерзiмдi мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша пайыздық табыстылық ставканың және тиiсінше рыноктық пайыздық ставканың төмендеуiне, ол өз нәтижесiнде жылдық 9,5-10% деңгейiне жетіп, барлық зейнетақы қорларының инвестициялық қоржынының iшкi кiрiсiнiң төмендеуiне әкелдi. Сонымен қатар, бағам айырмасынан инвестициялық кiрiс есебінде зейнетақы активтері өсiм қарқынының төмендеуiне әкелген халықаралық және iшкі қаржы рыноктарының валюталық секторларында көрiнiс алған 2002 жылдың аяғы мен 2003 жылдың басындағы ахуал да барынша әсер еттi. Қазiргi инвестициялық мерзiм iшiнде республиканың жинақтаушы зейнетақы қорларының көпшілiгi өз инвестициялар қоржынындағы, орташа алғанда үлес салмағы 75% шетелдiк валютада аталған қаржы активтерiнiң ағымдағы құнын қайта есептеу кезiнде айтарлықтай бағам зиянын шектi;
2) Комиссиялық сыйақыны есептеу және өндiрiп алудың жаңа үлгiсi Қордан Қазақстанда және әлемде қаржы құралдарына кiрiстiлiктiң жалпы төмендеуi жағдайында, зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құнының инвестициялау нәтижелерiнен барынша тәуелдi болуы, сондай-ақ бағам айырмасынан залалға қалу қатерiнiң болуы себептi, өз қызметiнен алынатын кiрiстi жоспарлау кезiнде сақтанымпаз көзқарасты талап еттi;
3) Әртараптандыру мiндеттемелерiнiң нормаларын жоспарлы өзгерту болашақта Қордың инвестициялық қоржынын барынша тұрақтандырып, инвестициялық қатердi төмендетуге мүмкiндiк бередi. Бұл ретте Қордың мамандары жүзеге асырған бағалаулар көрсеткiшiндегi инвестициялар себетiн қайта құрылымдау және зейнетақы активтерiнiң бiр бөлiгiн iшкi және сыртқы қаржы рыноктарының корпоративтiк секторының қаржы құралдарында қолданыстағы рыноктық ставка бойынша орналастыру кезiнде тиiмдi кiрiстiлiк жылдық 8,35-8,75%-ке дейiн аздап өседi. Ол 10% әртараптандыру нормаларына дейiн үш айдан көп артық болмайтындай уақытқа депозитке орналастыру мерзiмiмен екiншi деңгейдегi қазақстандық банктерде орналастырылған (орналастыру кезiнде орташа тиiмдi кiрiстiлiк жылдық 15% құрады) депозиттердiң инвестициялар қоржынындағы үлес салмағының бiр мезгiлде 20% төмендеуiне және бұл зейнетақы активтерiнiң жылдық 6,8 - 7,3% рыноктық кiрiстiлiгi бар қаржы құралдарына қайта инвестициялануына байланысты.
Қор кiрiсiнiң өзгеруiне әсер етуi мүмкiн негiзгi факторларға мыналар жатады:
Негiзгi қызметтен түскен кiрiс
- iшкi, сондай-ақ сыртқы бағалы қағаздар рыноктарында
сақталған пайыздық ставкалар мен индекстердiң төмендеу
серпiнi бойынша қаржы рыноктарындағы жалпы тенденциялар;
- Қордың салымшыларды тарту жұмысында "жанама қор" мәртебесiн
жоғалтуы;
- "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер
енгiзуге байланысты жинақтаушы зейнетақы қорларында
комиссиялық сыйақы есептеудiң жаңа әдiсi және Қордың
зейнетақы активтерiн инвестициялауды әртараптандыруды
кеңейту;
- басқа жинақтаушы зейнетақы қорлары тарапынан бәсекелестiк
және маркетингтiк жұмыстарды күшейту.
Негiзгi қызметтен алынған кiрiс көлемiн есептеу кезiнде мына болжамды мәндер мен жорамалдар қабылданды: зейнетақы активтерiнің орташа айлық келiп түсу сомалары - 1 400 - 1 600 млн. теңге, зейнетақы жинақтарын төлеудiң орташа айлық деңгейi 800 - 900 млн. теңге мөлшерiнде жоспарланады, зейнетақы активтерiн инвестициялаудың орташа айлық өсiм мөлшерi - 400 - 600 млн. теңге. Зейнетақы заңына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес комиссиялық сыйақы мөлшерiн есептеудiң жаңа тәртiбi - қаржы құралдарына инвестицияланған зейнетақы активтерiнiң сомасынан және есепке алынған инвестициялық кiрiстен есептеу тәртiбi қарастырылған. Осыған байланысты Қор комиссиялық сыйақы есептеудiң ең сақтанымпаз деңгейiн қарастырады: қаржы құралдарына инвестицияланған зейнетақы активтерi сомасының мөлшерiнен - 0,02%, есептелген инвестициялық кiрiс мөлшерiнен - 15%. Жүзеге асырылған есептесулердiң нәтижесiнде зейнетақы активтерiн 84 400 млн. теңге мөлшерiндегi қаржы құралдарына инвестициялау жоспарланады. Негiзгi қызметтен (зейнетақы активтерiнiң кiрiсi мен инвестициялық кiрiс) түсетiн жалпы кiрiс сомасы 1 267 млн. теңге мөлшерiнде жоспарланады немесе ол 2002 жылғы осындай көрсеткiштен 7,6% артық.
Қосымша қызметтен түскен кiрiс
800-900 млн. теңге мөлшерiнде Қордың меншiктi қаражаттарының орташа жылдық көлемiн орналастыру болжанады, оның iшiнде 2003 жылдың басында 1 050 млн. теңгедей құраған инвестициялар көлемі, банктегi есепшоттардағы еркiн қаражат қалдығы, 2003 жылы түседi деп жоспарланған мөлшерi 1 267 млн. теңге комиссиялық сыйақы, 2002 жылдың қорытындылары бойынша 2003 жылдың 1 тоқсанында төленетiн дивидендтер мен корпоративтiк табыс салығы, сондай-ақ 2003 жылы қарастырылған салық төлемiн қоса алғанда, әкiмшiлiк-шаруашылық шығыстары есепке алынады. Активтердiң жоспарланған өсiмi орташа жылдық кiрiстiлiк деңгейi теңгемен жылдық 5,2-5,4% немесе меншiктi қаражаттарды инвестициялаудан 74 млн. теңге мөлшерiнде алынатын кiрiспен 2003 жыл бойына қаржы құралдарына инвестицияланатын болады.
2003 жылы Қордың жалпы шығыс сомасы 644,88 млн. теңге мөлшерiнде жоспарланған, ол тиiсiнше 2002 жылғы көрсеткiштен 29,7% артық (1-қосымша). Кассалық аударымдардың қорытындысы бойынша 700 млн. теңге деңгейiнде шығыс болмақ (4-қосымша). Қор шығысының көбеюi қызметкерлерге еңбек ақы төлеу шығысының өсуiмен, негiзгi құрал-жабдықтардың тозуымен, материалдық емес активтердiң өтелiмi, негiзгi құрал-жабдықтар және материалдық емес активтердi жөндеу мен оларға қызмет көрсету, коммуналдық шығыстар, өкiлдiктер шығысы, қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтеру шығысы, кеңселiк және баспа жұмыстарына байланысты қызметтер шығысы, күзет шығыстары, банктiң көрсеткен қызметi үшiн шығыстар, жалгерлiк және басқа да шығыстармен байланысты.
Тұтас алғанда, Қор қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу (еңбек ақы және сыйақы қоры) шығындар сомасы 218 млн. теңгенi құрайды, соның iшiнде: штаттық қызметкерлер бойынша - 210 млн. теңге, тартылған қызметкерлер (агенттер) бойынша - 8 млн. теңге. Еңбек ақы бойынша шығыстың жалпы сомасы 2002 жылмен салыстырғанда 70,9 млн. теңге немесе 48,2%-ды құрайды. Көбею:
1) 2003 жылы "Еңбек ақы қоры" бабына штаттық қызметкерлерге төленетiн ақымен қоса, қосымша 8 млн. теңге сомасында, тартылған қызметкерлерге (агенттерге) төленетiн ақының кiргiзiлуiмен;
2) 6% инфляция есепке алына отырып, нақты жалақының өсуiмен, сондай-ақ инвестициялық басқару, тәуекелдiлiктi басқару, зейнетақы активтерiн есепке алу бойынша рынокта еңбегi үшiн жалақыны МЖЗҚ қызметкерлерiнен артық алатын бiлiктi мамандардың жұмыстан кетуiн тоқтату мақсатымен;
3) төмендегi қызмет бағыттары бойынша: зейнетақы және меншiктi активтердi инвестициялық басқару, техникалық және технологиялық дамуды қамтамасыз ету; салымшыларға көрсетiлетін қызмет көлемiн қалыптастыру, ұқсас қаржы институттары қызметiнiң халықаралық практикасын талдау және Қордың қызметiне қатысушылардың тәуекелiне талдауды ескере отырып, халықаралық кеңесшілер (соның iшiнде, ПРАГМА корпорациясы) жасаған қорытындылар негiзiнде, сондай-ақ инвестициялық қызметтiң (зейнетақы активтерiн мемлекеттiк емес бағалы қағаздарға инвестициялау, зейнетақы активтерiн нарықтық қайта бағалауға көшу) шарттарын өзгерту бөлiгiнде Заңға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес, Қор қызметiнде жаңа бағыттардың пайда болуына, бағдарламалық-техникалық дамудың, Қордың технологиялық және маркетингтiк саясатын, зейнетақы жинақтарын (график бойынша) алушыларға зейнетақы төлеу жағдайларын, Қор тәуекелiн басқаруды дамыту қажеттiгiне байланысты даму бойынша штат санын 22 бiрлiкке көбейтумен ерекшеленедi.
Қызметкерлерге еңбек ақы тиеу шығысының ұлғаюымен байланысты еңбек ақыдан аударылатын төлемдерге (әлеуметтiк салық) байланысты тиiстi шығыс көлемiнiң өсуi.
Негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердiң амортизациясы бойынша шығыстардың артуы компьютерлiк және ұйымдық техникалар паркiн жаңарту қажеттiлiгiне сай Қордың операциялық және инвестициялық қызметiнiң шешушi процестерiн автоматтандыру мақсатында жоспарланған негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердi сатып алу ескерiле отырып, серверлердi (резервтiк орталық құруға орай) сатып алу қажеттiлiгiне байланысты болып отыр.
Негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердi жөндеу және оларға қызмет көрсету шығыстары сомалардың "Коммуналдық шығыстар" бабынан электрлiк жүйелердi жөндеуге бөлiнуi және нақты жүргiзілген шығыстарға: автокөлiктердi, кондиционерлердi жөндеу, дизелдi генератор қызметiн қамтамасыз ету шығыстарының көбеюi есебiнен ұлғаяды.
Коммуналдық шығыстардың жалпы сомасы 3,28 млн.теңгенi құрайды (2002 жылмен салыстырғанда, 4,5% артық) және оның құрамына ғимараттарды жалгерлiкке алу турасында жасалған келiсiм-шарттың шарттарына сәйкес коммуналдық қызметтердi өтеу бөлiгiнде есептелген Орталық аппарат, Астана қаласындағы филиал, өңiрлiк өкiлдiктер бойынша коммуналдық қызметтер кiредi. Тарифтердiң артуына байланысты Қордың Астана қаласындағы филиалына тиесілi аймақты тазалау бойынша көрсетiлетiн коммуналдық қызметке ақы төлеу шығысы және орталық аппарат бойынша электр энергиясының шығыстары да көбейдi.
Өкiлдiк шығыстар 2003 жылы 17 мың теңге сомасында жоспарланды. Аталған баптың 7 мың теңгеге ұлғаюы:
- халықаралық қаржы ұйымдары мен институттарынан делегациялардың келуiне;
- ИСО 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджментi жүйесiн енгiзу бойынша консалтингтiк ұйымдар өкiлдерiнiң iссапарларына;
- кейiн екiншi жарты жылдықта қадағалау аудитiн жүргiзе отырып, ИСО (Тiркеушi) сертификаттау жөнiндегi халықаралық орган аккредиттеген ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттарына сәйкестендiруге байланысты болып отыр.
Қызметкерлердiң бiлiктілiгiн арттыру (оқыту) шығыстары 7 млн. теңгенi құрайды және:
1) заң бойынша талап етiлетiн Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң бiлiктiлiк куәлiктерiн алу үшiн
делдалдық-дилерлiк қызмет және бағалы қағаздар қоржынын
басқару бойынша мамандар оқытумен, сондай-ақ "Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге сәйкес қызмет атқару
үшiн қажеттi жаңа жұмыс бағыттары бойынша;
2) заңдардың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару
бойынша қызметтi лицензиялау ережелерiне қатысты
талаптарын сақтау мақсатында, қоржынды тиiмдi басқаруды
және Қордың инвестициялық ресурстарын орналастыруды
арттыру мақсатында, корпоративтік бағалы қағаздардың
есебiн және басқару менеджментiн оқытуды талап ететiн
диверсификациалық үлгiнi өзгерту, сондай-ақ Қордың
инвестициялық қоржынындағы қаржы құралдарын есептеу және
талдау үлгiсiн жетiлдiру үшiн оқытуға;
3) Қордың шешушi және арнаулы бөлiмшелерiндегi
қызметкерлердiң өзара алмастырушылық талаптарына;
4) қаржы рыногында инвестициялық мәмілелердiң қарқындылығы мен
кiрiстілiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн ақпараттық
жүйелердi қолдануға, технологиялық процестердi
оңтайландыруға, Қор қызметiнiң ақпараттық
қауiпсiздiгiн және тәуекелдiлiктi басқару деңгейiн
арттыруға байланысты.
Кеңсе шығыстарының өсуi Қордың штаттық санының қажеттi түрде артуына байланысты, сома 1 адамға шаққандағы жоспарлы тұтыным және 2002 жылғы ұқсас шығыстарды талдау негiзiнде есептелген.
Телефон байланысы қызметтерiнiң, коммуникация және хабарламалар мен корреспонденцияларды жеткiзу шығыстарына байланысты байланыс қызметтерiнiң шығысы 75,3 млн. теңге мөлшерiнде жоспарланған. Бұл көбею Қорға көрсетiлетiн байланыс қызметi көлемiнiң болжамды өсiмiмен, салымшылар үшiн Web-site ашумен және интернет-технологияларын енгiзу дайындықтарымен байланысты.
Күзет шығыстарының өсiмi Қордың орталық аппарат ғимаратын, Астана қаласындағы филиалының ғимаратын және өңiрлiк өкiлдiктер (Солтүстiк Қазақстан мен Қызылорда) ғимараттарын күзету шығыстарын көздейдi. Үй-жайларды күзету шығыстары жасалған шарттардың талаптарына сәйкес осы қызметтердiң құнына орай есептелiнедi.
Кастодиан-банк көрсететiн қызметтер бойынша банк қызметтерi шығыстарының өсуi "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстердiң күшiне енуiне сәйкес мемлекеттiк емес ұйымдар шығарған бағалы қағаздарға зейнетақы активтерiн инвестициялау шығыстарының көбеюiмен байланысты болды.
Жалгерлiк бойынша шығыстың өсуi операциялық залдар мен мұрағат үшiн қосымша ғимараттарды жалға алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбiр облыс орталықтарындағы өңiрлiк өкiлдiктер жалдап отырған ғимараттарды алмастыруға байланысты жалгерлiк шығынның болжамды өзгеруiн есепке ала отырып жоспарланды. Бұл жалдау жағдайының өзгеруiмен, кейбiр өңiрлерде бұрынғы жалға берушiлердiң ғимараттарды жалға беруден бас тартуымен, сондай-ақ салымшыларға қызмет көрсетудi қамсыздандыру үшiн өкiлдiктердiң орналасқан жерiн жақсартумен ерекшеленедi.
Басқа шығыстар мынадай шығыстарға сай артты:
- жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес бағдарламалық өнiмдердi қолдау, Ұлттық Банкiнiң "МЖЗҚ" ЖАҚ-тың есептеу жүйесi серверлерiн жаңғырту туралы" ұсыныс хатына сәйкес көзделген бағдарламалық қамтамасыз етудi кешендi талдау ақысы;
- салымшыларды құлақтандыру науқанын жүргiзу, облыс орталықтарынан тыс жерлерде тұратын 10% зейнетақы жарналарын төлеушiлермен ақпараттық және практикалық жұмыстарды жүргiзу бағдарламасын қаржыландыру мақсатында заңды тұлға - агенттердің қызметтеріне төленетiн ақы төлеу;
- өңірлiк өкілдіктерде - олардың орналасқан жерлерiнiң өзгеруiне сай үй-жайлардың қайта жабдықталуын жоспарлаумен байланысты, операциялық залдар мен Орталық аппарат үй-жайларында жергілiктi желiнi құрастыру жөнiндегi шығыстар;
- астана әкiмшiлiгiнiң талабы бойынша Астана қаласындағы филиал ғимаратын мейрам күндеріне мiндетті түрде безендіру (плакаттар, жарықтандыру және т.б.) шығыстары да қарастырылған. 2002 жылы мұндай шығыстар қарастырылмаған болатын.
Жалпы кiріс және шығыс көлемдерiне қатысты 2003 жылға жоспарланған көрсеткiштерге сәйкес Қордың 2003 жылғы таза кiрiсi 488 млн. теңгенi құрауы мүмкін, ол 2002 жылғы салыстырмалы көрсеткіштен 3,6% кем. Бұл орайда консервативтi бағалаулар аясында корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар 209 млн. теңгеге дейiн - 18,0 млн. теңгеге немесе 7,9% азаяды деп жоспарланды. Дивидендтер көлемi 244 млн. теңгенi құрайды.
4. 2004-2006 жылдарға арналған даму жоспары
4.1. Мақсаттары мен мiндеттерi (стратегиялық және
2004 жылға арналған)
Қордың кәсiби менеджментi бар, халықтың барлық әлеуметтiк жiктерi мен Қазақстан Республикасының барлық өңiрi үшiн бiрдей жоғары сапалы және қол жетiмдi зейнетақы қызметтерiн ұсынатын орнықты қаржылық институт ретiнде қалыптасуы стратегиялық мақсаты болып табылады.
2004 жылы алға қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Қор төмендегi мiндеттердi шешудi:
1. салымшылардың талғамына сәйкес келетiн және олардың
болжалынан асып түсетiн менеджмент пен қызмет сапасының
халықаралық стандартын енгiзу мен пайдалануды;
2. салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы
жинақтарын сақтау мен өсiру мүддесiне сай зейнетақы
активтерiн тиiмдi инвестициялық басқаруды қамтамасыз етудi;
3. Қор жұмысының қаржылық тұрақтылығын қамсыздандыру және
салымшылардың зейнетақы жинақтарын сақтау мақсатында
тәуекелдiлiктi басқару жүйесiн дайындау мен енгiзудi;
4. Қордың қалыптасқан салымшыларымен олардың зейнетақы заңдары
бойынша өз құқықтары мен мiндеттерi туралы бiлiмдерiн
арттыруды, сондай-ақ тұрғындар үшiн Қор қызметiнiң
ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету мақсатында
олармен ақпараттық-түсiндiрме жұмыстарын күшейтудi;
5. жүйе арқылы өңiрлерде өңiрлiк өкiлдiктердiң, филиалдардың
(Алматы қаласында филиал құруды қоса алғанда), агенттiк
пункттердiң және жеке тұлға-агенттердiң жұмысын арттыра
отырып, тұрғындар үшiн зейнетақы қызметтерiнiң қол жеткiзу
мүмкiндiгiн және оның сапасын арттырудан тұратын өңiрлiк
саясатты одан әрi белсендi дамытуды;
6. бәсекелi орта жағдайларында Қордың тұрақты жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ету және көрсетiлетiн зейнетақы қызметтерiнiң
сапасын арттыру мақсатында Қорда маркетингтiк бөлiмшесiн
құра отырып, маркетингтiк жұмысты күшейтудi;
7. салымшыларға арналған ақпараттық материалдардың саны мен
сапасын арттыруды;
8. салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы
жинақтар есебiнiң сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету және
зейнетақы қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып көрсету мақсатында негiзгi
бизнес-процессорларды автоматтандырып, Қордың
бағдарламалық-техникалық жағынан қамтамасыз етiлуiн
жаңғырту жөнiнде басталған жұмысты аяқтауды жоспарлайды;
Бұл шараларды iске асыру Қор жұмысының жоспарлы көрсеткiштерiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
4.2. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу
жолдарын таңдау
Халықаралық сапа стандарттарын енгiзу және пайдалану
Алға қойылған мiндеттерде негiзгi төрт кезеңде іске асыру жоспарланады:
1. Еңбек тиiмдiлiгiн және бәсекеге жарамдылықты арттыру үшін 2004 жылы ИСО 9001-2000 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджмент жүйесiн енгiзу жоспарланады;
2. Енгiзiлген сапа менеджмент жүйесiн ИСО 9001-2000 стандарт талаптарына сәйкес келетiн жоғары деңгейде қолдау;
3. Қызметкерлердiң жұмысқа кәсiби дайындығын менеджмент әзірлеген сапа жүйесіне сәйкес жүзеге асыру;
4. Салымшының Қордың қаржылық орнықтылығын және оның тұрақты табыс беретiн қазіргі заманға сай сапалы қызмет көрсету мүмкiндiктерiне деген сенiмiне ие болып, оны тұрақты сақтап қалу арқылы Қордың рыноктық бәсекеге жарамдылығын сақтау және жетілдiру.
Мамандарды (аудитті қоса алғанда) оқытудың және ИСО 9001-2000 енгiзудiң жалпы құны қол қойылған шартқа сәйкес 620 мың теңгені құрады. Сертификат берушi органдарда сертификаттауға жiберілетін жобалы шығын 805 - 966 мың теңге деңгейін құрайды және ол 2004 жылдың басында жүргiзiлуi мүмкiн. Сертификаттаушы органның халықаралық сапа стандартына сәйкес келетiндiгiн бақылау мерзiмi үш жылға созылады, ал оны тексеру жылына бiр реттен кем болмайды. Сапаны енгiзу процесінде басшылық ету үшін оқып шыққан қызметкерлер арасынан жобаның басшысы тағайындалады және басшының тiкелей қатынасуымен және бақылауымен алға қойылған мақсат - ИСО 9001-2000 халықаралық сапа стандартына қол жеткiзу үшiн тұрақты жұмыс жүргiзiледi.
Инвестициялық басқару тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету
Негiзгi стратегиялық мақсат - инвестициялық қауiптi барынша азайту және инвестициялар қоржынын оңтайландыру жолымен тұрақты кiрiстiлiк алу, яғни қоржынның сапалық сипаттамаларын - ұзақ мерзiмдi перспективада әрбiр аталған уақыт сәтiнiң тиiмдi мерзiмдiлiгi мен кiрiстiлiгiн жетiлдiру талаптарына жауап беретiн оңтайландырылған, тиiмдi қоржын қалыптастыру.
Мақсатқа қол жеткiзудегi мiндет - салымшылардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру және зейнетақы қызметтері мен инвестициялық басқару қызметiнiң сапасын арттыру үшін Қордың барлық бөлiмшелерiнiң жұмысын жақсарту сияқты Қор қызметінің iшкi уәждемесінен бастау ала отырып, тұтас алғанда Қордың сапа стандарты жүйесiн дайындап енгiзу. Аталған мақсатты жүзеге асырудың бiр кезеңi ретiнде халықаралық стандарттау ұйымының сертификатын - ИСО 9001 алу жоспарланады.
Зейнетақы қызметтерi рыногында Қор және оның қызметкерлерi өз салымшыларына әрдайым 100% қанағаттандырарлық қызмет көрсетуге ұмтылуы қажет. Бұл мақсаттар:
- салымшылардың мұқтаждары мен талаптарын толықтай ұғыну;
- Қордың сапалы және қатесiз жұмыспен қамтамасыз ету жөнiндегi
жалпы бағдарламасына енгiзе отырып, салымшыларға
көрсетiлетiн жұмыс көлемiн мұқият жоспарлау;
- бағдарламамен көзделген барлық жұмыстарды тек межеленген
жоспар бойынша орындау;
- көрсетiлетiн қызмет сапасына әсер етушi барлық
бизнес-процестерiн жақсарту;
- жұмыс жасау және қызмет көрсету кезiнде көп уақыт пен
шығынға әкеп соғатын қажетсiз жұмыс процестерiнiң
қайталануын болдырмау арқылы орындалады.
Қордың инвестициялық мақсаттарын нысандандырылған сапа жүйесiнiң элементi ретiнде тұжырымдау:
- инвестициялық қызмет нәтижелерiнiң бiрыңғай критерийiнiң
болуын, атап айтқанда белгілi бiр уақыт iшiнде бөлiнген
инвестициялар қоржыны тудыратын болашақтағы түсiм мөлшерi
мен осы уақыт межелдемесi iшiндегi салымшылар алдындағы
Қордың мiндеттерiнiң сәйкес келуiн топшылайды;
- бұл критерийдiң сандық мәнiн анықтау үшiн Қордың ағымдағы
және болашақ пассивтерiн есептеудiң нысандандырылған
рәсiмдерi және оның тиiсті нормативтiк құжаттарда бекiтiлген
ағымдағы және болашақ активтерiнiң рыноктың бағамы қажет;
- бұл рәсiмдердiң жүзеге асырылуын және инвестициялық
қызметтiң негiзгi критерийiне қол жеткiзу деңгейiнiң
сақталуын басшылық тарапынан бақылауды;
- бiрыңғай критерийдiң сандық мәнiн бағалайтын, орындау үшiн
тиiстi құрылымдық бөлiмшеге жiберiлетiн, инвестициялық
қызметтiң нәтижелерiнен бастау ала отырып, кейiнгi
мерзiмдерге инвестициялық саясат бойынша басшылық
нысандандырған декларацияны топшылайды.
Инвестициялық шешiмдердi дайындау, қабылдау және оның орындалуын бақылау процесiн стандарттау:
- инвестициялық стратегияларға және инвестициялық қоржынның
мән-жайына талдау жүргiзуге жауапты құрылымдық бөлiмшенiң
болуын;
- қабылданған инвестициялық стратегияға сәйкес инвестициялық
шешiм қабылдауға жауапты алқалы органның болуын;
- инвестициялық қоржынның мән-жайын талдайтын стандартты
рәсiмдердiң болуын және оның нәтижелерiн инвестициялық
комитеттiң мүшелерiне құжат түрiнде ұсынуын;
- қаржы рыноктарының мән-жайын талдайтын стандартты
рәсiмдердiң болуын және оның нәтижелерiн инвестициялық
бөлiмшелерге құжат түрiнде жедел тапсыруын;
- қоржын мен рыноктарды талдаудың нәтижелерi негiзiнде
дайындалған инвестициялық стратегияның талқылау үшiн
инвестициялық комитетке құжат түрiнде ұсынылуын;
- Қордың инвестициялық бөлiмшелерiнiң ұсынысы негiзiнде
инвестициялық комитеттiң инвестициялық шешiм қабылдауын және
оның қаржы рыноктарында мәмiле жасау хаттамасы және ұсынысы
ретiнде құжатталып, ресiмделуiн;
- бағалы қағаздармен мәмiле жасау тапсырмаларын ресiмдеу және
оларды инвестициялық бөлiмшелерден мәмiле жасаушы
бөлiмшелерге ұсынудың стандартты ресiмдерiнiң болуын;
- мәмiле жасау және олардың тиiмдiлiгiн, жасасылған және
орындалған өтiнiмдер бойынша журнал жүргiзілуiн, сондай-ақ
орындалмаған тапсырмалар журналының жүргiзiлуiн
бақылаудың стандартты рәсiмдерiнiң болуын;
- қаржы құралдары қиылымында инвестициялар қоржынын есепке
алудың стандартты рәсiмдерiнiң болуын;
- iшкi, сыртқы және халықаралық рыноктардағы бағалы
қағаздармен мәмiлелердi салыстырып тексеру және растау
жүйесiнiң бiр үлгiге келтiрiлуiн;
- инвестициялар қоржынында есепке алынған әр түрлi шоттардағы
бағалы қағаздар және ақша қозғалысы, оларды есепке алу
рәсiмдерiнiң бiр үлгiге келтiрiлуiн;
- талдауға және инвестициялар қоржынын есепке алуға қатысты
үдерiстердi автоматтандыру және бағдарламалық қамтамасыз
етудi, бар бағдарламалық өнiмдердi жетiлдiрудi;
- инвестициялар қоржынындағы қаржы құралдары есебiн рыноктық
тұрғыдан бағалауды енгiзудi, оларды әдiл нарықтық құн
бойынша бағалауды және қайта бағалауды;
- қаржы құралдарын инвестициялар қоржыны санатына жатқызу
критерийлерiн және әр түрлi қоржындардағы инвестициялар
есебiн анықтауды және бiр үлгiге келтiрудi қамтиды.
Жоғарыда аталған процестер 2003 жылдан бастап жүйелендiру, қайта қарау және бұрынғы процестерге жаңа талдамалар енгiзу жолымен дайындалып, енгiзiлуi қажет. Қордың активтерiн басқарудың барлық сатыларын: инвестициялық шешiм қабылдау үшiн ақпараттар жинау, оларды талдау және өңдеуден бастап қаржы құралдарын сатып алу, оларды бағалы қағаздар қоржынына салу және салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына инвестициялық кiрiс есептеу сияқты түпкілiктi қорытындыға дейiнгi әр нақты үдерiстi орындаудың әрбiр қадамын және жүйелiлiгiн қамтитын технологиялық карта - жұмыс нұсқаулықтарын дайындау қажет.
Қор зейнетақы активтерi қоржынындағы елеулi капитал айналымы кезiнде актив қаупiнiң ең төмен деңгейiн анықтаған 2002 жылғы позицияны сақтап қалуға тырысады. Сондықтан инвестициялық саясат зейнетақы активтерiн жоғары рейтингтi бағалы қағаздарға орналастыру артықшылығын сақтап қалады деп жоспарланады. Бұл орайда зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi төмен болмауы үшiн Қор 2004-2006 жылдары сыртқы рынокты да қоса алғанда iшкi қаржы рыногындағы инвестициялар қоржыны айналымын көбейтумен қатар, өз операцияларын да ұлғайтатын болады. Қор активтердi басқаруда зейнетақы активтерiн инвестициялау бойынша заңмен белгiленген нормалар мен шектеулердi және ең төмен қоржын қаупi жөнiндегi талаптарды сақтай отырып, қаржы рыноктарының әр түрлi индикаторлары қозғалысынан ең жоғары пайда алуға мүмкiндiк беретiн белсендi басқару позициясына сүйенетiн болады.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес белсендi инвестициялау саясатын жүргiзу, ағымдағы қызмет шарттарында барынша мүмкiн кiрiстiлiк нормалары бар және қауiптiң төменгi деңгейi сақталған инвестициялық қоржынның оңтайлы құрылымын қалыптастыру, төмендегiдей деңгейдегi әртараптандыру үлгісiне көшу жоспарланады:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары - 35%-дан төмен емес;
- жергiлiктi атқарушы органдар шығарған Қазақтан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары - 5%-дән көп емес;
- шетелдiк эмитенттердiң бағалы қағаздары - 30%-дан көп емес;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктердегi салымдарды екiншi деңгейдегi банктер шығарған депозиттiк сертификаттарға (депозиттерге) - 10%-дан көп емес;
- "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-тың ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары - 10%-дан көп емес;
- Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарылған, "А" санаты бойынша сауда ұйымдастырушыларының ресми тiзiмiне енгізiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялардан басқа мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары - 50%-дан көп емес;
- "Қазақстан даму банкi" ЖАҚ-тың облигациялары - 10%-дан көп емес.
Сондай-ақ:
- ағымдағы қызмет шарттарында барынша мүмкiн кiрiстiлiк
нормалары бар және қауiптiң төменгi деңгейi сақталған
инвестициялық қоржынның оңтайлы құрылымын одан әрi
қалыптастыру;
- зейнетақы активтерi инвестицияларының ағымдағы көлемiн
қайта бөлу жолымен қоржынның iшiндегi теңгеру есебiнен
эмитент қаупiн және пайыздық ставканы төмендетiп, сондай-ақ
бiр қаржы құралын екiншi қаржы құралына қайта орналастыру
арқылы оның үлес салмағын азайтатын негiзгi стратегиялық
инвестициялық желiнi жүргiзу;
- жалпы зейнетақы қоржыны құрылымында қоржынның жеткiлiктi
қысқа мерзiмдi өтiмдiлiгі деңгейiн қамтамасыз ету, сондай-ақ
ағымдағы мiндеттердi жылдам орындау барысында қаржы
рыноктарындағы залалсыз операциялар есебiнен жабу үшiн қысқа
мерзiмдi инвестициялар қоржынын бөлу жоспарланады.
Өзгермелi ахуалды және 2004-2006 жылдардағы қаржы рыноктарының даму перспективаларын есепке ала отырып, Қордың жоғары пайдалылығын, оның абсолюттiк өтiмдiлiгiн қолдау мақсатында сыртқы сауда айналымын жетiлдiру және зейнетақы активтерiн экономикалы негiзде инвестициялық басқару тарапында оңтайландыру жоспарда бар. Қор бұл үшiн 2003 жылдан бастап халықаралық сапа стандартына сәйкес құрылымдық бөлiмшелердi оңтайландыруды, REUTERS, BLOOMBERG және басқа агенттiктер сияқты алдыңғы қатарлы технологияларды енгiзу жұмыстарын жалғастыруды жоспарлайды. Алдыңғы қатарлы жаңа технологияларды енгiзу арқылы Қордың инвестициялық қызметiмен қатар барлық қаржы қызметiнiң тәуекелiн басқаруға барынша көңiл бөлiнетiн болады.
Тұтқалы параметрлер болжамында Қордың алдағы уақытта күтілетiн нәтижелерi турасында байқампаз оптимизм орын алған. 2004-2006 жылдардағы Қордың қызметiне болжамда мынадай жорамалдар бар. Қазақстан Республикасында ахуал тұрақталған сайын Қордың заңмен рұқсат етілген қоржыны бойынша инвестициялық кiрiс төмендей түседi, өйткенi онымен бiрге инфляция төмендейдi, әртараптандыру деңгейi төмендейдi, бағалы қағаздар бойынша пайыздық сыйақы ставкалары да төмендейдi, мұның бәрi бiрiгiп Қордың инвестициялық кiрiсiне әсер етедi. Мысалға мына фактiнi келтiруге болады: Қордың зейнетақы активтерiнiң негiзгi бөлiгi мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастырылады, олардың кiрiстiлiгi бiр жылдан сәл аса уақыт iшiнде екi есеге жуық төмендеп, қысқа мерзiмдi бағалы қағаздар бойынша жылдық 5%, ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша жылдық 8,3% деңгейiне жеттi, бұл кейбiр жағдайларда инфляция деңгейiмен салыстырмалы немесе одан төмен. Инвестициялау шарттарының өзгеруiне байланысты 2003 жылы Қор зейнетақы активтерiн корпоративтiк бағалы қағаздарға орналастыруды қарастыратын жалпы әртараптандыру үлгiсiне көшедi, ол қоржынның кiрiстілігiн көбейтедi, соның нәтижесiнде Қордың кiрiсi де көбейедi.
Өңiрлiк саясаттың дамуы
Қордың жинақтаушы зейнетақы жүйесiне тартылмаған салымшыларды қоса алғанда, қалыптасқан және әлуетті салымшылармен жұмыстағы 2004-2006 жылдарға арналған негiзгi стратегиялық мақсаттарының бiрi болып қалалық және ауылдық салымшыларды тарту, оларға қызмет көрсету сапасын арттыру, мүмкiндiктер кеңейтуден тұратын тиiсті ақпараттық-түсiндiрме жұмысын жүзеге асыра отырып, өңiрлiк өкiлдiктердi, филиалды, агенттiк пункттер мен агенттер желiсiн дамыту өңiрлiк саясаты табылады.
Келтiрiлген стратегиялық мақсаттардың бiрiн назарға ала отырып, Қор өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдарына Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесi, Қордың қызметi мен оның ролi туралы жариялау, газет баспаларында өңiрлiк директорлармен берілетiн сұхбаттарда салымшылар мен зейнетақы жарналарын төлеушi агенттердiң көкейтестi сұрақтарына жауап беру арқылы мақсатты ақпараттық-түсiндiрме жұмысын жүргiзудi жоспарлайды.
Қор салымшыларға және мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушi агенттерге қызметтер көрсету сапасын жақсарту үшiн жаңа бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеудi, енгiзудi және оңтайландыруды, Қордың орталық аппаратын, өңiрлiк бөлiмшелерiн бағдарламалық-техникалық қамсыздандыруды жаңғыртуды көздейдi.
2004-2006 жылдар аралығында жеке тұлға - агенттер арқылы мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушi агенттермен өзара әрекет ету жолымен ӨЖК тағайындалмаған жеке зейнетақы шоттарының қазiргi санын азайту жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңына 2002 жылғы 29 желтоқсанда енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың нәтижесiнде Қор зейнетақы келiсiм-шартын жасаспай-ақ салымшылардың мiндеттi зейнетақы жарналарын қабылдау мүмкiндiгiнен айрылды, сондықтан зейнетақы қызметтерi рыногында бәсекелестiктiң күшеюіне байланысты агенттiк желiнi дамыту жоспарланады.
Жеке тұлға - агенттердiң қызметiн пайдалану мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушi агенттерге және республиканың шалғай өңiрлерiн қоса алғанда барлық еңбекке жарамды халыққа жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Қор туралы ақпараттар жеткiзуге мүмкiндiк беретiндігін атап өту қажет.
Өңiрлiк өкiлдiктердегi, филиалдағы, сондай-ақ Қордың Агентi - "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" РМҚМ-ның (бұдан былай - Орталық) аудандық және қалалық бөлiмшелерiндегi ағымдағы операциялық қызметтiң сапасын жақсартумен қатар, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне жаңа салымшыларды, басқа жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларын тарту және Қордың қалыптасқан салымшыларын "ұстап қалу" жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланады.
4.3. Өнiм өндiрiсiнiң (заттай және ақшалай мәндегi
жұмыстар мен қызметтер көрсету) даму серпiнi
2004 жылы Қордың жалпы шығыс сомасы 739,04 млн. теңгеге жоспарланған, ол 2003 жылғы тиiсiнше көрсеткiштерден 5,6% артық (4-қосымша). Сметаның кассалық орындалуын ескере отырып, негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердiң өтелiмiн алып тастағанда, жалпы шығыстар бойынша шығыс сомасы iс жүзiнде өзгермейдi: 2003 жылы - 653 млн. теңге, ал 2004 жылы - 658 млн. теңге. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға енгiзілген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес шығыстардың өсуi Қор табысының болжамдық көлемiн қамтамасыз ету үшiн қажет.
2004 жылы қызметкерлерге ақы төлеу шығыстардың 2003 жылмен салыстырғанда 5,4% өсуi Қордың орталық аппаратындағы қызметкерлер санын көбейтпей, өңiрлерде жұмыс iстеу үшiн қызметкерлер санын арттыруға байланысты. 2003 жылғы мамырда Қордың қызмет ету қаупiне баға берген Прагма/USAID арқылы Қорда қауiптi тиiмдi басқару жүйесiн құру жоспарланған. Осындай кепiлдемелердi енгiзу зейнетақы заңына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға, сондай-ақ халықаралық зейнетақы қорларының және басқарушы компаниялар сияқты iрi қаржы институттары тәжiрибесiне сәйкес Қорға салымшылармен/алушылармен жұмыс iстеуде және олардың зейнетақы қаражаттарын инвестициялық басқаруда, зейнетақы қаражаттарының сақталуын қамтамасыз етуде, олардың сенiмдi есебiн жүргiзуге және олардың өсуiне байланысты тәуекелділiктердi азайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, Қор өңiрлiк саясатты, зейнетақы активтерiн есепке алу жөнiндегi жұмыстарды, қате шоттарды азайту, инвестициялық қызметтi кеңейту, тәуекелділiкті азайту мақсатында оларды басқаруды күшейтудi жоспарлауда, маркетинг және зейнетақы қызметтерiн дамыту бөлiмiн құру қарастырылуда. "МЖЗҚ" ЖАҚ салымшыларды тарту мен ұстап қалуда белсендi жарнамалық саясатты қолдануды жоспарламайды, алайда Қордың тұрақты салымшылар санының қалыптасуы үшiн арнайы көрсетiлетiн зейнетақы қызметтерiнiң сапасын көтеру және оларға қол жеткiзу мүмкiншiлiгiн қамтамасыз етуде көптеген жұмыстар iстейдi.
Жұмыс көлемiнiң көбеюiне және салымшылармен жұмыс iстеу сапасын көтеру қажеттiлiгiне байланысты Қордың қызметкерлер саны келесi өңiрлерде 1 штаттық бiрлiкке көбейтiлген: Астана қаласы, Алматы облысы, Ақмола облысы, Жезқазған, Семей қалаларында, сондай-ақ жеке бөлiнген операциялық бөлiм базасында (2003 жылы 12 адамға) салымшылармен жұмыс басқармасында 2004 жылы қайта тiркелуден кейiн "МЖЗҚ" ЖАҚ-тың Алматы қаласында орналасатын жаңа филиалы ашылады, ол 1 штаттық бiрлiкке көбейтiлiп, Алматы және Алматы облысы бойынша Қордың салымшыларына қызмет етедi. 2005-2006 жылдары қызметкерлер санының өсуi жоспарланбайды.
Амортизациялық аударымдардың 34,7 млн. теңгеге немесе 74,6% көбеюi мынадай жағдайлар есебiнен қарастырылды:
1) 2004 жылдың басында белгiленген активтердiң баланстық құны
едәуiр өстi; есептегiш құрал-жабдықтарға амортизация
мөлшерi 25% және материалдық емес активтерге
(бағдарламалық қамтамасыз ету, лицензия және бағдарламалық
-техникалық кешенге сараптама) - 15%.
2) Амортизациялық аударымдар мөлшерінiң материалдық емес
активтер бойынша ұлғаюы 2003 жылы 10%-дан 2004 жылы 15
%-ға дейiн және басқа негiзгі активтер бойынша (Қордың
жаңа бекiтiлген есеп саясатына сәйкес) - 6,7%-дан
10,0%-ды құрады.
3) 2004 жылға белгіленген активтердi жоспарлы сатып алу 62
млн. теңгеге жоспарланып отыр, оның негiзгi көлемiн (80%)
материалдық емес активтер құрайды.
Негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердi жөндеу және оларды қамтамасыз ету шығысының көбеюi келесi шығыстардың есепке алынуымен қарастырылды:
- электр құралдары мен желілерiн алдын-ала сынау;
- 2003 жылмен салыстырғанда электр құралдары мен желілерiн жөндеуге кеткен шығыстардың өсуi;
- мүлiктердi ағымдық жөндеу;
- қол жетiмділiк бақылау жүйесiнiң кепiлдiктен кейiн қамтамасыз етiлуi;
- Астана қаласында резерв орталығын құру.
Коммуналдық шығыстардың 2003 жылмен салыстырғанда өсуi 1,4 млн. теңгенi құрады. 2003 жылы Қор осы қызмет түрiн өзiнше төледi. Өсiмнiң көбеюiне ғимараттың балансын ұстаушы "Қозғалмас" ҚМКК-мен Қордың орталық аппарат ғимаратының коммуналдық қызметiн төлеуге шарт жасасуымен байланысты болмақ. Бұдан басқа, Алматы қаласында филиалдың ашылуына сәйкес коммуналдық қызмет шығысының өсуi жоспарланып отыр.
2004 жылы салықтар шығысының 1,7 млн. теңгеге өсуi негiзiнен 2003 жылдың аяғында есептегіш техниканы жоспарлы түрде сатып алуға орай, мүлiк салығының артуына байланысты қалыптасты.
Байланыс қызметiнiң шығысының өсуi мынадай жағдайларға сай қалыптасты:
- абоненттiк төлем бойынша тарифтердiң өсу мүмкiндiгiн ескере отырып, қалааралық, ұялы, қалалық және пейджингтiк байланыс түрлерiнiң шығындары көбейдi;
- фельдъегерлiк байланыс қызметтерiне тарифтердiң өсуiмен корреспонденцияларды жеткiзу қызметтерiнiң шығындары артты;
- Bloomberg және Reuters жүйелерiнiң сауда алаңдарына қол жеткiзу үшiн байланысқа бөлiнген арналарды жалдау есебiнен коммуникация шығындары көбейдi. 2003 жылы тек Bloomberg байланыс жүйесінің арнасына қосылу қарастырылған болатын, ақы "Кеңес беру (аудит) және ақпараттық қызметтер" бабы бойынша қарастырылды;
- Интернет жүйесiне қол жеткiзу үшiн берiлген байланыс арнасын пайдалану;
- өңiрлiк өкiлдiктермен жұмыс iстеу сапасын арттыру үшiн байланыс арналарының өткізу мүмкiндiгін арттыру.
2004 жылы күзетке бөлiнген шығыстар Алматы қаласында филиалдың ашылуымен, сондай-ақ 2004 жылы Алматы қаласындағы операциялық залдың, Алматы қаласындағы мұрағаттың, Атырау мен Талдықорған өкiлдiктерiнiң ғимараттарын күзету келiсiм-шарт жобасына сәйкес артты.
Консультациялық (аудит) және ақпараттық қызметтер шығысының өсуi келесi жағдайларда қарастырылған:
1) ақпараттық қызмет шығысы (буклеттер, жаднама, күнтiзбе,
құттықтау хат жобаларын шығару, екi пресс-конференция
өткiзу, ресми есеп материалдар жинағын шығару) өстi;
2) Reuters және Bloomberg мамандандырылған ақпаратты
жүйелер шығысы өстi;
- 2004 жылға Reuters ақпараттық пакетiне бiр жылға түгел қарастырылған, ал 2003 жылы - Қор бұл қызметтердi мамыр айынан бастап қана қолданды. Бұдан басқа, ҚP ҰБ Басқармасының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметтi жүзеге асыру ережелерiн бекiту туралы" 2003 жылғы 23 шiлдедегi N 264 қаулысына сәйкес МЖЗҚ-ға зейнетақы активтерiн шетелдiк эмитенттердiң акциясына инвестициялауға рұқсат берiлген. Бағалы қағаздардың операцияларын тиiмдi өткiзу үшiн нақты уақыт режимiндегi алдыңғы қатарлы қор биржалары акцияларының баға белгiсiне қол жеткiзу қажет.
- 2004 жылы Bloomberg ақпаратты қызметiне жазылу 2004 жылдың басынан жоспарланды, ал 2003 жылы - 2003 жылдың соңғы 3 айында ғана болған. Жұмыстарында Bloomberg жүйесiн пайдаланушы батыстық қарсы агенттермен сауданы жеңiлдету үшiн халықаралық телефондық келiссөздер шығысын азайту қажет. Bloomberg ақпараттық жүйесiнiң болуы халықаралық қаржы рыногында салымшылардың зейнетақы активтерiн тиiмдi басқаруға мүмкiндiк бередi;
3) Ақпараттық қызмет көрсету шығысы көбейдi. Күн сайынғы
келiп түсетiн экономикалық, саяси ахуалдар және зейнетақы
қызметтерi рыногындағы баспасөздегi күн сайынғы ақпараттық
шолулардан басқа қосымша инвестициялық қызмет ережелерiне,
стратегиялық тапсырыстарға сәйкес апта сайын БА
құралдарына шолу және ай сайын - макро орта, валюта
рыногы, зейнетақы рыногының өнiм және еңбек алаңына,
жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiне талдаулар алып
тұруға шығыстар арттыру жоспарда бар;
4) аудиторлық және консалтингiлiк қызметтер шығысы өстi. 2003
жылғы 1 қаңтардан бастап "МЖЗҚ" ЖАҚ-тың қаржылық есептiң
халықаралық стандартына көшуiне байланысты, сондай-ақ ҚР
ҰБ Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметте жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы
тұрақтылығының өлшемдерiн есептеудiң және қолданудың және
оларды сақтау жөнiнде есеп берудiң тәртiбi туралы ереженi
бекiту туралы" 2002 жылғы 2 ақпандағы N 54 қаулысының
талаптарына сәйкес мүліктік бағалау бұрынырақ
белгiленгендей бiр рет қана емес, тоқсан сайын өткiзілуi
керек.
Банктiк қызметтер шығысының өсуi негiзiнен төлем тапсырмаларын өткiзу және бағалы қағаздарды сақтау бойынша шығындардың өсуiмен байланысты банк-кастодиан қызметтерi шығысының артуынан болып отыр. Төлем тапсырмаларын IТЖ (ipi төлем жүйесi) және БТЖ (бөлшек төлем жүйесi) арқылы өткiзу бойынша банк қызметiнiң құндық есебi 2003 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейiнгi қызмет көрсету төлемiнiң шығыны мен жiберiлген төлем санының нақты мәлiметтерiне талдау жасау арқылы шығарылған. ҚЕБАО (Қазақстан есеп айырысу банк аралық орталығы (БТЖ)) бойынша төлемдердi өткiзу қызметiнiң құнын есептеу орташа шығындар және 2003 жылдың 12 айы iшiнде тарифтердiң өзгерiссiздiгi есебiнен орындалған.
Сақтандыру шығыстарының өсуi қызметкерлердi алдын-ала вакцинациялау, сондай-ақ Қордың мүлкiн өрттен, жер сілкiнiсiнен және басқа да апаттан сақтандыру шығыстарының артуы есептi қалыптасты.
Жалгерлiк бойынша шығыстың көбеюi жалға берушiлермен жасалған шарт талабына сай ғимараттың ауданын және белгiленген тарифтердi негiзге ала отырып қалыптасты.
Әлеуметтiк мәселелер
2004-2006 жылдары Қор өз қызметiн арттыру факторының бiрi ретiнде әлеуметтiк мәселелерге ерекше көңiл аударуды жоспарлайды. Орталық аппаратпен қатар Қордың өңiрлiк өкiлдiктерiнде және филиалында кешендi және тұтас сипаттағы басқару жүйесiн қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсiби, жоғары бiлiктi мамандар қалыптастыру кадр саясатының негiзгi бағыттары болып табылады. Кадр жұмысын, оның кәсiбилiгiн жақсарту мақсатында қызметкерлер құрамымен жұмыс жүйесiн жетiлдiру, Қордың ұйымдық құрылымы мен штат санын оңтайландыру жұмыстары жалғастырылатын болады. Қордың саясатын және оның алға қойған мақсаттарын анықтап, енгiзуге, оны қызметкерлер ұғымына жеткiзе бiлуге, басқару мен жоспарлаудың жаңа әдiстерiн енгiзе отырып, мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қызметкерлердi уәждемелеу және оларды шығармашылық жұмысқа тартуға бағытталған менеджменттiң тиiмдiлiгiн арттыруға баса назар аударылатын болады. Қызметкерлердi оқыту, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiктерiн арттыру Қор персоналын кәсiби дамытудың және оның бiлiктiлiк сипаттамаларын арттырудың негiзгi құралдары болып саналады. Қордың бюджетiнде семинарлар, тренинг, курстар ұйымдастырып, жүргiзуге қаражаттар әрдайым қарастырылады. Бұдан басқа Қор қызметiнiң өзiндiк ерекшелiгiн есепке ала отырып, мамандарды қаржы рыногында, оның iшiнде бағалы қағаздар рыногында, актуарийлiк есептеме, инвестициялық талдау жұмыс машығын сапалы иелену үшiн оқытуға жiберуге айрықша көңiл бөлiнетiн болады. Ақпараттарды қорғау мiндеттерi жүктелген мамандарды да арнайы курстарға жiберу арқылы олардың кәсiби деңгейiн арттыру қарастырылады.
Қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға қажеттi шығындар төмендегiлермен ескертiледi:
Кейiнгi бiрталай өзгерiстер, сондай-ақ қосымша нормативтi актiлер енгiзудi қажет еткен "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 29.12.2002 жылғы N 369-II Заңының күшiне енуiне байланысты МЖЗҚ қызметi басқа жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметiмен теңестiрiлдi. Осыған байланысты Қорда жаңа мүмкiндiктер мен талаптар (зейнетақы активтерiн инвестициялаудың әртараптандырылған үлгiсiн кеңейту, белсендiрек маркетингтiк саясат жүргiзу және т.б.) пайда болды. Соған орай, белгiленген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Қор мамандарының бiлiктiлiктерi мен кәсiби деңгейлерiн ұдайы арттыру мүмкiндiктерi мен тапсырмалары (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқарудың диверсификациялық үлгiсiн пайдалану барынша белсендi маркетингтiк саясат жүргiзу) пайда болды. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 661 қаулысына сәйкес зейнетақы қаражаттары кесте бойынша жүзеге асырылмақшы, соған байланысты Қордың қызметкерлерi базалық актуарийлiк курстарда оқитын болады. Тиiсiнше зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды iске асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарға сәйкес, Қордың мамандары бiлiктiлiк куәлiктерiн және бұрын алған куәлiктерiн бекiту (1-санат - бағалы қағаздар рыногында делдалдық-дилерлiк қызмет ету, 3-санат - бағалы қағаздар қоржынын басқару) үшiн оқуға жiберiледi.
Қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауiпсiздiгi
техникасын сақтау шаралары
Қор өз қызметiн қоршаған ортаға зиян келтiрмейтiн ұйым ретiнде жүргiзедi, басты назарды қауiпсiздiк техникасын сақтау шараларына бөледi. 2004-2006 жылдары Қор қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауiпсiздiгi техникасын сақтау бойынша кешендi шаралар жүргiзудi жоспарлайды. Қоршаған ортаны қорғау шаралары құрал-жабдықтардың технологиялық паркiн жаңартуға, көлiк құралдарын экологиялық стандарттарға сәйкес қалыпта ұстауға бағытталатын болады. Қауiпсiздiк техникасын сақтау мақсатында ғимараттарды, жұмыс орындарын, техникаларды белгiленген нормаларға сәйкес ұстау, өрт қауiпсiздiгi нормаларына жауап беретiн қазiргi заманғы құрал-жабдықтарды енгiзу, тұрақты түрде Қордың қызметкерлерiмен нұсқамалық өткiзiп тұру жоспарда бар. Қажет жағдайда қоршаған орта мен адамдарға жанама зиян келтiрмейтiн экологиялық қауіпсіз технологияларды енгiзiп, пайдалану да жоспарланған.
4.4. Бағалық және тарифтік саясат және оның негiздемесi
Өңiрлiк саясатты табысты жүзеге асыру үшiн Қор жеке тұлға - агенттердi тартуды жоспарлайды. 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2001 жылғы 19 шiлдеде Қордың агенті - "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" РМҚМ үшiн бекiткен, агент - жеке тұлғалардың төмендегiдей қызмет түрлерiне:
- жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегі жаңа салымшымен зейнетақы шартын жасасу;
- салымшыдан оның зейнетақы қаражаттарын "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына" аудару өтiнiшiн қабылдаумен бірге, зейнетақы шартын жасасу;
- салымшының "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорынан" зейнетақы жинақтарын аударуға бұрынырақ берген өтiнiшiнiң күшiн жою туралы өтiнiшi бойынша 65 теңге мөлшерiнде бекiтiлген тариф белгілендi.
Жеке тұлға - агенттердiң жоғарыда аталған қызметтеріне ақыны бiрінші жарнаның келiп түсу немесе зейнетақы жинақтарының салымшының жеке зейнетақы шотына аударылу фактылары бойынша ғана төлеу қарастырылған. Аталған бағыттағы қызметтiң есеп беретiн жыл iшiндегi нәтижелері белгіленген тарифтің басқа жинақтаушы зейнетақы қоры жеке тұлға-агенттерiнiң еңбек ақы тәсімімен салыстырғанда бәсекеге жарамды екендiгiн анықтайды.
2004 жылы жеке тұлға - агенттердiң еңбек ақы тәсімін дайындау жоспарланады, оның iшiне есеп беретiн мерзім ішінде ақшаға шағылғандағы түпкiлiктi нәтиженi алуға мүмкiндiк беретiн бағдарламалық үлгіні құру да енедi. Зейнетақы шарттарын жасасу, зейнетақы төлемін жүзеге асыру және зейнетақы жинақтарын аудару өтініштерін қабылдау, салымшыларды зейнетақы салымдарының жай-күйi туралы жыл сайынғы ақпараттандыру, салымшыларға олардың сұраныстары бойынша жеке зейнетақы шоттарынан көшірме үзінділер беру қызметтерi Қордың қаражаттары есебiнен тегiн жасалатындығын ескерте кету қажет. Бұл орайда 2004-2006 жылдары әр жеке шотты әкімшiлік етуге Қордың шығыны:
14-кесте
Бiр шотты әкiмшiлiк ету шығыны
___________________________________________________________________
Көрсеткiштер | Өлшем | Болжам
| бiрлiгi |_________________________________
| | 2004 ж. | 2005 ж. | 2006 ж.
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
___________________________________________________________________
Шығындар, барлығы млн. теңге 764 772 781
Салымшылар саны адам 2100000- 2000000- 1900000-
2200000 2100000 2000000
Бiр салымшыға
шығатын шығын теңге 347-364 368-386 390-411
___________________________________________________________________
2004-2006 жылдары салымшылар санының азаюы 2003 жылдан бастап Қор зейнетақы шартын жасаспай-ақ ("жанама" қор) бiрiншi рет аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын қабылдау мүмкiндiгiнен айрылуына байланысты, ондай салымшылар саны жыл сайын 250 000 - 350 000 құраған болатын.
Бекiтiлген саясатқа байланысты қорға қарқындылығы жағынан барынша шектеулi, оның өзiнде негiзiнен ақпараттық-түсiндiрмелi сипаттағы ғана жарнама жұмысын жүргiзу ұсынылды, ол қордың салымшыларының серпiндi жарнамалық позициялары есебінен жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң мемлекеттiк емес секторына жылыстауына әкеп соқтырады. Бұл қордың зейнетақы рыногындағы активтерінің (жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi зейнетақы активтерiнiң 25%-дайы) сомасымен қатар, салымшылар санының (жүйе салымшыларының 40%-дайы) салмақты үлесiнiң әлi де барынша сақталуымен iспеттес.
4.5. Қаржылық нәтижелер және бюджетпен қарым-қатынас
2004 жылы Қор 468,9 млн. теңге, 2005 жылы - 491,6 млн. теңге, 2006 жылы - 530,9 млн. теңге сомасына салықтар мен дивидендтер есептеудi жоспарлайды (15-кесте).
15-кесте
Бюджетке дивидендтер, салықтар мен басқа да
мiндеттi төлемдер төлеу
млн. теңге
____________________________________________________________________
| 2004 жыл | |
|______________________________| 2005 | 2006
Көрсеткiш атауы | 1 |1 жарты | 9 ай | жыл | жыл | жыл
|тоқсан | жылдық | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
Таза кiрiс (залал) 65,2 155,5 250,7 427,3 448,9 487,1
Дивидендтер 213,7 224,4 243,6
Корпоративтік
табыс салығы 40,0 70,0 110,0 183,1 192,4 208,8
Әлеуметтік 7,5 14,89 22,34 29,8 30,0 30,1
салық
Жеке табыс
салығы (төлем 8,9 18,24 28,62 37,0 39,0 41,0
көзiнен салық
салынатын
қызметкер кiрiсi)
Көлік құралдары
салығы 0,07 0,07 0,07 0,07 0,07 0,70
Мүлік салығы 0,4 0,88 1,31 2,7 2,7 2,7
Басқа салықтар
мен міндетті төлемдер 1,0 1,50 2,00 2,5 3,0 4,0
Барлығы 57,9 105,6 164,3 255,2 267,2 287,3
салықтар
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекіту жөнiндегі 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87 (ҚP Ұлттық Банкi Басқармасының 16.11.01 ж. N 434, 21.04.03 ж. N 134 қаулыларымен енгiзiлген өзгерiстерiмен қоса) қаулысымен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды өз бетінше жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларына, Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры соның бiрi болып табылады, пруденциалдық нормативтердiң орындалуы турасында талаптар бекiтiлдi. Негiзгi және резервтiк капиталды қалыптастыру талабы пруденциалдық нормативтердiң бiрi болып табылады. Жоғарыда айтылған қаулының 23-тармағына сәйкес негiзгi және қосымша резервтiк капитал таза пайдадан немесе құрылтайшылардың (акционерлердiң) қосымша жарнасынан қалыптасады. Осылайша, бар профицит негiзiнен резервтiк капиталды қалыптастыру бөлiгiнде меншiктi капиталды толықтыруға бағытталады.
2-БӨЛIМ. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры"
ЖАҚ-тың Инвестициялық даму жоспары Инвестициялық қызмет
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-тың инвестициялық стратегиясы зейнетақы салымдарын сақтау және инвестициялық кiрiс алуға бағытталатын болады. Салымдардың сенiмдiлiгi, тұрақтылығы және қауiпсiздiгiне жауапты қалыптасқан инвестициялар қоржыны қолданылатын болады. Инвестициялар қоржынын тиiмдi басқару тәуекелдiлiктi азайтуды және бәсекелестiк рыногына қатысты тиiстi кiрiстiлiк деңгейiн алуды қамтамасыз етедi.
Инвестициялық қоржын құнының бәсекелес өсiмiн қамтамасыз ететiн оңтайлы инвестициялық саясатты қамтамасыз ету үшiн төмендегiдей әрекеттер жүзеге асырылатын болады:
- уәкiлеттi орган зейнетақы активтерiн басқарушы ұйымдар үшiн бекiткен зейнетақы активтерiн инвестициялаудың әртараптандыру үлгiсiн сақтау;
- зейнетақы активтерi есебiнен инвестициялар қоржынын қайта қарау;
- кiрiс ақша ағындарын инвестициялау мен бағалы қағаздардан алынған кiрiстердi қайта инвестициялау және олардың айналым мерзiмiнiң басталуына байланысты қаржы құралдарын өтеу, бағалы қағаздармен сауда мәмiлелерiн және операцияларды арттыру арқылы инвестициялық басқарымдағы зейнетақы активтерiн белсендiрек басқару;
- инвестициялар қоржынын тиiмдi басқару, тәуекелдiлiк деңгейi мен кiрiстiлiк және Қордың жүргiзiп отырған инвестициялық саясатының баланстандырылған ара салмағы бойынша талаптарға сай, бағалы қағаздардың оңтайлы қоржынын қалыптастыру;
- кәсiби және сапалы инвестициялық менеджменттi жүзеге асыру.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның күшiне енуiне байланысты "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ үшiн зейнетақы активтерiн инвестициялау шарттары мен үлгiсi өзгердi, яғни зейнетақы активтерiн инвестициялау бойынша болып келген шектеулер азайтылды, активтердi Қазақстан Республикасымен қатар шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына, шетелдiк корпорациялардың "АА" және "А" рейтингтiк бағаға ие халықаралық бағалы қағаздарына, Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигацияларына, "Қазақстан даму банкi" ЖАҚ-тың облигацияларына инвестициялау мүмкiндiктерi кеңейдi. Осыған орай қалыптасқан инвестициялар қоржыны қайта қаралып, төмен табысты қаржы құралдарын басым табысты қаржы құралдарына қайта салу, соның арқасында инвестициялар қоржынының дюрациясын тиiмдiрек басқару үшiн ұзарту, қауiптi азайту мақсатында және активтер топтары бойынша тұрақты кiрiс алу жолымен оның құрылымы қайта қаралатын болады.
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ стратегиясына сәйкес зейнетақы активтерi инвестициялар қоржынының есептелген кiрiстiлiгiн инфляция деңгейiнен төмендетпеу, қоржынның жиынтық қаупiн азайту, осы мақсаттарға жету үшiн инвестициялар қоржынын қайта құру және зейнетақы активтерiн қаржы құралдарына төмендегi көрсеткiштерге сәйкес әртараптандыруды қамтамасыз ету болжанған:
- Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары - 35%-дан төмен емес;
- жергiлiктi атқарушы органдар шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары - 5%-дан артық емес;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, сондай-ақ уәкiлеттi органмен бекiтiлген екiншi деңгейдегi банктердегi салымдарға - 10%-дан артық емес;
- шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдарының "ААА" рейтингiлiк бағасынан кем емес бағалы қағаздары - 10%-дан артық емес;
- шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздары, шетелдiк мемлекеттердiң "АА" рейтингiлiк бағасынан кем емес бағалы қағаздары - 10%-дан артық емес;
- шетелдiк эмитенттердiң "А" рейтингiлiк бағасынан кем емес мемлекеттiк емес бағалы қағаздары - 10%-дан артық емес;
- "А" санаты бойынша ұйымдастырушының ресми тiзбесiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттiк емес эмиссиялы бағалы қағаздары - 50%-дан артық емес;
- Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары - 10%-дан артық емес;
- "Қазақстан Даму Банкi" ЖАҚ-тың облигациялары - 10%-дан артық емес.
Инвестициялық саясаттағы басым бағыт зейнетақы активтерiн жоғары рейтингілi бағалы қағаздарға орналастыру болып табылады. Бұл ретте жасалынған мәмiлелер және бағалы қағаздармен жасалған операциялар бойынша iшкi рынокпен қатар сыртқы қаржы рыноктарында белсендiлiк барынша сақталуы тиiс.
Инвестициялар қоржынын оңтайландыру үшiн баға және кiрiстiлiк қозғалысы серпiнiне, iшкi және сыртқы рыноктардағы макроэкономикалық көрсеткiштер мен рыноктар индекстерiне, әлемдегi экономикалық ахуалдың тұрақсыздығына сай тәуекелдiлiктiң төмендеуiне байланысты ахуалды есепке ала отырып және алға қойылған мiндеттерге қол жеткiзу үшiн:
1) инвестициялар қоржынын тиiмдi басқару мақсатында қаржы рыноктарын iргелi және техникалық талдау арқылы iшкi және сыртқы рыноктарды тұрақты бақылау;
2) инвестициялық менеджмент функцияларын айқын және сапалы түрде жүргiзу, дағдыланған инвестициялық саясатқа жүгiну және iске асыру, қаржылық талдау жасау, оңтайлы қоржын құру, эталон қоржынына қол жеткiзу үшiн қоржынды қайта қарау және қоржынның берiлген тәуекелдiлiк деңгейi мен кiрiстiлiгi бойынша тиiмдiлiк бағамын жүзеге асыру;
3) қаржы құралдары, қаржы рыногында жасалған мәмiлелер қимасында инвестициялар қоржынын талдау түпкілiктi нәтиженi, кiрiстілiк өзгерiсiн және оның мүмкiн болған ауытқуларын қадағалау, валюталық қауiпте азайту мақсатында инвестициялар қоржынындағы бағалы қағаздарды таңдау кезiнде түрлi валюталар түрлерiнiң ара салмағы мен серпiнiн қадағалау;
4) қаржы рыноктарындағы стратегияны жүзеге асыру үшiн инвестициялар қоржынын сатуға жататындар және өтелгенге дейiн ұсталынатындар етiп сыныптай отырып, санаттарға бөлу;
5) рыноктар қозғалысы және эмитенттердiң қаржылық жай-күйi туралы ақпараттарды ұлғайту, бағалы қағаздар рыногындағы әрекеттер бойынша оперативтiк және тиiмдi инвестициялық шешiмдер қабылдау үшiн Reuters, Bloomberg жүйелерi бойынша көрсетiлетiн ақпараттық құралдарға қосылу арқылы мемлекеттiк емес эмитенттер (резиденттер және бейрезиденттер) бойынша ақпараттық база құру;
6) инвестициялар қоржынын құру кезiнде активтер мен бағалы қағаздардың өтiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
7) рыноктық бағамы бойынша зейнетақы активтерiн сапалы және сенiмдi есептеудi жүзеге асыру, әдiл құны бойынша инвестициялар қоржынындағы қаржы құралдарын есептеу қажет.
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-тың қызметiн
қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялар
Ақпараттық технологиялар бөлiмiнде Қордың меншiктi қаражаттары есебiнен қаржыландырылатын, төмендегiдей компоненттерден тұратын Қордың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiн қалыптастыру бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланады:
1. Бағдарламалы-техникалық кешендi жаңғырту
2. Қолданбалы бағдарламалы қамтамасыз етудi кешендi жүйелi
талдау
3. Қордың бағдарламалық жағынан қамтамасыз етiлуiн жаңарту
1. Бағдарламалы-техникалық кешендi жаңғырту
1.1. Жинақтаушы зейнетақы реформасының қалыптасып, дамуының және 5 жылғы қызметiнiң нәтижесiнде Қорда бүгiнгi күнi 2 299 416 салымшы бар. Қордың инвестициялық басқармасындағы таза зейнетақы активтерiнiң көлемi 75 650 млн. теңгеге жеттi. Сонымен қатар өңделетiн ақпараттар көлемi де өстi. Егер 1999 жылы сақталатын ақпарат көлемi 19 Гбайт көлемiнде есептелген болса, 2003 жылы 100 Гбайт болды. Жаңа бағдарламалық өнiмдердi дайындап, енгiзуге, сақталатын ақпараттар көлемiнiң артуына байланысты серверлердiң жедел әрекетiне деген талаптар да артты.
"Деректер сақтау орны" бағдарламалық қамтамасыз етудi дайындау қаржы ақпараттарының әр түрлi қималары бойынша есептер алуға, талдамалы жұмыстардың мүмкiндiгiн арттыруға және зейнетақы активтерiн басқару бойынша негiзделген шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк бердi. Транзакциялардың көбеюi, ал күнiне олардың 40 мыңдайын өңдеу талап етілдi, сервердiң есептеу қуатын сервердiң аталған тұрпаты үшiн барынша мүмкiн қосымша процессорлар мен оперативті зерделер қондыру арқылы ең соңғы шегiне дейiн ұлғайтуға мәжбүр етті. Өңделетiн және сақталатын ақпараттардың көбеюiмен қатар серверлердiң өндiрiстiк қуатын көбейтудi талап ететiн бағдарламалық қамтамасыз етудiң атқарымдығы да артады.
Объективтi түрде зейнетақы жинақтарын төлеу және аудару операциялары да ұлғаюда. Қордың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң қызмет етуiне де жоғары талаптар қойды. Жұмыстағы сенiмдiлiк пен тұрақтылық Қордың техникалық қызметiнiң ең негiзгi мiндеттерi.
1.2. Қордың iркілiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудегi сындарлы бөлiмнiң бiрi деректер базасы серверi мен қосымшалар cepвepi. Олар ақпараттарды өңдеудегi негiзгi ұйытқы болып табылады, олардың тұрақты жұмысынан Қордың қалыпты қызмет етуi мүдделi. Қазiргi уақытта қолданылып жүрген серверлер өз ресурсын сарқыды, өйткенi 1999 жылдан берi жұмыс iстеп келедi. Олардың қай жағынан алғанда да тозғанын, оларды жаңғырту мүмкiндiгiнiң жоқ екендiгiн есепке ала отырып, Қор 2003 жылы оларды өнiмдiлiгi артығырақ, қазiргi барынша қуатты процессорлармен алмастыруды жоспарлайды. Үш сервер, олардың екеуi бiр кластерге бiрiктiрiлiп, алдағы 4 жылға Қордың тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн болады. Серверлердi жаңарту одан әрi ысыруға болмайтын негiзгi мiндеттердiң бiрi. Онымен қатар Қордың iркiлiссiз жұмыс iстеуiнiң негiзгi құрамдас бөлiгi - негiзгi сервердiң жанында орналасатын және оның жұмысын толықтай қосарлап отыратын сақтық серверiнiң болуы қажет. Ақпараттарды апаттардың немесе өрттiң (дүлей апаттардың) нәтижесiнде жоғалтып алу қаупi болғандықтан, Қор Астана қаласында сақтық қорын құруды ойластыруда. Жаңадан құрылатын сақтық орталығы үшiн деректер базасын басқару жүйесiне лицензиялар және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету жоспарланады. Сақтық серверiнiң репликациялар режимiнде жұмыс iстеуi телекоммуникация қызметiне кететiн шығын көлемiн ұлғайтады. Серверлер мен серверлiк жабдықтарды жаңғыртудан басқа ақпараттарды өңдеу технологияларын жетiлдiру және ақпараттық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру мақсатында Қор жоспарлы түрде компьютер қорын түгелдей жаңартуды күн тәртiбiне қоюда. Бұл жаңарту процесі бойынша жыл сайын 4 жылдан аса уақыт жұмыс iстеген компьютерлер қолданыстан алынатын болады. 2003 жылға жоспарланған сатып алу құны 116 млн. теңгенi құрайды (5-қосымша).
2. Қолданбалы бағдарламалы қамтамасыз етудi
кешендi жүйелi талдау
Қордың қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етiлуi эволюциялық жолмен бiрнеше жыл бойына жасалды. Тапсырыс берушiлер - Қордың құрылымдық бөлiмшелерi де, орындаушы - бағдарламаны дайындаушы коммерциялық фирма - Қазақстан Республикасының резидентi. Әрдайым қандай да бiр процестi автоматтандыру қажеттiлiгi туындаған сайын, техникалық тапсырма әзiрленiп отырды, соған сәйкес бағдарлама да дайындалды, яғни бағдарламалық қамтамасыз етудi құруда жүйелiлiк болған емес.
Мұндай тәсiлдеме сол кезеңде орын алған экономикалық ахуалмен толықтай ақталды: жеткiлiктi қаражат болған жоқ, ал қажет атқарымдығын түгел бiлетiн ешкiм болмады. Мұндай бiр iздi автоматтандырудың күдiксiз жайлы жақтары да бар: шағын қаражатқа Қордың қызметiн автоматтандыру жүзеге асырылды. Алайда белгiлi бiр даму кезеңiнде дайындалған бағдарламалық қамтамасыз ету Қордың қызметiндегi ең тар алаң бола бастайды. Жаңа функцияларды орындау күн сайын қиындай түседi, ал оның кейбiреулерi әзiрлену барысында ондай атқарымдық қаланбағандықтан, түбегейлi өзгерiстердi қажет етедi. Қазiргi уақытта Қор алдында бағдарламалық қамтамасыз етудi жаңарту - белгiлi және ең iрi бағдарлама дайындаушыдан қолданбалы бағдарламалық өнiмнiң дайын пакетiн (лицензиясын) сатып алу мiндетi тұр. Пакет параметрлерiн күйге келтiру арқылы қажеттi атқарымдық үлгiсiн құру, сондай-ақ пакеттi ойдағыдай (енгiзу аясында) пайдалану үшiн Қордың мамандарын дайындау талап етiледi. Қойылған мақсатты 2003 жылы орындау үшiн Қор тендермен таңдалып алынған IТ-технологиялары бойынша эксперт - фирманың көмегiмен Қордың қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн зерттеудi және жаңа бағдарламалық қамсыздандыру сатып алу жөнiнде ұсыныстар алуды жоспарлайды. Ұсыныстар жаңа бағдарламалық қамсыздандыру жеткiзетiн орындаушыны таңдау жөнiндегi конкурстық құжаттамаларда бейнеленетiн болады. 2003 жылға жоспарланған жалпы сатып алу құны 3 млн. теңгенi құрайды (5-қосымша).
3. Қордың бағдарламалы қамтамасыз етiлуiн жаңарту
Бiрiктiрiлген ақпараттық жүйенi сатып алу конкурсын жүргiзу 2004 жылға жоспарланған, ал оны енгiзу - 2004-2005 жылдары жүзеге асырылады. Бiркелкi әдiстемелiк, бағдарламалық және тұжырымдамалық позициялардан бiрiктiрiлген ақпараттық жүйенi енгiзу бiрден бiрнеше талаптарды шешедi:
Қордың бизнес-процессорлары әртүрлi бағдарламалармен және жүйелермен дайындалған және оларды бiрiктiру процесi бiраз уақытты және қаржы ресурстарын талап ететiндiктен, "құрақталған" бағдарламалық қамтамасыз етудi жеңiп шығу;
онымен қатар халықаралық қаржы есептемелерi стандартына көшу мәселесi шешiледi;
Заңға енгiзiлген өзгерiстер жедел бағдарламалық пысықтауларды қажет ететiн сәтте, Қор "қуғыншының" ролiнде болуды доғарады. Өзгерiстер енгiзу қажет жағдайда, қате жiберу мүмкiндiгiн барынша азайтып, тиiстi параметрлердi бағдарламалық кодты жазбай-ақ, дәлдеу қажет болады.
Ақпараттық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру;
Жаңа ақпараттық технологияларды, оның iшiнде Интернет-технологияларын пайдалану.
2004-2006 жылдары жоспарланып отырған жалпы сату құны 385 млн. теңгенi құрайды (5-қосымша).
Қордың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiн құру турасындағы инвестициялық жоба зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша мiндеттердi автоматтандыру, қауiптi басқару жүйесiн енгiзу, ақпараттың сақталуы және салымшылардың зейнетақы жинақтарының есебiн жүргiзу ақпараттық қауiпсiздiк және Қор қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз етудi кешендi шешуге бағытталған.
Көрсетiлген бiрiктiрілген ақпараттық жүйе Қор жұмысының деңгейiн арттыру және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын iске асыру мақсатында зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша халықаралық стандарттар, қаржылық есептеменiң халықаралық стандарттары, сондай-ақ ISO 9001:2000 сапа менеджмент жүйесiнiң халықаралық стандарттары негiзiнде құрылған.
1-қосымша
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-тың 2004-2006
жылдарға арналған маңызды даму көрсеткіштерінің болжамы
1 НК нысаны
____________________________________________________________________
N | Көрсеткіштер | Өлшем |2002 ж.| 2003 ж. | 2002 ж.
| | бірлігі|_________________| 2003 ж. %
| | | есеп | барлығы |
____________________________________________________________________
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4
____________________________________________________________________
1. Өндірілген өнім
(жұмыс, қызметтер саны/құны
көрсету) көлемі -
барлығы:
1.1 оның ішінде түрлер
бойынша -
2. Экспорт, барлығы: -
2.1 оның ішінде ТМД
елдері -
2.2 алыс шетел -
2.3 өнім түрлері бойынша: -
3. Импорт барлығы:
3.1 оның ішінде ТМД
елдері -
3.2 алыс шетел -
3.3 өнім түрлері бойынша: -
4. Барлық қаржы көзі
есебінен негізгі
капиталға инвестиция.
лау - барлығы: млн.
теңге
4.1 қарыз қаражаты
есебінен -
4.1.1 оның ішінде мемлекет.
тік бюджет қаражаты
есебінен -
4.2 меншікті қаражат
есебінен - 9.71 118.42 1219.81
5. Кіріс, барлығы - 1230.27 1341.40 109.03
6. Шығыс, барлығы - 497.21 644.88 129.70
7. Негізгі қызмет кірісі - 1177.64 1267.00 107.59
8. Өткізілген дайын
өнімнің (тауар,
жұмыс, қызмет)
өзіндік құны: -
9. Жалпы кіріс -
10. Мерзім шығысы, барлығы - 497.21 644.88 129.70
10.1 жалпы және әкімшілік
шығысы - 497.21 644.88 129.70
10.2 өткізілген дайын өнім
(тауар, жұмыс, қызмет)
шығысы -
10.3 сыйақы түріндегі шығыс -
11. салық салынатын кіріс - 733.06 696.52 95.02
12. Корпоративтік табыс
салығы - 227.01 208.96 92.05
13. Таза кіріс (залал) - 506.04 487.56 96.35
14. Дивидендтер, барлығы - 253.02 243.78 96.35
14.1 оның ішінде мемлекеттік млн.
акциялар пакеті теңге 253.02 243.78 96.35
15. Пайдадан аударым
нормативтері* %
16. Қызмет пайдалылығы -
17. Материалдық емес
активтер мен негізгі
құрал-жабдықтар
амортизациясының млн.
шығыны теңге 38.10 46.51 122.07
18. Компанияның қызмет.
керлер саны, барлығы адам 172 194 112.79
18.1 Орталық аппарат
қызметкерлерінің саны - 106 134 126.42
19. Жалақы қоры млн.
теңге 147.09 218.00 148.21
20. Компаниялардағы
қызметкердің орташа мың
айлық жалақысы теңге 71.27 93.64 131.40
20.1 оның ішінде, орталық
аппарат қызметкер. мың
лерінің теңге 73.39 95.14 129.64
21 Өнім (жұмыс, қызмет) мың
бірлігінің тарифі теңге
(бағасы) бірлік
үшін
21.1 алдыңғы кезеңге
қарағанда тарифтің
(бағаның) өзгеруі %
22. Несиегерлік берешек млн.
теңге 339.34 190.31 56.08
23. Дебиторлық берешек - 128.02 93.79 73.26
____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
N | 2004 ж. | 2005 ж. | 2006 ж. | 2006 ж. % | 2006 ж. %
|--------------------------------| 2002 ж. | 2003 ж.
| болжам | болжам | болжам | |
____________________________________________________________________
1 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9
____________________________________________________________________
1.
1.1.
2
2.1
2.2
2.3
3
3.1
3.2
3.3
4
4.1
4.1.1
4.2 200.2 92.4 92.4 951.83 78.03
5. 1349.47 1416.94 1508.86 122.64 112.48
6. 739.04 775.73 812.97 163.51 126.07
7. 1268.00 1316.66 1454.35 123.50 114.79
8.
9.
10. 739.04 775.73 812.97 163.51 126.07
10.1 739.04 775.73 812.97 163.51 126.07
10.2
10.3
11. 610.43 641.21 695.89 94.93 99.91
12. 183.13 192.36 208.77 91.96 99.91
13. 427.30 448.85 487.12 96.26 99.91
14. 213.65 224.42 243.56 96.26 99.91
14.1 213.65 224.42 243.56 96.26 99.91
15.
16.
17. 81.22 82.84 85.32 223.95 183.47
18. 212 212 212 123.26 109.28
18.1 134 134 134 126.42 100.00
19 221.13 221.63 221.83 150.81 101.76
20 86.92 87.12 87.20 122.36 93.12
20.1 88.40 89.00 89.50 121.95 94.07
21
21.1
22 171.28 159.29 140.00 41.26 73.56
23 84.41 78.50 69.00 53.90 73.57
____________________________________________________________________
2-қосымша
"Мемлекеттiк жинақтаушы Зейнетақы қоры" ЖАҚ-тың
2004 жылға арналған кiрiс және шығыс болжамы
2 HК нысаны
млн. теңге
____________________________________________________________________
| | | | 2004 ж. (болжам)
N | Көрсеткiштер атауы | 2002 ж.| 2003 ж.|_______________________
| | есеп | бағам |1 тоқсан | 1 жарты
| | | | | жылдық
____________________________________________________________________
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4
____________________________________________________________________
1 Негізгі қызмет кірісі 1177,64 1267,00 270,00 550,00
2 Өткiзiлген дайын
өнiмнiң (тауар, жұмыс,
қызмет) өзiндiк құны:
3 Жалпы кіріс (1-2 бет) 1177,64 1267,00 270,00 550,00
4 Мерзiм шығысы,
оның iшiнде 497.21 644.88 184.76 369.52
4.1 жалпы және әкімшілік
шығысы 497.21 644.68 184.76 369.52
4.2 өткiзiлген дайын
өнiм (тауар, жұмыс,
қызмет) шығысы
4.3 сыйақы түрiндегi шығыс
5 Негiзгі қызмет кiрісі
(залал) (3-4 бет) 660.43 622.12 65.24 180.48
6 Қосымша қызмет кiрiсі
(залал) 52.63 74.40 20.00 46.00
7 Кәдуiлгі қызметтен
салық салғанға дейiн
түскен кiрiс (залал)
(5 +(-) 6 бет) 733.06 696.52 105.24 225.48
8 Корпоративтiк табыс
салығы 227.1 208.96 40.00 70.00
9 Кәдуiлгi қызметтен
салық салғаннан
кейiнгі кiрiс
(залал) (7-8 бет) 506.04 487.56 65.24 155.48
10 Төтенше жағдайлар
мен тоқтатылған
операциялар кiрiсі
(залал)
11 Таза кiрiс (залал) 506.04 487.56 65.24 155.48
(9+(-) 10-бет)
___________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
_________________________________________________________
N | 2004 ж. (болжам) | 2003 ж. | 2004 ж.
|-----------------------| 2002 ж. % | 2003 ж. %
| 9 ай | жыл | |
_________________________________________________________
1 | 5 | 6 | 7 | 8
_________________________________________________________
1 850,00 1268,00 107,59 100,08
2
3 850,00 1268,00 107,59 100,08
4 554,28 739,04 129,70 114,60
4.1. 554,28 739,04 129,70 114,60
4.2.
4.3.
5 295,72 528,96 91,43 85,03
6 65,00 81,47 141,37 109,50
7 360,72 610,43 95,02 87,64
8 110,00 183,13 92,05 87,64
9 250,72 427,30 96,35 87,64
10
11 250,72 427,30 96,35 87,64
_________________________________________________________
3-қосымша
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-тың
2004 жылға арналған ақша ағыны қозғалысының болжамы
3 НК нысаны
млн. теңге
____________________________________________________________________
| | | | 2004 ж. (болжам)
N | Көрсеткiштер атауы | 2002 ж. | 2003 ж.|_____________________
| | есеп | бағам |1 тоқсан | 1 жарты
| | | | | жылдық
____________________________________________________________________
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4
____________________________________________________________________
1 Ақша түсiмі: 1,168.94 1,318.57 257.20 640.30
І.1 өткізілген дайын
өнімнің (тауар,
жұмыс, қызмет)
өзіндік құны: 1164,55 1295.60 250.00 630.00
1.2 алынған аванстар
1.3 сыйақылар 3.10 12.51 2.20 3.30
1.4 дивидендтер
1.5 роялти
1.6 басқалай түсімдер 1.29 10.46 5.00 7.00
І.2. Ақшаның шығуы 681.16 875.31 271.40 449.20
2.1 өнiм берушiлер мен
мердiгерлер шоттары
бойынша 216.70 228.60 179.00 250.00
2.2 берiлген аванстар 125.99
2.3 жалақы бойынша 112.93 197.29 47.00 97.00
2.4 әлеуметтік қамсыз.
дандыру және
зейнетақымен қамсыз.
дандыру қорларына 11.94 14.27 4.40 9.20
2.5 салық бойынша 332.96 244.41 35.00 80.00
2.6 сыйақылар төлемі
2.7 басқалай төлемдер 6.64 64.85 6.00 13.00
І.3. Операциялық қызмет
нәтижесінде ақшаның
артуы (+)/кемуі (-) 487.77 443.26 -14.20 191.10
ІІ Инвестициялық қызмет.
тен түскен ақша
қозғалысы
ІІ.1 Ақша түсiмi: 1,053.21 4,043.12 280.00 500.00
1.1 материалдық емес
активтердің шығуынан
түскен кiрiс
1.2 негізгi құрал-жабдық.
тың шығуынан түскен
кiрiс
1.3 басқа да ұзақ
мерзiмдi активтердiң
шығуынан түскен кiріс
1.4 қаржы инвестицияла.
рының шығуынан
түскен кiрiс 1.053.21 4,043.12 280.00 500.00
1.5 басқа заңды
тұлғаларға берілген
қарыздан алынған
кіpic
1.6 басқалай түсiмдер
ІІ.2 Ақшаның шығуы 1,680.64 4,175.66 290.00 375.00
2.1 материалдық емес
активтер сатып алу 10.49 9.49 10.00 10.00
2.2 негiзгi құрал-
жабдықтар сатып алу 20.09 39.17 10.00 25.00
2.3 басқа да ұзақ
мерзiмді активтерді
сатып алу
2.4 қаржы инвестицияла.
рын сатып алу 1,650.07 4,127.01 270.00 340.00
2.5 басқа заңды тұлға.
ларға қарыз беру
2.6 басқалай төлемдер
II.3. Инвестициялық қызмет
нәтижесiнде ақшаның
артуы (+)/кемуi (-) -627.43 -132.54 -10.00 125.00
III. Қаржылық қызметтен
түскен ақша қозғалысы
III.1. Ақша түсiмi:
1.1 акциялар және басқа
бағалы қағаздар
шығарудан
1.2 банкіден қарыз алу
1.3 басқалай түсімдер
ІІІ.2. Ақшаның шығуы 176.15 253.02 0.00 243.78
2.1 банкілердiң қарыз.
дарын өтеу
2.2 меншiктi акциялар
сатып алу
2.3 дивидендтер төлеу 176.15 253.02 243.78
2.4 басқалай төлемдер
ІII.3. Қаржы қызметi
нәтижесiнде
ақшаның артуы (+)/
кемуi (-) -176.151 -253.02 0.00 -243.78
БАРЛЫҒЫ: Ақшаның
артуы (+)/кемуi (-) -315.80 57.70 -24.20 72.32
Мерзім басындағы ақша 345.32 29.52 87.22 63.02
Мерзім аяғындағы ақша 29.52 87.22 63.02 135.34
____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
_________________________________________________
N | 2004 ж. (болжам) | 2002 ж. | 2003 ж.
|-------------------| 2003 ж. %| 2004 ж. %
| 9 ай | жыл | |
_________________________________________________
А | 5 | 6 | 7 | 8
_________________________________________________
I.
I.1 1113,70 1293,60 112,80 98,11
1.1 1100,00 1270,00 111,25 98,02
1.2
1.3 4,70 12,70 403,49 101,53
1.4
1.5
1.6 9,00 10,90 810,12 104,22
I.2. 590,40 859,00 128,50 98,14
2.1 300,00 320,00 105,44 140,04
2.2
2.3 152,00 200,00 174,70 101,38
2.4 13,40 14,00 119,51 98,13
2.5 105,00 255,00 73,41 104,33
2.6
2.7 20,00 70,00 976,93 407,94
I.3. 523,30 434,60 90,87 98,05
II.
II.1. 750,00 1700,00 383,88 42,05
1.1
1.2
1.3
1.4 750,00 1700,00 383,88 42,05
1.5
1.6
II.2. 845.00 1,920.00 248.46 45.98
2.1 10.00 10.00 90.50 105.36
2.2 35.00 50.00 194.99 127.66
2.3
2.4 800.00 1,860.00 250.11 45.07
2.5
2.6
II.3. -95.00 -220.00 21.12 165.99
III.
III.1.
1.1
1.2
1.3
III.2. 243.78 243.78 143.64 96.35
2.1
2.2
2.3 243.78 243.78 143.64 96.35
2.4
III.3. -243.78 -243.78 143.64 96.35
Барлығы: 184.52 -29.18 -18.27 -50.58
Мерзім
басындағы 135.34 87.22 8.55 295.45
ақша
Мерзім
аяғындағы 319.85 58.04 295.45 66.54
ақша
___________________________________________________________________
*аудару бойынша
4-қосымша
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-тың
2004 жылға арналған шығыс болжамы
4 НК нысаны
млн. теңге
____________________________________________________________________
| | | | 2004 ж. (болжам)
N | Көрсеткiштер атауы | 2002 ж. | 2003 ж.|_____________________
| | есеп | бағам |1 тоқсан | 1 жарты
| | | | | жылдық
____________________________________________________________________
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4
____________________________________________________________________
Барлығы 497,21 700,08 184,76 369,52
1 Жалпы және әкімшілік
шығыс, барлығы 497,21 700,08 184,76 369,52
1.1 Материалдар
1.2 қызметкер еңбегіне
ақы төлеу 147,09 218,00 55,28 110,57
1.3 Жалақыдан аударым 27,25 41,09 7,45 14,89
1.4 Негiзгi құрал-жабдық.
тар мен материалдық
емec активтердiң
амортизациясы 38.10 46.51 20.30 40.61
1.5 Негiзгі құрал-жабдық.
тар мен материалдық
емес активтерге
қызмет көрсету және
жөндеу 5.93 17.10 5.14 10.27
1.6 Коммуналдық шығыс 3.13 3.28 1.17 2.35
1.7 Іссапарлар шығысы,
барлығы 3.16 2.61 0.61 1.21
1.7.1 белгiленген мөлшер
аясында 3.16 2.61 0.61 1.21
1.7.2 мөлшерден жоғары
1.8 Өкілдік шығыс 0.01 0.02 0.00 0.01
1.9 Қызметкерлердiң
бiліктiлігiн
арттыру шығысы 1.58 7.04 1.66 3.32
1.10 Директорлар кеңесін
ұстау шығысы
1.11 Салық шығыстары 2.77 3.59 1.31 2.63
1.12 Кеңсе және типогра.
фиялық жұмыстар 11.46 14.25 2.88 5.76
1.13 Байланыс қызметi 50.57 75.34 21.46 42.92
1.14 Күзет шығысы 4.02 4.48 1.31 2.61
1.15 Кеңес беру (аудит)
және ақпараттық
қызмет 37.96 35.45 11.47 22.94
1.16 Банк қызметі 63.77 83.08 29.05 58.10
1.17 Сақтандыру шығысы 0.37 0.27 0.55
1.18 Сот шығыны
1.19 Келiсiм шарттарын
бұзғаны үшiн айыппұл,
өсiмпұл және тұрақ.
сыздық төлемі
1.20 Табысты жасырғаны
(кемітiп көрсеткенi)
үшiн айыппұл, өсiмпұл
1.21 Ұрлық залалы, мөлшер.
ден тыс ысырап, бұзылу,
ТМҚ жетіспеуі
1.22 Аренда шығысы 8.32 27.66 7.18 14.36
1.23 Әлеуметтiк сала шығысы
1.24 Күмәндi талаптар
бойынша резерв құру
шығысы
1.25 Мерекелік, жалпы-
мәдени, спорттық
шаралар жүргізу 3.58 0.48 0.96
1.26 Қайырымдылық көмек
1.27 Басқа да шығыстар 92.10 116.44 17.74 35.47
2 Дайын өнiмдi
(тауар, жұмыс,
қызмет) өткiзу
шығысы, барлығы
2.1 Материалдар
2.2 Қызметкерлер
еңбегіне ақы төлеу
2.3 Жалақыдан аударым
2.4 Негізгі құрал-жабдық.
тар мен материалдық
емес активтердің
амортизациясы
2.5 Негізгі құрал-
жабдықтар мен
материалдық емес
активтерге қызмет
көрсету және жөндеу
2.6 Коммуналдық шығыс
2.7 Іссапарлар шығысы,
барлығы
2.7.1 белгіленген мөлшер
аясында
2.7.2 мөлшерден жоғары
2.8 Тиеу, тасымалдау
және сақтау шығысы
2.9 Жарнама мен маркетинг
шығысы
2.10 Аренда шығысы
2.11 Әлеуметтік сала
шығысы
2.12 Басқа да шығыстар
3 Сыйақы түріндегі
шығыс, барлығы
3.1 Банк қарызы бойынша
3.2 Өнiм берушiлер
қарызы бойынша сыйақы
(процент) шығысы
3.3 Аренда бойынша сыйақы
(процент) шығысы
3.4 Басқалай шығыс*
___________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
_________________________________________________
N | 2004 ж. (болжам) | 2002 ж. |2003 ж.
|-------------------| 2003 ж. %|2004 ж. %
| 9 ай | жыл | |
_________________________________________________
А | 5 | 6 | 7 | 8
_________________________________________________
Барлығы 554,28 739,04 140,80 105,57
1 554,28 739,04 140,80 105,57
1.1
1.2 165,85 221,13 148,21 101,44
1.3 22,34 29,79 150,77 72,49
1.4 60,91 81,22 122,07 174,63
1.5 15,41 20,54 288,39 120,15
1.6 3,52 4,70 104,53 143,41
1.7 1,82 2,43 82,72 92,92
1.7.1 1,82 2,43 82,72 92,92
1.7.2
1.8 0,01 0,02 170,00 100,00
1.9. 4,97 6,63 446,01 94,25
1.10
1.11 3,94 5,26 129,84 146,38
1.12 8,65 11,53 124,34 80,89
1.13 64,38 85,84 149,00 113,94
1.14 3,92 5,23 111,33 116,63
1.15 34,41 45,88 93,38 129,42
1.16 87,15 116,20 130,29 139,86
1.17 0,82 1,10 298,75
1.18
1.19
1.20
1.21
1.22 21.53 28.71 335.03 103.06
1.23
1.24
1.25 1.44 1.92 53.60
1.26
1.27 53.21 70.94 126.43 60.92
2
2.1
2.2
2.3
2.4
2.5
2.6
2.7
2.7.1
2.7.2
2.8
2.9
2.10
2.11
2.12
3
3.1
3.2
3.3
3.4*
_____________________________________________
* жиынтық шығыстан 10% асқанда негiздеме болуы қажет
5-қосымша
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-тың iске асырылуы
2004-2006 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалар тiзбесi
5 HК нысаны
млн. теңге
___________________________________________________________________
N | Жоба атауы | Іске асыру | Жалпы | Қаржыландыру
Р/н | | мерзімі | құны | көзі
___________________________________________________________________
1 Бiрiктiрiлген ақпараттық Қордың меншікті
жүйе құру 2003-2006 503.4 қаражаттары
жыл есебiнен
1. Бағдарламалық Қордың меншікті
техникалық кешенді қаражаттары
жаңғырту 115.6 есебiнен
2. Қолданбалы Қордың меншікті
бағдарламалық қаражаттары
қамсыздандыруды 2.8 есебiнен
кешенді жүйелі талдау
3. Қордың бағдарламалық Қордың меншiктi
қамсыздандырылуын қаражаттары
жаңарту 385.0 есебiнен
___________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
N | Жоба атауы | жылдар бойынша қаржыландыру |
Р/н | |_____________________________________|01.01.07ж.
| |01.01.04ж.|2004 жыл|2005 жыл|2006 жыл| Қалдық
| |_____________________________________|
| |игерілгені|(болжам)|(болжам)|(болжам)|
____________________________________________________________________
1 Бiрiктiрiлген
ақпараттық
жүйе құру 118.4 200.2 92.4 92.4
1. Бағдарламалық
техникалық
көшенді жаңғырту 115.6
2. Қолданбалы
бағдарламалық
қамсыздандыруды
кешенді жүйелі
талдау 2.8
3. Қордың
бағдарламалық
қамсыздандырылуын
жаңарту 200.2 92.4 92.4
____________________________________________________________________