"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кеменiң немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркеу мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 355 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне кеменiң
немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу
мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне  (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат):
      1) 61-бап мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
      "14. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшiн алым.";
      2) мынадай мазмұндағы 80-1-тараумен толықтырылсын:
      "80-1-тарау. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшін алым
      444-1-бап. Жалпы ережелер
      1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу үшiн алым (бұдан әрi - алым) кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеген кезде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде алынады.
      2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда көлiк саласындағы уәкiлетті орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
      444-2-бап. Алым төлеушiлер
      Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотека шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
      444-3-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртiбi
      1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттар берiлгенге дейiн төленедi.
      2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
      3. Алымды төлеген тұлғалардың тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларын қоспағанда, төленген алым сомасын қайтару жүргізiлмейдi.
      Бұл ретте қайтару көрсетілген тұлғаның тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға құжаттарын тапсырмағанын растайтын тиiсті тiркеу органы берген құжатты төлеушi тапсырғаннан кейiн жүргiзiледi.".

      2. "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 ж. 1 сәуiрдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 7, 225-құжат; N 20, 731-құжат; N 21, 783-құжат; N 23, 916, 928, 930-құжаттар; 2000 ж., N 21, 395-құжат; 2001 ж., N 1, 6-құжат; N 10, 123-құжат; N 23, 310-құжат; 2002 ж., N 18, 160-құжат; 2003 ж., N 14, 100-құжат):
      7-баптың 1-тармағының а) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшiн алым;".

      3. "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат):
      1) 209-баптың 1-тармағындағы "тiркелуге" деген сөз "мемлекеттiк тiркелуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 211-баптың атауындағы "тіркеу" деген сөз "мемлекеттiк тiркеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 212-баптағы:
      атауындағы, 1-тармақтағы, 2-тармақтың бірінші бөлігінің және екінші бөлігінің абзацындағы, 4 және 8-тармақтардағы "тіркеудің", "тіркегеннен кейін", "тіркеу", "тіркеген кезде" деген сөздер "мемлекеттік тіркеудің", "мемлекеттік тіркегеннен кейін", "мемлекеттік тіркеу", "мемлекеттік тіркеген кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "оны тіркеуден", "тіркеу талаптарына" деген сөздер тиісінше "оны мемлекеттік тіркеуден", "мемлекеттік тіркеу талаптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "тіркеу туралы куәлік" деген сөздер "мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тіркеу үшін алым Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады.";
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тіркеу туралы ақпарат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";
      4) 214-баптың 1-тармағындағы "тіркелген" деген сөз "мемлекеттік тіркелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 217-баптың атауындағы және 1-тармағындағы "тiркеудiң", "тiркеу" деген сөздер "мемлекеттік тiркеудiң", "мемлекеттік тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады