Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1956 және 2001 жылғы 16 наурыздағы N 353 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 387 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзірлеу, жасау және дамыту" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1956  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 629-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзірлеу, жасау және дамыту" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасында:
      "Бағдарлама төлқұжаты" деген 1-бөлімде:
      "Қаржыландыру көлемі мен көздері" деген абзацта:
      "690,0" сандар "727,7" деген сандармен ауыстырылсын;
      "2004 жылға - 140 млн. теңге; 2005 жылға - 140 млн. теңге" деген сөздер "2004 жылға - 155 млн.теңге; 2005 жылға - 162,7 млн.теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері" деген 6-бөлімде:
      екінші абзацта:
      "690,0" деген сандар "727,7" деген сандармен ауыстырылсын;
      "2004 жылға - 140 млн. теңге; 2005 жылға - 140 млн. теңге" деген сөздер "2004 жылға - 155 млн. теңге; 2005 жылға - 162,7 млн. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзірлеудің, жасаудың және дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      реттік нөмірі 4-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2001-2005 жылдарға арналған қаржыландыру көлемі 727,7 млн. теңге бюджет қаражаты, оның ішінде жылдар бойынша: 2001 жылға - 130 млн.теңге; 2002 жылға - 140 млн. теңге; 2003 жылға - 140 млн. теңге; 2004 жылға - 155 млн. теңге; 2005 жылға - 162,7 млн. теңге.";
      2)  Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381 Қаулысымен.

        2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады