Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 қарашадағы N 1173 қаулысына өзгерiс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 351 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен SOS балалар ауылдарын құру жөнiндегi "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" халықаралық қоғамы арасында шарт жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 қарашадағы N 1173 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" SOS балалар ауылдарын құру жөнiндегi халықаралық қоғам арасындағы шарттың жобасында:
      2.5-тармақтағы "жеке табыс салығын қоспағанда," деген сөздер алынып тасталып, "төлемдерден" деген сөз "төлемдерден, оның iшiнде жеке табыс салығынан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады